Тәрбие.орг - ұстаздар сайтына тіркелу үшін жоғарыдағы сайтқа тіркелу деген жазуды басыңыз.

Келесі бетте сізге арнайы логинді, аты-жөніңізді және логинді толтыруға арналған жолдар шығады. Сол орындарды толтырып есептің жауабын жазған соң, тіркелу деген жазуды басыңыз.

Тіркелу деген жазуды басқан соң бірден сайтқа кіру бетіне өтесіз. Сол бетте логин және парольді жазып сайтқа кіруге болады. Сіздің почтаңызға сайтқа тіркелгеніңіз туралы хабарлама жіберіледі.

Осымен сіз сайтқа сәтті тіркелдіңіз. Құтты болсын!

Тәрбие.орг сайтына материал жариялау тегін және қалаған көлемде көптеген материалды жариялауға болады. Жариялау үшін сайтқа тіркелу міндетті емес. Сайтқа тіркелмей жариялауға болады. (бірақ тіркелген қолданушылар артықшылықтарға ие болады)

Материал жариялауға бар болғаны бірнеше минут уақыт кетеді. Бірнеше минуттар ішінде сіз материалыңызды бүкіл Қазақстан ұстаздарына таныстыра аласыз. Кез-келген ұстаз кез-келген уақытта сіздің материалыңызды көріп таныса алады.

Материал жариялау үшін жоғарыдағы сабақ жариялау деген жазуды басып жариялау бетіне өте аласыз.

Жариялау бетінде сәйкес бөлімді материалдың тақырыбын жазып материалдың өзін сайтқа салуға болады. 

Жарияланған материалдың толық нұсқасы деген жерге word-тағы материалдың барлығын көшіріп алып толық нұсқасы деген жерге вставить деп салуға болады. Ол жерде кем дегенде 100 сөз болуы шарт.

Ары қарай аты-жөніңізді және жұмыс орныңызды жазасыз. Есептің жауабы деген жерге тек санмен жауабын жазу керек. Мысалы суретте 25+два деп жазылса санмен 27 деп жазасыз.

Соңында жариялау деген жазуды бассаңыз материал жарияланды деп шығады.

Сіз материалды сәтті жарияладыңыз құтты болсын. Материалдың бетіне өту дегенді басып жарияланған материалды көруге болады.

Ұстаздар форумы - бұл бүкіл Қазақстан ұстаздарына арналға тәжірибе алмасуға арналған орын. Форумда сіз көптеген сұрақтарға жауаптар таба аласыз. ОМЖ, ҚМЖ тренингтер және сценарийлер жинағы жарияланған.

Күнделікті сабақ барысында туындайтын күрделі сұрақтарды қойып басқа да тәжірибелі ұстаздардан пайдалы кеңестер алуға болады. Ұстаздар форумы Tarbie.org сайтында орналасқан ең алғашқы тәжірибе алмасу алаңы.

Қазіргі таңда форумына мыңдаған ұстаздар кіріп білім алмасып ойларымен бөлісуде. Республикалық дәрежедегі ұстаздар форумына кіріп сен де өз ойыңмен бөліс, сұрақтарға жауап бер жаңа мүмкіндіктерге жол аш

Форумдағы жазба деген не?

Форумда жазба деп - егер сіз бір сұрақ қойсаңыз немесе кел-келген бір сұраққа жауап берсеңіз сол жазба болып есептелінеді.

Форумда жазбаны қалай жазамын?

Форумда жазбаны қалдыру үшін сайтқа тіркелуді ұстынамыз. Сайтқа тіркелген соң форум деген жазуды басыңыз

Форумнан кел-келген өзіңізге ұнаған бөлімге өту керек. Бөлімге өткен соң сізге сұрақтар тізімі шығады. Сол жерден жаңа жазба (жаңа сұрақ) қалдыруға немесе сұрақтарға жауап беруге болады. 

Жаңа жазба қалдыру үшін жоғарыдағы суреттегідей жаңа тақырып деген жазуды басып қоюға болады.

Ал сұрақтарға жауап беру үшін кез-келген сұрақтың астынғы жағынад жаңа жауап деп арнайы орын шығады. Сонда жауап жазуға болады.