Меню
Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Әкімшілік » Сайт туралы сұрақтар дамыту жолдары » Акция мақала бойынша сұрақтар мен жауаптар (Акция мақала)
Акция мақала бойынша сұрақтар мен жауаптар
Ұстаз
Жиі үйренуші
Группа: Администраторы
Сообщений: 64
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Акция мақала туралы сұрақтар мен ұсыныстарды осы форумда қалдыруға болады. Бізге сіздің ойыңыз өте маңызды. Әріптестеріңізге айтып өй бөлісіп кеңінен талқылайық.

Акция туралы толық мәліметтер акция бөлімінде жарияланған: http://tarbie.org/index/sajttan_sertifikat_tegin_alu/0-20 

Тәрбие.орг ұстаздар сайты сіздерді үнемі қуантып отыруға тырысады. Сайтта тағы жеңілдіктер ұйымдастырылады. Сондықтан сайтқа тіркеліп белсенді болуға шақырамыз. Тәрбие.орг барлығы ұстаздар үшін!
Ұстаз
Жиі үйренуші
Группа: Администраторы
Сообщений: 64
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Енді кез-келген қолданушы сертификатқа ақша аудармай жаз бойы қалаған көлемде сертификат алуына болады. Акция бойынша сіз  tarbie.org@mail.ru  почтасына 4 мақала және бір сабағыңызды жібересіз. Сіздің мақалаңыз сайтта жарияланып сізге 3 күннің ішінде тегін сертификат жіберіледі.

Біздің мақсатымыз қазақ тілін дамыту үшін аз да болса өз үлесімізді қосып, қолданушыларға пайдалы мәліметтерді қамтамасыз ету. Бұл акция ұстаздар сайтының қолдауымен өтіп жатыр.

Акция талаптары:
  • Ең басты талап мақала мағыналы, қатесіз және түсінікті болуы шарт
  • Мақала MS Word форматында ең кемі екі бет тақырыбы қойылған болу керек. (қаріп көлемі - 14, жолдың қатары – 1, беттің жан-жағындағы шеттерінен қалдырылатын орын – 2,0 см)
  • Мақала соңында автордың аты-жөні және толық жұмыс орны жазылуы шарт.
  • Мақаланы өзіңіз жазуыңыз керек. Интернет беттерінде бұрын жарияланған материалдар қабылданбайды.
  • Акция бойынша бір сертификат алу үшін 4 мақала және сертификат алғыңыз келетін 1 сабақты (жалпы саны 5 материал)  tarbie.org@mail.ru  почтасына "АКЦИЯ МАҚАЛА" деген тақырыпта жолдау керек.

​Қолданушылар жіберген мақалалар сайтқа жарияланады және сіздің почтаңызға толық мәліметтер жіберіледі. Мақалада жазған қолданушының авторлық құқығы сақталады.

Сіз 4 мақаланы жоғарыдағы талаптар бойынша жазып болған соң  tarbie.org@mail.ru  почтасына барлық 5 материалды жіберу керек. Жіберілген хатта сіздің толық аты-жөніңіз, толық жұмыс орныңыз көрсетіп сертификат алатын материалдың тақырыбын жазып жібересіз.

Жіберілетін хатта астындағы жолдарды толтырып үлгіге сай жіберу керек.
Жанат
Группа: Қонақ
 
Тақырыбы: Биікке қанат қақтық біз,қош бол,
алтын ұя,мектебім!

Мақала авторы: Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ержігітова Жанат Нұрсұлтанқызы

2016 жылдың 25 мамыры күні Жалаңтөс Батыр ауылында орналасқан Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепте
«Биікке қанат қақтық біз,қош бол,алтын ұя мектебім» атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті.
Бұл күн мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез келген пендені бей жай қалдырмайтын ұлы мереке…
Бұл күн алтын ұя мектебін бітіріп , балалық шақтан болашаққа қанат қаққан ,жүректері лүпіл қағып,қимастық пен қуаныш ,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең қымбат,ең қимас, ең бір ұмытылмас күн және өзінің уақытын аямай,өзгенің уақытын аялай білетін,өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың он бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болған күн…
Ауданымыздың және ауылымыздың белгілі азаматтарымен ,балапандарын ұядан ұшырған құрметті ата-аналармен,біліммен тәрбиесін тең берген аяулы ұстаздармен,биікке қанат қаққан 25 түлектерімізбен және осындай түлектеріміздің ізін қуған оқушыларымызбен өткізілген кешіміз өте әсерлі кеш болды.
Соңғы қоңырау жиынын мектебіміздің директоры Бердібекұлы Сейілхан ағай өзінің кереметтей жылы лебізімен ашты.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына сәйкес келіп тұрған 25 түлегіміз салтанатты жиыннің төрінен орын алған соң,кешіміз басталыпта кетті.
Аудандық білім бөлімінен келген Алпамысова Көркем апай, Қарашеңгел ауылдық округінің әкімі Әбілхан Алмат ағай және Жалаңтөс жауапкершілік шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры Сәрсенов Абзал ағай бітіруші түлектерге жүрек жарды лебізін білдіріп, 11 сыныпты үздікке бітіріп отырған үш оқушымызға «үздік оқушы» номинациясымен марапаттады.
«Ұстаз,мектеп» жайлы сан алуан әндер шырқалып,қазақша билер билеп,жүректі тебірентерлік монологтар оқылып, ешқашан естен кетпес «мектеп вальсі» орындалып , кешке жиналған барша халық,білім берген ұстаз қауымы , болашаққа қадам басқан құлындарын көрген ата-аналарда , осы жиынның басты кейіпкерлері жас түлектерде 11 жыл бойы екінші үйлеріне айналған алтын ұя мектептерін қимай көздеріне жас алды.
Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер демекші салтанатты жиынды аяқтамас бұрын, ауыл ақсақалы Сайын атадан бата алдық.
Барша бітіруші түлектерді және қасиетті білім ордаларын,ыстық сағынышпен еске алып отырған жандарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз.
Алдағы болатын үлкен сынақ ұлттық біріңғай тесттен жоғары ұпай жинап ,жоғарғы оқу орынына түсулеріңізге шын жүректен тілектеспіз.
Бітіруші түлектерге сәттілік!

Добавлено (08.06.2016, 21:07)
---------------------------------------------
Тақырыбы: «Бақытты балалық шақ»
Авторы: Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Ержігітова Жанат Нұрсұлтанқызы

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Балам деген Ел болмаса, Елім деген бала қайдан шығады» - деген. Ұлы сөз!
Елімізде жыл сайын 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Қазалы ауданы бойынша 1 маусым – Балаларды қорғау күнін жыл сайын өз деңгейінде атап өту дәстүрге айналған.Осындай шара Жалаңтөс батыр ауылының Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектепте де кеңінен атап өтіледі. Мектеп жанынан құралған «Қарлығаш»күндізгі тынығу лагерінің ашылуына сәйкес келген бұл мереке кішкентай бүлдіршіндердің есінде жақсы естелік болып қаларына сенімім мол.
Жас буынды патриоттық сезімге баулу үшін Мемлекеттік әнұран тыңдалды. Мерекелік шараны мектеп директоры Бердібекұлы Сейілхан ағай кіріспе сөзбен ашып , қонақтарды және жас өрендерді мерекемен құттықтады. Келген қонақтарға оқушылар ән-шашуларын тарту етті.Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін ескертеді.
«Бақытты балалық шақ!» атты балаларға арналған кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанатов Амангелді ағайға берілді.
Біздің еліміз – Қазақстанда егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы үшін барлық жағдай жасалынған. Боламын деген баланың бетінен қақпай, белінен буатын дана халқымыз тұлымшақты құлыншақтарға тағлымды тәрбие беріп өсірген. Кішіпейілділікке баулып, ұлылыққа жетелей тәрбиелеген.Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру». Бала – бауыр етіміз. Болашағымыз. Өміріміздің жалғасы.Балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік!

Добавлено (08.06.2016, 21:12)
---------------------------------------------
Мақала
Тақырыбы: Күміс қыстың қызығы
Авторы: ағылшын тілі пәні мұғалімі :Ержігітова Жанат
Нұрсұлтанқызы

2016 жылдың 5 ақпанында №103 Қ.Пірімов атындағы орта мектепте «Күміс қыстың қызығы» тақырыбында алғаш рет қысқы бал кеші өтті. Бұл қыстық шара 8,9 және 10 сынып оқушылары арасында сайыс түрінде өткізілді. Сайыстың шарты ретінде 6 кезең қамтылды.Таныстыру/сәлем сөздің анасы/,қыстық көрініс,үй тапсырмасы/қолөнер бұйымдары/,қыстық сән үлгісі,сұрақ-жауап және концерттік бағдарлама. Бұл өткізілген шарада әділқазы алқалары төрден орын алды. Олар мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Прманова Ләйлә апай, мектеп тәлімгері Жәмшейт Роза апай және мектеп кітапханашысы Қанатова Лида апай. «Күміс қыстың қызығы» атты қысқы бал кешін ашу үшін және сынға түскелі тұрған сайыскерлерге сәттілек тілеу мақсатында жүрекке жылылық ұялатар алғашқы сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшыларының бірі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қанатов Аманкелді ағайға сөз берілді.
Сайыскерлер сыныптар бойынша «Күміс қыс»,»Бәйшешек» және «Ақ ұлпа» топ аттарымен сайысқа түсті.Әр кезең өз деңгейінде және де әр топ өз белсенділігімен,біліктілігімен,жаңа идеяларымен ерекше көзге түсіп,әділқазы алқаларын және көрермен қауымын таң қалдырды. Атап айтар болсақ 8сынып оқушылары «Қара пима» көрінісін әсерлі сомдап, залдағы әр көрермен жүрегіне әсер қалдырды. 9 сынып оқушылары қол өнер бұйымдарымен ерекше көзге түсті. Жаңа идеяға толы бұл бұйымда аппақ қар басқан мектеп ауласы бейнеленген.Ал 10сынып оқушылары «қыстық сән үлгісі» шартымен көрермендердің ,әділқазы алқаларының қошеметіне бөленді.Осылайша бір-бірінен оза шапқан сайыскерлермен сайыс соңына да таяп жеттік.Барлық шартымыздан сүрінбей өткен «Бәйшешек» тобы 1 орынды, «Ақ ұлпа» тобы 2 орынды ,ал «Күміс қыс» тобы 3 орынды иеленді.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Прманова Ләйлә апай қатысушы топтарға мақтау қағаздарын табыстап,алдағы уақытта жоғары жетістіктерден көрінулеріне тілектестігін білдіріп,қатысқан сайыскер топтарға және де алтын уақыттарын қиып жанкүйерлік танытқан көрермен қауымына алғысын білдірді.

Ұстаздар форумы » Әкімшілік » Сайт туралы сұрақтар дамыту жолдары » Акция мақала бойынша сұрақтар мен жауаптар (Акция мақала)
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: