Меню
Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Әкімшілік » Ұстаздарға арналған акциялар мен жеңілдіктер » Ұстаздар сайты ұйымдастырған акциялар уақыты біткен (барлық болып өткен акциялар туралы толық мәлімететр)
Ұстаздар сайты ұйымдастырған акциялар уақыты біткен
Ұстаз
Жиі үйренуші
Группа: Администраторы
Сообщений: 64
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Бұл акциялар уақыты біткен, яғни жарамсыз акциялар. Қолданушылар арасында түсінбеушілік болмас үшін осы жерде жариялаймыз.
Ұстаз
Жиі үйренуші
Группа: Администраторы
Сообщений: 64
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
I. Акция мақала туралы мәліметтер:Тәрбие.орг ұстаздар сайтынан енді сертификаттарды тегін алуға болады. Берілетін сертификаттарда шектеу жоқ. Демек бір мұғалім қалағанша сертификат алуына болады. Бұл акция сайттың берсенді қолданушыларының сұранысы бойынша өткізіліп жатыр.
Акция мақала өткізілу уақыты 01.06.2016 - 01.09.2016
Енді кез-келген қолданушы сертификатқа ақша аудармай жаз бойы қалаған көлемде сертификат алуына болады. Акция бойынша сіз  tarbie.org@mail.ru  почтасына 4 мақала және бір сабағыңызды жібересіз. Сіздің мақалаңыз сайтта жарияланып сізге 3 күннің ішінде тегін сертификат жіберіледі.
Біздің мақсатымыз қазақ тілін дамыту үшін аз да болса өз үлесімізді қосып, қолданушыларға пайдалы мәліметтерді қамтамасыз ету. Бұл акция ұстаздар сайтының қолдауымен өтіп жатыр.
Ескерту: Акция бойынша мақала интернет беттерінен, кітаптардан алынған материалдар қабылданбайды. Сабақ жоспарлары қабылданбайды. Мағынасы жоқ және қате жазылған мақала қабылданбайды.
Акция бойынша мақала өзіңіз жазған (ойыңыздан) және пайдалы болу керек. Шығармалар мен пайдалы кеңестер қабылданып сертификат жылдам жіберіледі. Мысалы өзіңіз білетін пайдалы кеңестер (жазды қалай өткізуге болады, баланы қалай тәрбиелеу керек, техника жайлы пайдалы кеңестер және т.б) жіберуге болады. 
Акция талаптары:
  • Ең басты талап мақала мағыналы, қатесіз және түсінікті болуы шарт
  • Мақала MS Word форматында ең кемі екі бет тақырыбы қойылған болу керек. (қаріп көлемі - 14, жолдың қатары – 1, беттің жан-жағындағы шеттерінен қалдырылатын орын – 2,0 см)
  • Мақала соңында автордың аты-жөні және толық жұмыс орны жазылуы шарт.
  • Мақаланы өзіңіз жазуыңыз керек. Интернет беттерінде бұрын жарияланған материалдар қабылданбайды.
  • Акция бойынша бір сертификат алу үшін 4 мақала және сертификат алғыңыз келетін 1 сабақты (жалпы саны 5 материал)  tarbie.org@mail.ru  почтасына "АКЦИЯ МАҚАЛА" деген тақырыпта жолдау керек.

​Қолданушылар жіберген мақалалар сайтқа жарияланады және сіздің почтаңызға толық мәліметтер жіберіледі. Мақалада жазған қолданушының авторлық құқығы сақталады.
Сіз 4 мақаланы жоғарыдағы талаптар бойынша жазып болған соң  tarbie.org@mail.ru  почтасына барлық 5 материалды жіберу керек. Жіберілген хатта сіздің толық аты-жөніңіз, толық жұмыс орныңыз көрсетіп сертификат алатын материалдың тақырыбын жазып жібересіз.
Жіберілетін хатта астындағы жолдарды толтырып үлгіге сай жіберу керек.
Жұмыс орныңыз және мамандығыңыз сертификатта жазылатын (Облыс, қала міндетті. Мысал: Алматы облысы Алматы қаласы №7 жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі): Аты-жөні толық (Мысал: Джамбулов Нұрбол Сәбитұлы) Материалдың тақырыбы (Мысал: Етістік және оның түрлері) Жарияланған материалдың жеке номері (білмесеңіз міндетті емес): Жиі қойылатын сұрақтар:
1) Мақаланың бағыты қандай, келген-тақырыпта жазуға болады ма?
Жауап: Акция бойынша және қолданушылардың сұранысы бойынша мақаланың арнайы бағыты жоқ. Бірақ қазақ халқының ұмытылып бара жатқан дәстүрлері, тарихи деректері, би-шешендер тарихы, ырым-тыйымдар, ескі ертегілер, ұлттық құндылықтар жазылған мақалалар жоғары бағаланады. Мысалы: қазақстанның кез-келген өңірінде ұмытылып бара жатқан аңыз әңгімелер немесе дәстүрлер бар соларды жазсаңыз болады.
2) Акция бойынша сонда қанша мақала жариялау керек?
Жауап: Жалпы саны 5 материал. Яғни 4 өзіңіздің жазған мақалаңыз және сертификат алғыңыз келген материал. Егер сіз бұрын сайтта материал жариялаған болсаңыз тек 4 мақала жіберіп сол материалға сертификат алуға болады.
3) Маған сертификат қанша уақытта беріледі?
Жауап: Акция бойынша сертификат 4 күнде беріледі. Бірақ біз одан да жылдам жіберуге тырысамыз.
4) Менің сұрағым бар сіздерге қалай қоюға болады?
Жауап: Сұрақтарды  tarbie.org@mail.ru  почтасына немесе 8 778 389 92 92 номеріне қоюға болады. 
Акция Мақала бойынша маңызды сұрақтар мен ұсыныстарды форумда қоюға болады. ФОРУМҒА ӨТУ
Ұстаз
Жиі үйренуші
Группа: Администраторы
Сообщений: 64
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
II. Акция АЛҒЫС ХАТБұл жеңілдіктердің уақыты шектелмеген. Бұған 01.12.2015 жылдан бастап кез-келген ұстаздар қатыса алады.
Ұстаздар сайтында грамоталарды, алғыс хаттарды қалай тегін алуға болады?
1) Егер сіз сайттан 4 сертификат (ақылы түрде өзіңізге немесе әріптесіңізге) алсаңыз - сізге тегін 1 алғыс хат беріледі
2) Егер сіз сайттан 8 сертификат (ақылы түрде өзіңізге немесе әріптесіңізге) алсаңыз - сізге тегін 1 алғыс хат және 1 құрмет грамотасы (құрмет грамотасын алғанда сізді құрмет тақтасына жариялаймыз) беріледі. Арнайы сіз үшін сайттан бір бет ашып онда сіздің суретіңіз және сіз туралы мәліметтер жазылып жарияланады. Құрмет тақтасының үлгісін көру үшін мына жазуды бас. 
Сертификаттар 01.12.2015 жылдан кейін алынған болуы шарт.
Жоғарыдағы шарттардың бірін орындаған соң  admin@tarbie.org  почтасына акция АЛҒЫС ХАТ деген тақырыпта өзіңіздің алған сертификаттардың номерлерін жазып жіберіңіз.  4-5 күнде редакторлар тексеріп сізге алғыс хаттарды, құрмет грамоталарын қалай алу керектігі жөнінде нұсқаулық жібереді.
Ұстаздар форумы » Әкімшілік » Ұстаздарға арналған акциялар мен жеңілдіктер » Ұстаздар сайты ұйымдастырған акциялар уақыты біткен (барлық болып өткен акциялар туралы толық мәлімететр)
Страница 1 из 11
Поиск: