Қуанышова Гүлжайна Бердібекқызы

  • Толық аты жөні: Қуанышова Гүлжайна Бердібекқызы
  • Туған жылы: 12.01.1991
  • Мамандығы: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
  • Жұмыс орны: Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі
  • Педагогикалық стажы: 4
  • Ұстаздың электронды почтасы: jaina_kuanyshova@mail.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Қуанышова Гүлжайна Бердібекқызы АрқМПИ жоғары оқу орнын 2013 жылы аяқтап, 2013 жылдан бері Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша жұмыс атқарып келеді.
    Гүлжайна Бердібекқызы бастауыш сыныпта оқыту әдістемесін жоғарғы деңгейде меңгерген ұстаз. Еңбексүйгіштік, оқытуға деген шығармашылық ұстаным –мұғалімге тән қасиеттер. Гүлжайна Бердібекқызының сабақтары өзінің нақты ұйымдастырушылығымен, ғылыми тереңдігімен, қисынды қорытындылауымен ерекшеленеді. Оқушы білімін тексеруді іскерлікпен жоспарлай отырып , басты істерге асқан жауапкершілікпен қарайды. Ол оқу үдерісіне оқушы қызығушылығын арттыру мақсатында тынбай еңбек етеді.
    Ұстаз оқу материалының жүйелі түрде бөлінуіне, ойлау тілін жетілдіруге үлкен көңіл бөледі. Бекіту сабақтарында оқушымен қарым – қатынасты жүзеге асыру мақсатында ойлау, оқу, тыңдау және жазу, яғни сөйлеу әрекетінің барлық түрлерінің іске асуына ықпал етеді. Оқушыларды ұлттық дәстүрмен, қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, туған жерінің табиғатымен таныстырады. Гүлжайна Бердібекқызы “Сапарғали Ахметжановтың өмірі мен шығармашылығы”, «Фортепианоның шығу тарихы», «Тарих тылсымының тамыршысы, тарихшы ата – Қойшығара Салғ
    араұлы», «Қалам қашан және қалай пайда болды?» атты тақырып бойынша зерттеу жұмыстарымен айналысады.
    Мұғалімнің әр пән бойынша өткізген іс – шаралары оқушылар есінде көпке дейін сақталады. Ол тірнектеген еңбегімен оқушы білімінің жақсы деңгейде болуына қол жеткізді.

    Берілген грамота номері: 291

    Үздік ұстаздар қатарына қосылу үшін астындағы жазуды бас
    18
    Декабрь
    0
    484

    Пікірлер: 0

    avatar