Шукеева Гульбану Кинжабековна

  • Толық аты жөні: Шукеева Гульбану Кинжабековна
  • Туған жылы: 1972
  • Мамандығы: Технология, бейнелеу өнері және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
  • Жұмыс орны: Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясы
  • Санаты: жоғары
  • Педагогикалық стажы: 21
  • Ұстаздың электронды почтасы: gshukeeva@inbox.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Шукеева Гульбану Кинжабековна Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясында технология, бейнелеу өнері және өзін-өзі тану пән мұғалімі болып істейді. "Өнер" кафедрасының жетекшісі. Өз пәнін жете меңгерген, білімді де білікті ұстаз ретінде көрініп келеді. Шәкірт жүрегіне жол таба білген, өзінің бойындағы өнегесі мен қажымас қайратын оқушының білімі мен тәрбиесі жолында сарп етіп келе жатқан тынымсыз ұстаздардың бірі.Үнемі ізденіс үстінде жүретін ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін шыңдап, шәкірттеріне бүгінгі өмір талабына сай сапалы білім беру жолында оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытып, өзіндік пікір айта білетін, жан- жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыруды алдына мақсат етіп қойған.

    Білікті ұстаз  оқушылардың ақыл - ой қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға өте көп көңіл бөледі. Сабақ беруде жеке, ұжымдық, топтық әдістерін шебер қолданып, оқушылардың дара бейімділігі мен қызығу мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқытудың деңгейлік әдісін қолданады.Ұстаз өзінің әрбір сабағын талапқа сай жоғары деңгейде, терең мазмұндылығымен өткізеді.

    Гульбану Кинжабековна Талдықорған қаласының  технология пән мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін  «Жаңа технологияларды оқыту әдістері» атты әдістемелік жинақ дайындап АОМКДИ арқылы басылымға шығарды.  П.ғ.к., доцент Адамқұлов Н.М. жетекшілігімен «Бейнелеу өнері және Технология» пәндерінің «Бейне таспа арқылы білім беру жүйесі» атты электронды оқулықтағы авторлық  бірлестік мүшесі.   9.11.12. жылы,  Адамкұлов Н.М, п.ғ.к. Абай атындағы ҰПУ доцентімен бірлесе отырып,  «Облыстық технология пән мұғалімдеріне арналған конференциясын» ұйымдастырды.    Шығармашылық  ізденіс   жұмысының нәтижесінде 2013 жылы жаңа бағдарлама бойынша  «Ашық сабақ сайтында», «Технология пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар 5-11 сыныптар, экономика негіздері курсы кіріктірілген» қыздар және ұлдарға арналған жоспарын құрып, жариялады.

    Өз кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында, Өзін-өзі тану пәнінің 2 деңгейлік курсын  бітірді, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында  «Бейнелеу өнері» пәні бойынша тренерлік курсын аяқтады. 

     Алматы облысты әдістемелік кабинеті ұйымдастырған, Қаратал ауданы, Ю.Лермонотов атындағы орта мектепте «Технология пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жолдары» атты аймақтық тәжірибе алмасу семинарында   «Работа с цветной бумагой в технике квиллинг» атты тақырып бойынша  ашық сабақ, және «Ұсақ моншақпен жұмыс жасау технологиясы» атты шебер мектебін  жүргізіп, өзінің  іс - тәжірибелерімен әріптестерімен бөлісті.   

    2016 жылы «Ең үздік шығармашылық мұғалім» атты каталогында «Моншақ жұмыстары» атты жұмысы жарияланды. 2014 жылы «Білім беру қызметкерлерінің қалалық педагогикалық оқуларында «Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін  жобалау әдісі арқылы дамыту» тақырыбы бойынша баяндама оқып,  2 орынға ие болды. 2016 жылы «Қазақстан ұстаздары»  ұйымдастырған «Технология», «Бейнелеу өнері», «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдерге арналған олимпиадасына және «Педагогикалық жұмысшының құқықтық құзыреттілігі»;  «АКТ мен заманауи білім»; «Заманауи білім беру технологиялары» - атты Республикалық ақпараттық-әдістемелік орталық «Просвещение»  ұйымдастырған байқауларға қатысып,  жүлделі орындарға ие болды. 

    Халықаралық, Республикалық, қалалық, облыстық деңгейде оқушылары пән олимпиадаларға, Кіші Ғылым академиясына, «Дарын», байқаулары және «Қазақстан ұстазы»; «Интолимп.орг»; «Инфоурок.кз.ру»  олимпиадаларына белсене қатысып, жоғары орындарға ие болады; 

    Ұстаз  тек  қана  жақсы  мұғалім емес,  сонымен  бірге  үздік  тәрбиеші. Өз ұжымына білімділігімен, алғырлығымен, іздемпаздығымен, жағымды мінезімен беделді. Мұғалімнің ерекше белгісі - әр оқушының тұлғалық қабілетін тани алуы, оны дамытуға үлес қоса алуы.


    Берілген грамота номері: 240

    Үздік ұстаздар қатарына қосылу үшін астындағы жазуды бас
    18
    Декабрь
    0
    719

    Пікірлер: 0

    avatar