Экспо туралы не білеміз?

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 11686
  • Тәрбие сағаты
  • 11/Фев/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 16104


Ақтөбе облысы ,Ырғыз ауданы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Садриева Шынар Талғатқызы
Тәрбие сағаты: Экспо туралы не білеміз?
Білімділік мақсаты: Экспо көрмесі туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету
Дамытушылық мақсаты:Шығармашылық қабілеттерін,дарындылық қасиеттерін нығайту.
Тәрбиелік мақсаты:Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға баулу Отанымыздың жетістіктеріне мақтаныш сезімін орнату.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,буклеттер, суреттер .
Барысы:
Кіріспе сөз .
Тәуелсіздігімізді алғаннан бері еліміз Елбасының бастауымен экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жахандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті,Астана Экономикалық форумы,,Инвестициялық форум, жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп , абыройын асқақтатты. Ең бастысы даму бағытын айқындап берді.Осындай істердіңжалғасы ретінде Қазақстан 166 жылдық тарихы бар ЕХПО-2017 көрмесін өткізу құқығын жеңіп алды. Келесі кезекте оқушыларымыз алдын ала берілген тапсырмалар бойынша өздері ізденіп слайдтар, мәліметтер жинақтап дайындалып келді.
Назира Экспо тарихы туралы жинақтаған мәліметіне назар аударайық.
Томирис:Алғашқы халықаралық көрмені лондондық Гайд-паркте арнайы жасалған Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде,2015 жылы 164 жыл толыпты.Бұл, қатысушы елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әртүрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып,ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті Дәл сол кезде көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады,уақыт өте келе олар міндеттіге айналып,кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді. Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы,жалпы саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады.Басты мақсаты- жаңа ғылыми техникалық жетістіктер,даму келешегісондай-ақ қатысушы елдердің дәстүрлері тарихының жұрт алдындағы көрсетілімі,шеруі. Қазірдің өзінде 63 көрме өткізілді 160 жыл ішінде халықаралық көрмелер бюросының өзіндік мұрасы пайда болды.
Лондондағы Хрусталь сарайы,Париждегі Эйфель мұнарасы,Париждегі Александр ІІІ көпірі,Венадағы Ротонда-әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон,Мельбурндағы патшалық көрме павильоны.
Акниет:ХКБ экспозициялары екі түрге бөлінеді: Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер және Халықаралық мамандандырылған көрмелер.
Бүкіләлемдік әмбебап көрмелер жарты жылға созылады және әр бес жыл сайын өткізіледі,мұнда олардың ауданы мен тақырыбы шектелмейді.Мысалы, мамыр мен қазан айлары аралығында Шанхайда «Жақсы қала –жақсы өмір» ұранымен өткен Экспо-2010 жұмысына190 ел қатысты .Көрмеге 100 млн адам келді.
Халықаралық мамандандырылған көрмелер- екі Бүкіләлемдік әмбебап көрме арасында өтеді және және үш айға созылады Мұнда көрме ауданы 25 га аспауы тиіс және тақырыбы міндетті түрде ұйымдастырушылармен белгіленіп алынады Әдетте, тақырптары нақты саладағы гуманитарлық,әлеуметтік,экологиялық аспектілерді қоса,ғылыми,технологиялық және экономикалық жетістіктердің көрінісі болады. МысалыСаргосадағы өткен ЕХРО-2008 көрмесінің тақырыбы « Су және тұрақты даму» болды Мұнда көрме тақырыбы міндетті түрде ХКБ( халықаралық көрмелер бюросымен) ғана емес ,басқа да бүкіләлемдік ұйымдармен ,соның ішінде БҰҰ –мен келісілуі тиіс.
Бибарыс:
Қазақстан өткізуге үміттеніп отырған кезекті Халықаралық мамандандырылған көрме 2017 жылы болады. Қазіргі типтес бірінші әмбебап көрме Англия астанасы-бүкіл әлемнің жетекші өнеркәсіптік нүктесі өзінің орасан зор. Билігі арқасындаВикториандық дәуір кезінде еркін сауда жүргізумен көптеген жетістіктерге қол жеткізіп,,гүлденгенЛондонда 1851 жылы өткен.1889 жылы Париж көрмесінің мәдени қолжетістігі Эйфель мұнарасы болып табылады Осыдан соң қалалардың басқалары да мұндай өндірушілер мен шеберлерді тартуға қызығушылық танытабастадыЕң табысты халықаралық көрмелер қатарында Вена,Амстердам ,Брюссель Барселона,Сент –Льюс,Турин және Филадельфияда өткен көрмелер деп танылды
Сағадат: 1997 жылдан бастап Қазақстан Халықаралық Көрме Бюросына мүше ел болып табылады.Мемлекетіміз Экспо Көрмелерінде 2005 жылдан бастап белсене қатысады Экспо Сарагоса көрмесінің нәтижесінде қатысушы «С» категориялыелдер ішінде ҚРжүлделі үшінші орынды алып,қола медальмен марапатталды.ҚР Президенті Н.НАЗАРБАЕВ ,осындай шараның Астана қаласында өткізу мәселесін алғаш рет Экспо Сарагоса көрмесіне сапары кезінде айтқан болатын.
Б.Нүркен
Қазақстанның ЕХПО көрмесіне қатысуы туралы мәліметтер:
Экспо 2005,Аичи ,ЖАПОНИЯ,
келушілер саны.370 000 адам,
Қазақстан экспозициясы алаңы 324 ш.м
Тақырыбы:«Табиғат даналығы»
Экспо 2008 Сарагоса, Испания Корольдігі
Қазақстан ішкі және сыртқы безендіруі критериилері бойынша Қола жүлдеге ие болуы,Келушілер саны: 361 500 адам Қазақстан экспозиция алаңы 590ш.м Тақырыбы:«Су және тұрақты даму»
Экспо 2010 Шанхай, Қытай Халық Республикасы
Келушілер:446 000 адам ,алаңы:1500 ш.м
Тақырыбы:« Астана -Еуразия жүрегі»
Тоғжан:«Халықаралық көрме бюросы» ұйымы
ХКБ ұйымы 1928 жылы 22 қарашада Париж қаласында қол қойылған Халықаралық көрмелерге қатысты Конвенция өтінімдерін қамту және бақылау негізіндеқұрылды. Оның мүшесі болып мұше мемлекеттердің Үкіметтері болып табылады.
ХКБ- ның штаб –пәтеріПариж қаласында орналасқан.Бюроның құрамына Бас Ассамблея,Президент,Атқарушы Комитет,Мамандандырылған комитеттер кіреді.Қазіргі таңда Халықаралық көрмелер бюросы ұйымында 157 қатысушы ел бар.Қазақстан ХКБ ұйымы қатарына 1997 жылы қабылданды.
Оңталап:ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасына әлемнің түпкір түпкірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толады көрменің аумағында күн сайын концерттер,шоу,ұлттық күндер және өзге де ойын сауық іс шаралары өтетін болады Экспо бүкіләлемдік бірегей көрмесі-маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен,ал туристік тартымдылығы бойыншаең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жахандық ауқымды оқиға экспо көрмесін миллиондаған туристер тамашалайды,сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін танытатын және өздерінің экономикалық және технологиялық дамуының деңгейін бүкіл әлемге көрсетеін бірегей павильон құруға ұмтылады. Қазақстан 1997 жылдан бастапХалықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып табылады және Экспо көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді
Еркеназ: Астананың өтініш беруі. 2011 жылы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде ЕХПО 2017 жобасының үйлестірушісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рапиль ЖошыбаевХКБ-ның Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталлеспен кездесті.Кездесу барысында Р.Жошыбаев ҚР Премьер –Министрі қол қойылған ҚР Ресми өтінішін тапсырды. Көрмені өткізуге екі қала таласқан : біздің Астан және Бельгияның Льеж қаласы.160 мемлекеттің ішінен 120 дауыс жинап Бельгия сияқты дамыған елден озық шығуымыз біздің мәртебеміз.
Қобыланды.Қазақстан Астанада ЕХРО 2017 көрмесін өткізу науқанына кірісті.ХКБ ның талаптарына сай көрмені өткізуге үш ай ішінде Астана қаласына әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн адам келеді деп күтілуде.Астана-Жеңімпаз қала.Экспо 2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы ең алғашқы Халықаралық деңгейдегі көрме болмақ.
Шынар:ЭКСПО-2017 халықаралық маман¬дандырылған көрмесін өткізуге шамамен 173 гектар жер бөлініп отыр. Кешенде жүзге тарта павильон салынады деп жоспарланған. Көрме кешенінің құрылысы басталып та кетті.ЭКСПО ғимараттарын салуда «жасыл экономиканың» негізгі қағидалары сақталып, қалаларды байыпты жобалау қағидалары ескерілетін болады. Ең әуелі көрменің инфрақұрылымы халықаралық көрмелердің техникалық талаптарына сай болуы тиіс, оның ішінде экологиялық қауіпсіз материалдарды пайдалану, қуатты үнемдейтін нысандар салу керек.
Керемет:Жобаға сәйкес, ЭКСПО-қалашық орналасатын 173 гектар аумақтың 25 гектарында көрме кешені салынады. Шамамен 148 гектар тұрғын үй, қонақ үй, әлеуметтік-мәдени ғимараттар, білім беру және денсаулық сақтау, ойын-сауық, сауда-саттық нысандарының құрылысына, саябақтар мен бульварларға арналып отыр.ЭКСПО-2017 көрме кешенінің нысандары қуатты өте аз әрі үнемді жұмсайтын болады. Олар негізінен қайталанбалы қуат көздерін тұтынады. Оларға қоса интеллектуалды қуат жүйелері т.б. тың жобалар болады. Олар өз бейнесімен жаңа әрі таза технологияларды насихаттайды.
С.Нүркен:ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символы Қазақстан павильоны болмақ. Ол бірнеше қабаттан тұратын шар пішіндес ғимарат. Алып «шардың» диаметрі 150 метр, жалпы аумағы 24 мың шаршы метрді құрайды. Шар тәріздес пішін жердің биосферасын еске түсіреді. Болашақта бұл шар-ғимарат қоршаған ортамен үндестікте өмір сүретін адамзат нәсілінің символына айналмақ.
Ғафизбек:ЭКСПО-қалашықтың көшелері күн мен жел энергиясын толассыз алу үшін жоспарланған. Көрме қалашығының дәл ортасында орналасатын шар-ғимарат алыстан менмұндалап, көрменің мазмұны мен көркіне ерекше шырай бермек. Оның айналасында халықаралық, тақырыптық және корпоративті павильондар салынады. Тақырыптық павильондар «Қуат әлемі», «Өмірге қажетті энергия», «Энергия әркім үшін», «Менің болашақ энергиям» деп аталады.
Еркен:Кешен аумағында Өнер орталығы, Үздік тәжірибелер аймағы, Конгресс-орталық салынады. Үздік тәжірибелер аймағында баламалы қуат көздерін пайдаланудың ең озық мысалдары таныстырылады. Қазақстан павильонының құрылысының өзі қуат көздерін тиімді пайдаланудың үлгісі бола алады. Мысалы, оның шатыры оңтүстікке қарай еңкейте салынбақ. Бұл күн сәулесін неғұрлым көбірек жинауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, шатырда желден қуат алатын құрылғы орнатылмақ.
Бекзат:Ұйымдастырушылар таңдаған тақырып « Болашақ қуаты ».Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада алтернативтік энергетика саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды жинауға ұмтылып отыр Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен,әлемде бар алтерьнативтік күн,жел,,теңіз,мұхит және термальдық суэнергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді.
Медет: Күннен күнге дамып келе жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейдеқолғ алынса біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай,көптеген жұмыс орнын құрып сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз Сондықтан да біздің жас тәуелсіз еліміз үшін экспо көөрмесін өткізудің маңызы зор .
Аружан: ЭКСПО-2017 көрмесінің кешені Қазақстанның ғана емес, әлемнің әлеуметтік-қоғамдық дамуына қарқын береді. Оның үстіне, бұл көрме Астананың біртұтас брендіне айналуы да мүмкін. Көрме біткен соң оның павильондары ғылыми лабораториялар, инновациялық және коммерциялық жобалар үшін пайдаланылмақ. Осылайша, бүкіләлемдік көрмеден соң Астана ғылым мен мәдениеттің, туризм мен сауда-саттықтың орталығына айналады.
Мақсат: ЭКСПО-2017 көрмесі маусымдық модель бойынша ұйымдастырылмақ. Қысқа мерзімдік жазғы маусымда шамамен 5 миллион қонақ келеді деп болжанып отыр. Астана – инновациялық шешімдер тоғысқан, ғылыми ой мен озық технологиялар дендеп енген заманауи қала ретінде ЭКСПО-2017 көрмесінің басты символына айналуға лайықты.
Мейрамбек:ЭКСПО көрмелері қонақтарды қарсы алушы елдің өзінің кешегі тарихын, халықтық мәдениетін, ұлттық колоритін жарқырата көрсетудің мүмкіндігі екені есімізден шықпауы тиіс.Ендеше, ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстан үшін мақтан мен айбардың, жеңіс пен жетістіктің көрінісі болғай.
Қорытынды сөз.
Жамила: Экспо туралы не білеміз?
ЭКСПО бұл өнертабыстар алаңы.Бүкіләлемдік көрмелер немесе ЭКСПО осымен бір жарым ғасырдан аса уақыттан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында олардың танымалдығы өте артты – тіпті көрмелерді әлем чемпионаттарымен және Олимпиада ойындарымен салыстыратын болды. Сарапшылардың есептеуінше, 1851 жылы Лондонда алғашқы көрмені өткізгелі бері, ЭКСПО-ға бүкіл әлемнен миллиардтан аса адам келген. Жұртшылықты техникалық жаңалықтарды бірінші болып тамашалау мүмкіндігі қызықтырады. Дәл осы ЭКСПО-дан кейін телефон, рентген аппараты, сыдырма ілгек, балмұздаққа арналған вафлядан жасалған стақан, телехабар тарату, сенсорлық экран және т.б. дүниелер біздің күнделікті тұрмысымызға жол тартқан. Ал ЭКСПО-2017 бізді қандай жаңа техникалық дүниелерімен таңқалдырмақ? Өнертапқыштар қазір өз дүниелерін Астанада көрсетуге дайындалуда.
Жетер биік жолында

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан,
Татулығы бар әлеммен жарасқан.
Жер бетінде достық болу үшін де,
«Көрме» өткізіп жатыр елім Қазақстан!

Бастау алған Лондон атты қаладан,
Сәулет, өнер, түрлі-түрлі саладан.
Астанама келді кезек менің де,
Тікті көзін келбетіне бар адам.

Халық үшін еңбек етер жолында,
Қазағымның туы бүтін қолында.
Бақыт құсы қонғалы тұр тағы да,
Алға жұртым, тек ешқашан налыма!

Тәуелсіздік нұрын төккен шағында,
Келген бақты бағалай біл, арылма.
Өткелі тұр үлкен көрме өзіңде,
Жаса мәңгі, Қазақ елі жалында!

Тарихымды, салт-дәстүрді танысын,
Көрсін әлем жүйрік аттың шабысын.
ЭКСПО – ол келешектің кепілі,
Қазақ деген атқа лайық намысың.

Құрылыстан талмай қолы Қазағым,
Көзбен көріп жүргендіктен жазамын.
«Мәңгілік ел», жарқын сенің ертеңің,
Әлі-ақ айтар күн де туар жаз әнін.

Қыран – елім талмай қанат қағады,
Алға қойған құрылыстық саланы.
Елдігіміз, бірлігіміз жарасып,
Абыроймен өткізейік жобаны.

Өтсін уақыт, үлгереміз бәріне,
Келгелі тұр күллі әлем жеріме.
Бір береке кіргелі тұр бүгінде,
ЭКСПО боп Астанамның төріне! Тәрбие.орг сайтынан Экспо туралы не білеміз? Тәрбие сағаты материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Садриева Шынар Талғатқызы

Ақтөбе обл.Ырғыз селосы Ы.Алтынсарин атындағы ОМ Тарих пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar