Өмірдің мәні неде? ашық тәрбие сағаты

Өмірдің мәні неде? ашық тәрбие сағаты

Мұғалімніңаты-жөні: Қалбаева Жанар Шүкірбайқызы
Еңбек өтілі: 12 жыл
Жұмыс орны: Бейнеу ауданы Сарға селосы
«Бейнеу мектеп-интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қызметі: Информатика пәнінің мұғалімі
Категория: Бірінші санаттыІІІ деңгейлі (базалық) мұғалім
Ашық тәрбие сағатының жоспары
9 -сынып
ТАҚЫРЫБЫ:Өмірдің мәні неде?
МАҚСАТЫ :Осы сағат ішінде өмір туралы білетіндерін,өмірге деген қызығушылықтарын,ояту;Өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға салу,өмірдің ең маңызды «қымбат»сәттерін оқушылармен пікірлесе отырып талдау; Өмірге сеніммен,жақсы көзқараспен қарауға,өмірден өз орнын дұрыстаба білуге,жақындарына қуаныш сыйлай білуді ұқтыру;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:Оқушылар осы сағат ішінде өмір туралы білетіндерін,өмірге деген қызығушылықтарын оята отырып,өз пікірлерін білдіре алады; Өмірдің ең маңызды «қымбат »сәттерін сыныптастары мен ұстаздарымен пікірлесе отырып талдай алады; Өмірге сеніммен,жақсы көзқараспен қарауға,өмірде жақындарына қуаныш сыйлау керектігін ұғына алады;

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:Ой қозғау, негізгі бөлім (мазмұнды ашу), кәсіби
әңгіме, кері байланыс
ӘДІС-ТӘСІЛДЕР: АКТ,жұптықжәне топтық жұмыс,«кәсібиәңгіме» бойынша
пікіра лмасу;
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта , презентация, видеоматериал,
постер, стикер, фломастерлер,бағалау карталары

Сабақтыңмазмұны:

І.Ұйымдастырубөлімі:
-Оқушыларға сынып ережесін түсіндіру;
Әдістері:Ой қозғау,пікірлесу, әңгімелесу, , қызықтыру,жайлы қарым-қатына сорнату.
Мұғалімнің сәлемдесуі.
Жайлыатмосфералықахуалқалыптастыру.
Трениг: «Менің өмірім...»жаттығуы
1.Қандай телесериалдарды білесің?
2.Қандай компьютерлік ойындарды білесің?
3.Сәнге айналып жатқан ұялы телефондар мен оның түрлері?
4.Компьютерлердің түрлерін атай аласың ба?
5.Қазіргі өмірде қендай затсыз өмір сүре алмаймын деп ойлайсың?
Мұндағы мақсатым: Оқушылардың көңілін қазіргі өз заманындағы сұрақтарды қоя отырып, өмірге деген көзқарастарын аңғара келе, өмірдің мәні бола алатын маңызды нәрселердің де бар екеніне көңілдерін аудару;
-ия ,әрине,сіздердің пікірлерің бәлкім өз орталарыңда құнды шығар; Дегенмен өмірдің мәні деп тануға болатын маңызды мақсаттардың да бар екенін ұмытпағанымыз дұрыс болар деп тәрбие сағатымызды бастайық;
-Бүгінгі тақырыбымыз не төңірегінде болмақ?
-Өмір
Топтарға бөлу:
«Смарт Бейдж» арқылы топқа бөлу:
ІІ.Қызығушылықты ояту:
Әрине, біз гүлсіз,құссыз,суссыз жалпы табиғатсыз өмір сүре аламыз ба?Адамға өмір сүруге болады,ал сол тіршілік ету барысында өмірді елеусіз,сұрықсыз өткізетіндер де болады. Көп ұзамай оқушылар сіздер де ересектер(студент) сияқты өмірдің бір белесімен араласасыздар. Сол кезде сіздер өмірді қандай тәжірибемен алмастырасыздар.Отбасынан жырақ қалай өмір сүресіздер?Бұл сұрақ тек ата-аналарыңызды ғана емес тәлім-тәрбие беретін ұстаздарыңызды да толғандырады.Ендеше,осы сұраққа жауап іздеп көрейікші?
Постер құру:(Үш топта топтық жұмыс жүреді)

ІІІ.Мағынаны тану:Мұғалімнің нұсқаулығымен Видеоролик көрсетіледі. Оқушыларға мұғалім видеодағы ойды толықтыру мақсатында түсіндірме жүргізеді;
Топқа бөлу:

Тапсырма:Үш топқа шар беріледі.Шарды әркім қолына алысымен іштей ойланып не ойладың соны қағаз бетіне түсіріңдер.Топтағы соңғы шарды алған оқушы шарды партаға қояды оқушылар өз ойларымен бөліседі:
Мұндағы мақсатым: Оқушылардың «өмір» туралы түсініктерін жетілдіру мен тақырыпқа қызығушылығын ояту;
Мұғалім: Ал мен сіздерге шарды бергендегі ойым: Бұл әрқайсымыздың өміріміз.Сол кезде менің байқағаным,сіздер шарды сондай ептілікпен,нәзіктікпен күлімсіреп көршілеріңізге беріп отырдыңыздар.Ендеше, «Өмір»нәзәк жіптей,шар құсап жарылып,шыны құсап сынуы мүмкін құбылыс.Өмірімізді нәзіктіке,қуанышқа толтырып мақсатқа талпынып өткізсек нұр үстіне нұр болары анық
ІҮ. Ой-толғаныс: Тапсырма: «Алтын теңге» әңгімесін айтыпсұрақ қою;
Ертеде бір жас адам шалшық жолмен келе жатып,алтын теңге тауып алады.Еңкейіп өтеріліп алған соң,әрі қарай алтын теңізге іздеуге кіріседі. Ойлағанындай болып кейде оған алтын теңгелер табылып отырады.Өмір солай өз қарқынымен жүре береді. Жас адам еңкейіп,қарттық жеңіп,өмірдің соңғы сағаттары соққанда,қарттан сұрапты: «Өмір»деген не? Сіз оны білесіз бе?-дейді.Сонда әлгі қарт: «Өмір –бұл шалшық жол,бірақ кейде алтын теңге табылатын»-деп барып көз жұмыпты.
Сұрақ: Қалай ойлайсыздар қарт бұл сөзбен не айтпақ болды?
(Берілген тапсырма бойынша топта , жұппен жұмыс жүргізеді. Топтын атынан эссе жазылады.)

Сергіту:видео

«Автор орындығы»: «Өмір» туралы шығарма
Өз шығармашылығынан «Өмір»туралы өлең
«Сыйқырлы қобди» сұрақтары

(Оқушылар үй тапсырмасына дайындап келген жұмыстарын ортаға салады.)
Мұндағы мақсатым: Құнды жұмыстарымен өмірдің маңыздылығын сезініп, жанындағы жақсыларға өмір туралы сырларын өз еңбектерімен жеткізсе..
Кері байланыс: Көбелек
ІІІ.Қорытынды: В.А.Сухомлинский: «Сіздер адамдар арасында өмір сүресіздер.Сіздердің әр жасаған қылықтарың айналаңыздағы әр адамға тарайды.Сондықтан сіздер мынаны білуге тиіссіздер,орындалатын және орындайтын әр нәрсенің өзіндік құны мен өзіндік шекарасы болады.Сіздердің қалауларыңыз-бұл жақындарыңыздың қуанышы мен көз жасы. Сондықтан өзіңнің әр қадамыңмен қалауың айналаңдағы адамдарға тек қуаныш пен шаттық және сәттілік әкелуі тиіс...»
18
Декабрь
0
1202

Пікірлер: 0

avatar