Шампиева Гульнар Айдаровна

  • Толық аты жөні: Шампиева Гульнар Айдаровна
  • Туған жылы: 06.02.1964ж
  • Мамандығы: Тарих пәнінің оқытушысы
  • Жұмыс орны: Мақтарал аграрлық колледжі
  • Санаты: Жоғарғы санатты
  • Педагогикалық стажы: 27 жыл
  • Ұстаздың электронды почтасы: manat.kazybaieva@mail.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Шампиева Гульнар Айдаровна Мақтаарал ауыл-шаруашылық техникумына 1990 жылы 11 маусым күні қоғамдық пәндер оқытушысы болып жұмысқа қабылданды. Аталған оқу орнында 27 жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Қазір Қазақстан тарихы пәнінен сабақ беретін беделді, білікті маманның бірі. Жұмыс барысында, сабақ беруде терең білімін, жұмысқа деген зор қабілетін көрсете білді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу жүктемелеріне қажетті талаптарды толық орындады.
    Ұстаздық қызмет атқарып, аудан көлемінде колледж ішілік жұмыстарда тарихи-мәдени шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін оқу орны басшысының, облыстық білім басқармасының, «Нұр Отан» партиясының басшылығы тарапынан «Құрмет грамоталырымен» марапатталып, алғыс хаттарға ие болды. Өз еңбек жолында жаңа технологияларды меңгеріп, Қазақстан тарихынан жұмыс оқу бағдарламасының, Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жинағын, «Модульдік оқыту» бойынша жинақ жасады.
    Колледж ішіндегі, облыс, республика, халықаралық ғылыми, ғылыми-теориялық, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, Республикалық қашықтықтан ұйымдастырылғын эссе байқауларына, халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияларға қатысып, баяндамалар жасады.
    Колледж көлемінде жүргізілген қоғамдық, мәдени шараларға, «Жалпы білім беру және кәсіби пәндер» кафедрасының түрлі бағыттағы жұмыстарына белсене араласты.
    Мінезі ашық, іскер,ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына ұқыпты, ынталы, адамдармен тез тіл табыса біледі.
    Жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен және студенттермен бірлесе жұмыс істеуі жоғарғы дәрежеде.
    Гульнар Айдарқызы оқытушылар ұжым арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.
    Гульнар Айдарқызы – отбасында 4 бала, 6 немере тәрбиелеп отырған ардақты ана, сүйікті жар және сүйікті әже

    Берілген грамота номері: 334

    Үздік ұстаздар қатарына қосылу үшін астындағы жазуды бас
    18
    Декабрь
    0
    44

    Пікірлер: 0

    avatar