Меню
Артқа » »

Құрмет тақтасы

Cултанова Сауле Шаубалаевна

  • Толық аты жөні: Cултанова Сауле Шаубалаевна
  • Туған жылы: 24.04.1974
  • Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
  • Жұмыс орны: С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп
  • Санаты: Бірінші санат
  • Педагогикалық стажы: 21 жыл
  • Ұстаздың электронды почтасы: Nazok_02_12@mail.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Ұстаз деп аталатын аса бір құрметті де, қадірменді мамандықты өмірлік мұратына айналдырып, оның қиындығы мен қызығын қатар көріп келе жатқан, бойындағы жүрек жылуы мен мейірімділік шуағын жас жеткіншектерге төгіп қана қоймай, оларды білімнің кәусар бұлағымен сусындатып отырған абзал жандардың бірі – мектептің бастауыш сынып мұғалімі Султанова Сауле Шаубалаевна.
    Султанова Сауле еңбек жолын 1995жылы С.Жаңғабылов мектебінен бастап, содан бері осы мектепте еңбек етіп келеді.
    Сауле мектепте бастауыш сынып оқушыларын сауаттандырудың қыр-сырын терең меңгерген, шығармашылық деңгейде үнемі ізденіспен жұмыс жасайтын өз ісінің шебері. Ол қоғам талабына сай қазіргі білім беру саласындағы оқытудың ең озық технологияларын пайдалана отырып, оқушылардың адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптасуына жете мән береді. Сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді пайдаланып, білімді шәкірт тәрбиелеуде өзіндік қолтаңба қалдырып келеді.
    Өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалім сабақтарын заман талабына сай жеке тұлғаны дамыта оқытуға негіздеп еселі еңбек етуде. Мұғалімнің сабақ өткізетін кабинеті талғаммен безендіріліп, сабаққа қажетті дидактикалық материалдармен, көрнекіліктермен, оқушылар мен ата-аналарға арналған қосымша материалдармен жабдықталған.
    Бүгінгі оқыту жүйесіндегі жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды тәжірибеде қолдануда үлкен белсенділік танытып жүрген ұстаз 2016 жылы Ақтау қаласында «Білім беру мазмұнын жаңарту» курсын аяқтады және оқыған білімдерін тәжірибеде қолданып, аудандық «Оқу әрекетінде оқушыларды шығармашылыққа баулудың маңызы» семинарында М. Атымов атындағы орта мектепте десант сабақ өткізіп өз тәжірибесін ортаға салды.

    Аудандық білім үйлестіру орталығының
    бастауыш сыныптар бойынша әдіскері: А. Ізмұрзаева

    Султанова Сауле Шаубалаевна

    Туған жылы, айы, күні: 1974. 04. 24
    Білімі: жоғары
    Бітірген оқу орны: Атырау педагогикалық
    университеті, 1996 ж.
    Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
    Санаты: І
    Еңбек өтілі: 21 жыл
    Кәсіби білім жетілдіруі: курс, семинар
    Марапаты:
    • Мектеп әкімшілігінің Алғыс хаты, 2015ж.
    • Ауыл әкімінің Құрмет грамотасы, 2015 ж.
    • Аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты, 2016 ж.
    Шығармашылық жұмыс тақырыбы: «Бастауыш сыныпта нәтижелі білім беру жолдары»

    Бастауыш сыныптар бойынша оқушыларының пәндік олимпиададан жетістіктері
    қ/с Оқу жылы Оқушының аты-жөні Сыныбы Пәні Алған орындары
    1 2014 ж Мұханбедияр Қарақат IY Ана тілі Бас жүлде
    2 2014 ж Мұханбедияр Қарақат IY Барлық пәндер бойынша облыстық пәндік олимпиада ІІІ
    3 2015 ж Мұхтарқызы Қазына ІІІ Математика аудандық «Бастау» турниры ІІ
    4 2016 ж Тұрлыбайқызы Айзада IY Математика аудандық «Бастау» турниры (команда) III
    5 2016 ж Тұрлыбайқызы Айзада IY Математика аудандық «Бастау» турниры (жеке сайыс) III
    6 2016 ж Тұрлыбайқызы Айзада IY Математика
    (аудандық) ІІ
    8 2016 ж Әскебайқызы Жансая IY Ана тілі
    (аудандық) ІІ

    Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

    Берілген сертификат номері: 281

    Пікірді ешкім жазбаған.
    Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
    avatar