8- сыныпта Қазақстан  тарихы пәнінен өткен "Ыбырай  Алтынсарин" тақырыбындағы ашық сабағымда пайдаланған  “Достарыңмен бөліс”- әдісімен  төрт  топқа екі 
тапсырманы  бөліп  бердім. Бірінші тапсырмада берілген  мәтінді  орыс  тілінен 
қазақ  тіліне аударып,  мағынасын  достарына  айтып  беру:     «Вчера мы посетили  мавзолей  Ыбырая (Ибрая) Алтынсарина. Ыбырай  Алтынсарин (1841-1889)- казахский  просветитель, писатель, педогог. Он  открывал 
школы, писал для  детей учебники,  переводил на казахский язык П.Н.Толстого,
И.А.Крылова, создавал  варианты
казахского  алфавита на основе
русской  графики. Последние  годы Алтынсарин жил и  работал в 
Кустанайском (раньше Николаевском) уезде. Он построил дом в 3 км.
от  Кустаная. Недалеко  от 
своего  дома на  берегу реки Тобол он и захоронен. Дом
Алтынсарина не  сохранился,  а мовзолей 
есть  до сих пор. Лет пять мы не
были на  этом месте. Стоял мавзолей на
певом  берегу Тобола, тихое,  спокойное, пустынное  место. Как же я была удивлена вчера, когда мы
стали подходить к этому месту! Вокруг 
стоят и строятся рестораны, бани, сауны, 
есть  даже  стрельбише. Я испугалась – не снесли  ли 
мавзолей? Вдруг помешал! Нет, мавзолей стоит,  жаль только, что он не так  ухожен, как близ  расположенные увеселительные  заведения. Дверь в Мавзолей «украшают»  ленточки тех, кто  посетил 
это место.»
 Бұл оқушылар  үшін тың  мәлімет болды. Екінші  топтан бір оқушы  жауап  беруге  шығып, орыс  тіліндегі  мәтінді өзінің  түсінігі 
бойынша  қазақша  аударма жасады.. Оқушы  жауабынан 
кейін,  Ыбырай  кесенесінің 
суретін слайдпен  көрсетіп, қазіргі  жай-күйінен және ондағы  халық 
қасиет  тұтып,  ленталар 
мен  орамал  байлайтын 
әулие ағаш туралы біраз 
мәлімет  бердім.       Екінші тапсырмада бір шумақ  өлеңнің  авторы 
кім  екенін, кімге  арналып 
жазылған және  қандай  әдеби 
жанрға  жататынын  айту:Үміт еткен көзімнің нұры– балам,Жаныңа  жәрдем берсін Хақ  тағалам.Атаң  мұнда анаңмен  есен-аман,Сүйіп  сәлем жазады  бүгін саған.Атаңды  сағындым деп  асығарсың, Надан  боп білмей қалсаң  аһ  ұрарсың.Шырағым,  мұнда жүрсең не  етер  едің,Қолыңа  құрық алып кетер  едің.Тентіреп  екі ауылдың арасындаЖүргенмен,  не мұратқа  жетер  едің?! - 
Бұл  өлең  жолдары  оқушыларға таныс  болу  керек. Әдебиет  пәнінде  кездеседі.  Бұған  үшінші топтың  бір оқушысы жауап берді. Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  Балқожа  бидің    Орынборда  
оқуда  жүрген   немересі  Ыбырайға 
 жазған  хаты 
екенін,  әдебиетте  арнау 
жанрына  жататынын айтты. Оқушыларың  жауабы  «басбармақ»  әдісімен 
 бағаланды.  Сабақ   барысында   оқушылар  қызығушылық 
танытып,  жаңа  мәліметпен 
танысқан   тапсырманың 
бірі  болды.

Добавлено (23.06.2016, 02:04)
---------------------------------------------
Құрметті  әріптес, сізде  өзіңіз  сабақ  барысында  қолданатын  әдісіңіз  туралы   жазуыңызды
өтінемін.