[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]

Ұстаздар форумының дизайны өзгеріп жақсартып жатырмыз. Егер форумды қарау барысында қателіктер шығып жатса алдын ала кешірім сұраймыз. Жақын арада барлығы жақсарады.

Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы / Форум учителей казахстана » Әкімшілік » Сайт туралы сұрақтар дамыту жолдары » Форумда жазба қалдыру туралы (Форумды бірге сапалы мәліметтер қорына айналдырайық)
Форумда жазба қалдыру туралы
ҰстазУақыты: Среда, 20/Апр/2016, 11:54 | Хабарлама # 1
Жиі үйренуші
Тобы: Администраторы
Жазбалары: 70
Беделі: 1
Статус: Оффлайн
Құрметті қолданушылар форумда жазба қалдыру барысында жазбаның сапасына мән беруді сұраймыз. Форум бұл ұстаздардың тәжірибе, білім алмасатын орны. Сондықтан сіздің жазбаңыз өзгелерге көмегі тиетіндей және пайдалы болу керек. Форумды бірге сапалы мәліметтер қорына айналдырайық

Жазбалар кем дегенде 25 сөзден құралып белгілі бір ойды немесе нақты бір сұрақты толығымен қамту керек. Мағынасыз сұрақтар сайттан өшіріліп және жазба авторы жазаланатын болады.

Ұстаздар форумы - бұл tarbie.org сайты ұйымдастырған  ұстаздарға арналған интернеттегі ең алғашқы тәжірибе алмасуға арналған алаң. Форумның мақсаты бүкіл Қазақстан ұстаздарын біріктіріп шығармашылығын шыңдай түсу. Сабақ барысында туындаған күрделі сұрақтарға жауап беріп тәжірибе алмасу.

Сондықтан сұрақ қоя барысында және жауап беру кезінде нақты өз ойыңызды жазып сапалы жауаптар жазу керек. Дұрыс қойылмаған сұрақтар мен жауаптар өшіріліп жазба авторлары жазаланатын болады.

Есіңізде болсын. Сіздің жазбаңызды мыңдаған ұстаздар мен сіздің әріптестеріңіз және оқушыларыңыз көріп өз ойларын айта алады. Сондықтан әр жазбаңыз сапалы және мағыналы болғаны дұрыс.
 
ҰстазУақыты: Среда, 20/Апр/2016, 11:55 | Хабарлама # 2
Жиі үйренуші
Тобы: Администраторы
Жазбалары: 70
Беделі: 1
Статус: Оффлайн
Форумда соңғы кезде ия, дұрыс, келісемін деген жазбалар көбейіп кетті. Әр қолданушы сұрақтарға жауап беру барысында өз ойын айтып сұрақтарды дұыс қойып толық жауап берсе, өзгелерді жауабын көшіріп қайта жауап беру дұрыс емес. Өз ойыңызды білдіріңіз немесе сұраққа жауап берудің қажеті жоқ.
 
Ұстаздар форумы / Форум учителей казахстана » Әкімшілік » Сайт туралы сұрақтар дамыту жолдары » Форумда жазба қалдыру туралы (Форумды бірге сапалы мәліметтер қорына айналдырайық)
Страница 1 из 11
Поиск:

Құрметті қолданушылар форумда сұрақ немесе жауап жазу алдында осы қарапайым ережелерді оқып шығуды сұраймыз:

1) Форумда сұрақ қойғанда сұрақтар форумда бұрын қойылмағандығын тексеріп шығуыңыз керек. Оны іздеу арқылы тексеруге болады. Егер сұрақтар қойылған болса ол сұрақты қайталып қоюға болмайды. Ондай жағдайлар анықталса сіздің кабинетіңіз бұғатталып сіз сайтты одан ары қолдана алмайсыз. Бұғатталған жағдайда редакцияға хабарласу керек.

2) Жауап жазғанда толық жауап беру керек. Кем дегенде 20 сөз. Мағынасыз дұрыс қойылмаған сұрақтар мен жауаптар ескертусіз өшіріледі

Сұрақты қалай жазамыз?

Название темы: 15 әріптен аз емес, мағыналы сұрақтың өзі жазылу керек

Описание темы: 10 сөзден қысқаша түсінік

Текст сообщения: сұрақтың толық нұсқасы, бүкіл сұрақ пен өз ойыңызды ұсыныстарды толық жазуға болады


Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: