Ата-аналар жиналысының хаттамасы

  • Жүктеулер: 1439
  • Көрсетілім: 57096
  • Ата-аналармен жұмыс
  • 17/Фев/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 16353


Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 1

2012-2013 оқу жылының 2013жылдың_14_қыркүйек күні, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 2 «б» сыныбында өтті.

Жиналысқа қатысуға тиісті: ...30...

Қатысқаны – 27

Қатыспағаны – 3

Себептісі – 3

Сынып жетекшісі: ШахшаеваЛ.Н.

Тақырыбы

«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы »

Мақсаты:

  1. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
  2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
  3. Ата-аналар комитетін сайлау

Күн тәртібінде:

1.Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және

мектеппен байланысы »

2. Ата-аналар комитетін сайлау

3. Ағымдағы мәселелер.

 

Тыңдалды:

1.Мәселе

Баяндама «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және мектеппен байланысы»

“Отбасы –шағын мемлекет

Мен-президент, сен-премьер...”

Қ. Аманжолов

Отбасы- ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі, өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, басқару тәртібі, міндет-қызмет бөлінісі, кіріс- шығыс бюджеті, қасиеттеп, қастерлеп ұстанатын рәміздері т.б болмыс-тіршілік жақтары болады. Адамдардың жақсы өмір сүруі отбасы құрамындағыларға байланысты. Сондықтан отбасы құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерінің бір-біріне адал, қамқор болуына тәрбиелеген.

Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.

Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды:

адамгершілік

бауырмалдық

татулық

қайырымдылық

әдептілік

инабаттылық

өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызу

оның үйренуіне көмектесу

берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулын төзімділікпен бақылау істеген ісін ұқыпты , тындырымды орындауына бағыт беру

жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіру

Балаға теріс әсер етеді:

Жанұядағы жанжал,

үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы,

баланың көзінше басқа біреуді сөгуі,

біреудің сыртынан өсек айтуы

балалардың көзінше арақ ішу,

үсті-үстіне темекі тарту т.б.

«Балаңда өсер, көкейіңді тесер»

Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады

Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады.

Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.

Сондықтан

Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту,

тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру,

табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту,

сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру

дұрыс білім алуына жағдай жасау

Ата-анаға берілетін кеңес:

  1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
  2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
  3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
  4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
  5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
  6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.

Ой толғанысы ...

1. Егер баланы үнемі сынап отырса, оқуға құлқы болмайды
Балаға үнемі күлсе, бұйығы болып өседі
Баланы қолдап отырса, білімге деген ынтасы артады

2. Балаға сенім артса, ол батыл болады
Бала төзімділікте өссе, адал болып жетіледі
Бала қауіпсіз жағдайда өссе, ол адамға сеніммен қарайды

3 Бала кекшілдікте өссе, ол қатыгез болып өседі
Бала адалдықта өссе, әділ болып жетіледі
Бала түсіністікте және сүйіспеншлікте өссе, бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді.

Баяндама бойынша оқушының талаптары, ережесі, оқу-құралдары, мектеп, ата-ана арасындағы байланыс, түсіністік ортақ нәтиже туралы құнды ой-пікірлер айтылды, қоштайтындығын білдірді.

2- мәселе

2.Ата-аналар комитетін сайлау

Жарыссөзге қатысқандар:

Ата-аналар комитетінің құрамына

Жанетова Асыл

Султанова Гулмира

Тасқымбаева Самал

Исмагулова Айнагул

Самаликова Сая

Ата-аналар комитетінің басшысы -Жанетова Асыл

3- мәселе

Сынып жетекшісі Лиза Нагимбековна Шахшаева оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.

а) мекенжай, ата-ананың қызмет орны;

ә) оқушы денсаулығы;

б) оқушы формасы;

4- мәселе

а) екінші аяқ киімді тастамау, дене шынықтыру киімін өздерімен алып келу

ә) әдеби кітапшалар алып беру (сабақ алдында 2-3 минуттық оқу)

Қаулы :

Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:

  1. «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты баяндама тыңдалды.
  2. .Ата-аналар комитетін сайланды

Ата-аналар комитетінің құрамына

Жанетова Асыл

Султанова Гулмира

Тасқымбаева Самал

Исмагулова Айнагул

Самаликова Сая

Ата-аналар комитетінің төрайымы -Жанетова Асыл сайлансын

3. Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.

Ата-аналар жиналысының төрайымы: ШахшаеваЛ.Н.

Ата-аналар жиналысының хатшысы: Жанетова Асыл

Ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

2012-2013 оқу жылының _2013жылдың_16 қараша күні, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 2 «б» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысқа қатысуға тиісті: ...30...

Қатысқаны – 28

Қатыспағаны – 2

Себептісі – 1

Сынып жетекшісі: ШахшаеваЛ.Н.

 

Тақырыбы: Баланың бас ұстазы- ата ана

Мақсаты:1. Ата - ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ – жауап

 

Күн тәртібінде:

1.Баяндама « Баланың бас ұстазы- ата ана»

2.Екінші оқу тоқсанының қорытындысы

3. Ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі

Шаханова Ақмарал Кикбаевна , Джаркенова Алия Талаповна

Жиналыс барысы
1. Кіріспе:
2. Жиналыс мақсатын айту
Кіріспе сөз. Мұғалім:
Ардақты ата - аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала - ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
3. Қызығушылығын ояту.

 

  • - аналар бір біріне жүрекше сыйлау арқылы ыстық лебізін білдіреді.
    4. Баяндама. Баланың бас ұстазы- ата ана

Құрметті ата - аналар ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық - қатыгездікке, жомарттық - тоғышарлыққа, адалдық - арамдыққа, парасаттылық - парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл - қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

2-мәселе бойынша екінші оқу тоқсанының қорытындысы

Екінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша сапа 76%

Оқу озаты -2.

Молдашев Мұхамед,

Тлеулес Айбану.

Екпінділер-21.

«3» бағамен 7 оқушы.

Амангелді Дария

Дуйсенбай Ділназ

Джексенова Инкар

Инамат Хасан

Набиш Бексұлтан

Сабурова Меруерт

Сабурова Меруерт

 

3 -мәселе бойынша ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі туралы ағылшын тілі пәні мұғалімдері Шаханова Ақмарал Кикбаевна мен Джаркенова Алия Талаповнаға ата-аналар сұрақтарын қойып,толымды жауап алды.

Қаулы :

Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:

  1. «Баланың бас ұстазы- ата ана» атты баяндама тыңдалды.
  2. Екінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша табельдерге қол қойылып,балалардың сабағын үздіксіз қадағалау .

3. Ағылшын тілі пәні оқулығы мен тапсырмалар деңгейі таныстырылды

 

Ата-аналар жиналысының төрайымы: ШахшаеваЛ.Н.

Ата-аналар жиналысының хатшысы: Жанетова Асыл

Ата-аналар жиналысының хаттамасы № 3

2012-2013 оқу жылының 2014жылдың_18 қаңтар күні, ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның 2 «б» сыныбында өтті.

Жиналысқа қатысуға тиісті: ...30...

Қатысқаны – 26

Қатыспағаны – 4

Себептісі – 3

Сынып жетекшісі: ШахшаеваЛ.Н.

Тақырыбы

« Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»

Мақсаты:

  1. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
  2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

Күн тәртібінде:

1.Баяндама « Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»

2. Екінші оқу тоқсанының қорытындысы

3.Ағымдағы мәселелер

Тыңдалды:

1.Мәселе

Баяндама « Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»

Мақсаты: әлпештеген әке мен аялаған ана арқылы өрбіген туыстар сыйластығы, жанұядағы үлгі тұтар ата - ана тәрбиесі берген әдептілік, ізет, құрмет туралы пікір қозғаймыз.

Нақыл сөздер:
1. Қызың өссе, гүлдей болсын деп тіле.

2. Отбасының қос шынары: ата мен әже.
3. Ана - жараға жапырақ.
4. Қарындасың сыйламағанның қары сынсын.

2-мәселе бойынша екінші оқу тоқсанының қорытындысы

Екінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша сапа 76%

Оқу озаты -2.

Молдашев Мұхамед,

Тлеулес Айбану.

Екпінділер-21.

«3» бағамен 7 оқушы.

Амангелді Дария

Дуйсенбай Ділназ

Джексенова Инкар

Инамат Хасан

Набиш Бексұлтан

Сабурова Меруерт

Сабурова Меруерт

3- мәселе

Сынып жетекшісі Лиза Нагимбековна Шахшаева оқу бағдарламасы, оқулықтар, кітап, дәптермен жұмыс жүргізілуі туралы айтылды.

Қаулы :

Ата-аналар жиналысы төмендегідей қаулы қабылдады:

1. « Отбасындағы сыйластық - әдептілік бастауы»

атты баяндама тыңдалды.

2. Екінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша үлгерім қорытыдысы басшылыққа алынсын

3. Ағымдағы мәселелер ата-аналар тарапынан қарсылықтар болған жоқ.

Ата-аналар жиналысының төрайымы: ШахшаеваЛ.Н.

Ата-аналар жиналысының хатшысы: Жанетова Асыл

Тәрбие.орг сайтынан Ата-аналар жиналысының хаттамасы Ата-аналармен жұмыс материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шахшаева Лиза Нагимбековна

Атырау қаласы Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназия бастауыш сынып мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar