Сейілова Рая Тұрсынқызы

  • Толық аты жөні: Сейілова Рая Тұрсынқызы
  • Туған жылы: 26 қараша 1963 жылы дүниеге келген
  • Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Жұмыс орны: «Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» КММ
  • Санаты: І санат
  • Педагогикалық стажы: 33 жыл
  • Ұстаздың электронды почтасы: karm_mektep_29@mail.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Білімі жоғары. Қорқыт ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылдан бастап мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сабақ беріп, өз мамандығын терең меңгергендігін,шығармашылықпен және ізденімпаздықпен жұмыс жасайтындығын көрсетті.

    Соңғы бес жылда Сейілова Раяның төмендегідей жетістіктері бар:
    2012 жылы қыркүйекте қазақ тілінің дамуына қосқан үлесі үшін Халықаралық «Қазақ тілі» ҚБ Қызылорда облыстық ұйымының «Алғыс хатымен » марапатталды. Бірлестік жетекшісі ретінде 2012 жылы қыркүйекте аудандық «Үздік әдістемелік бірлестік – 2012» байқауында ІІІ орынмен марапатталды. 2012 жылы желтоқсанда аудандық «Үздік қазақ тілі пәні мұғалімі – 2012» байқауында «Бас жүлдемен» марапатталды.
    2013 жылы қаңтарда өткен аудандық «Озат» шығармашылық орталығының «Шығармашылық-ізденіс өрісі» байқауында «Алғыс хатты» иемденді.
    2013 жылы қарашада Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалында мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, ІІ № 0000785 сертификатын және 2013 жылы 22 шілде – 18 қазан аралығында аталған оқыту курсының сериясы М-ІІ № 003586 Куәлігін алды.
    2014 жылы 12 сәуірде «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсын «Білім беру мазмұнын жаңартуда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру» бағдарламасы бойынша оқып, №0084086 сертификатын алды. 2016 жылы Облыстық «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2016жылы Республикалық жинаққа еңбектері еніп, «Шығармашыл ұстаз» төс белгісімен марапатталды.

    Берілген грамота номері: 324

    Үздік ұстаздар қатарына қосылу үшін астындағы жазуды бас
    18
    Декабрь
    0
    377

    Пікірлер: 0

    avatar