Меню
Артқа » »

Құрмет тақтасы

Кусаинова Гулизат Корабаевна

  • Толық аты жөні: Кусаинова Гулизат Корабаевна
  • Туған жылы: 06.08.1967ж
  • Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі
  • Жұмыс орны: Жезқазған қаласы №7 мектеп-лицейі
  • Санаты: 1 санатты
  • Педагогикалық стажы: 28 жыл
  • Ұстаздың электронды почтасы: gulizat.0767@mail.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Гулизат Корабаевнаға

    Мінездеме

    Кусаинова Гулизат Корабаевнаға,1967 жылы туған,ұлты-қазақ,білімі жоғары. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Кусаинова Гулизат Корабаевна -1967 жылы тамыз айының 6 –шы жұлдызында Қарағанды қаласында дүниеге келген.Орта мектепті бітіргеннен кейін 1984 жылы Жезқазған қаласындағы педагогикалық училищесіне түсіп, 1986жылы аталған педагогикалық училищені «Мектепке дейінгі тәрбие » мамандығы бойынша бітірді.1998-1993жылы Аламаты қазақ қыздар педагогикалық институтын бітіріп, «Педучилиищедегі балалар педагогикасы мен психологиясы мұғалімі» квалификациясы берілді
    1994 жылдың қыркүйек айнан бастап алғашқы қызметтік жолын Жезқазған қаласы Ұлытау ауданы Қаракеңгір ауылында «Айгөлек» балалар бақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1995жылдын бастап Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде еңбек жолын жалғастырып келеді.
    Кусаинова Гулизат Корабаевна жоғары білімді, тәжірибелі, білікті ұстаз.Еңбек өтілі – 28 жыл. Әріптестері арасында сыйлы, мейірімді.Осы уақыт аралығында бірнеше шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық әрекеттерін тиімді ұйымдастыру нәтижесінде өзі сабақ беретін сыныпта жақсы білім сапасына қол жеткізіп келеді. Шәкірттерінің алды үлкен қызмет орындарында жұмыс атқарады.

    Гулизат Корабаевна өзінің шығармашылық ізденістерін түрлі деңгейдегі әдістемелік іс-шараларда ортаға салып жүр.

    Мұғалім еңбегінің нәтижесі өлшеусіз. Жоғарыда аталған жетістіктер Гулизат Корабаевнаны өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, әріптестеріне инновациялық үрдіске бағыт бере алатын білікті және шығармашыл ұстаз екенін көрсетеді.

    Ұстаз шығармашылық ізденістері мен табысты еңбегінің арқасында бірнеше марапаттауларға ие болды.

    Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

    Берілген сертификат номері: 272

    Пікірді ешкім жазбаған.
    Бірінші болып пікір қалдырыңыз, ойыңызбен бөлісіңіз.
    avatar