Жайманова Шарбану Есетовна

  • Толық аты жөні: Жайманова Шарбану Есетовна
  • Туған жылы: 02.09.1971 жыл
  • Мамандығы: Педагог-психолог
  • Жұмыс орны: Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе колледжі
  • Санаты: ІІ санатты педагог-психолог
  • Педагогикалық стажы: Жалпы еңбек өтілі – 26 жыл
  • Ұстаздың электронды почтасы: Nurlan_0369@bk.ru
  • Ұстаз туралы мәлімет:

    Мінездеме
    Жайманова Шарбану Есетовна,1971 жылы туған,ұлты-қазақ,білімі жоғары. Қазақстан Республикасының азаматшасы. Жайманова Шарбану Есетовна -1971 жылы қыркүйек айының 2 - ші жұлдызында Батыс Қазақстан облысы, Жымпиты ауданы, Қособа ауылында дүниеге келген.Орта мектепті бітіргеннен кейін 1988 жылы Орал педагогикалық училищесіне түсіп, 1991жылы аталған педагогикалық училищені «Бастауыш класс мұғалімі және аға пионер вожатый » мамандығы бойынша бітірді.2002-2005 жылы М.Өтемісұлы атындағы мемлекеттік университетіне сырттай бөліміне оқуға түсіп, «Кәсіби жоғары білімді педагог-психологы » мамандығын алып шықты.
    1991 жылдың қыркүйек айынан бастап алғашқы қызметтік жолын БҚО Қаратөбе ауданы Саралжын ауылына қарасты Сәуле ауылындағы Жақсыбай балабақша орталау мектебінде бастауыш класс мұғалімі болып бастады. 2005 жылдан бастап Б.Аманшин атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде педагог-психолог қызметін 2013 жылға дейін атқарды. 2013 жылдың қыркүйек-қазан айларында «Балдырған» бөбекжайында психолог, қараша айынан бастап Қаратөбе колледжінде педагог-психолог қызметін атқарып келеді. Жайманова Шарбану Есетовна жоғары білімді, тәжірибелі, білікті ұстаз.Еңбек өтілі – 26 жыл. Әріптестері арасында сыйлы, мейірімді.Осы уақыт аралығында бірнеше шәкірттер тәрбиелеп шығарды. Оқыту үрдісінде студенттердің психологиялық таным-қабілеттерін анықтау, жан-жақты дамыту, педагогтармен, ата-аналармен психологиялық қарым-қатынас орнату, ұжым арасындағы ынтымақтастықты дамыту, жетілдіру бағытында тынымсыз еңбек етіп келеді.

    Шарбану Есетовна студенттермен, оқытушылармен, ата-аналармен өткізілетін іс-шараларын тыңғылықты дайындықпен, үлкен жауапкершілікпен өткізіп жүр. Осындай психологиялық іс-шаралар нәтижесінде колледжіміздегі оқушылардың белсенділігі артып, ұжымның ауызбіршілігі, ынтымақтақтастығы арта түсті. Ата-аналар да психологпен үнемі тығыз байланыста болып, ақыл-кеңестерін алып тұрады.
    Бірнеше сабақтары интернет ресурстарда, баспасөз беттерінде жарияланды. Бірнеше марапаттауларға ие.

    Берілген грамота номері: 336

    Үздік ұстаздар қатарына қосылу үшін астындағы жазуды бас
    18
    Декабрь
    0
    37

    Пікірлер: 0

    avatar