Меню
Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Ұстаз, ата-ана, тәрбиешілер және білім саласы туралы форум » Балалардың қиындықтары » Оқушы алдындағы мұғалімнің жауапкершілігі қандай?
Оқушы алдындағы мұғалімнің жауапкершілігі қандай?
Perizat
Белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 105
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Оқушы алдындағы мұғалімнің жауапкершілігі қандай? Ата-ананың ше?
anarb2014
Жиі үйренуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 60
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Оқушы алдында ұстаз өз өзін ұстай білуі тиіс 

Сообщение отредактировал anarb2014 - Вс, 10.01.2016, 17:46
klyshbaeva1972
Аса белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 158
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Оқушының  көзімен  ойымен  біз ; Барлығын  білетін білгір  адамдармыз, Өз  өзін  ұстай  білетін  ұстамды  адамдармыз, Үлкенді  сыйлай  білетін  сыпайы  адамдармыз, Ақылды  айта  білетін  дана  адамдармыз. Сол  себепті  осы  атақтарға  ылайықты  болуымыз  керек.
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Мен мұғалім ретінде оқушыларға білім беру мен тәрбие берудегі жауапкершілікті мұғалім бойындағы ең басты қасиет деп түсінемін. Ұстаздар қауымы елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыратын ұрпақ тәрбиелеуде үлкен жүкті арқалай отырып, қоғам алдындағы зор жауапкершілік жүктелгенін бүгінде нақты сезінген деп ойлаймын.
dau
Аса белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 164
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Оқушы алдында қандай мұғалім болса да өзін көрсете білу керек.Алдындағы жауапкершілікті үлкен сеніммен атқару.Ата-ана одан ратық болмаса ,кем түспеу керек.Бала көп уақытын үйде өткізеді.Кей ата--ананың әлсіздігін біліп бала ойына келгенді жасайды.Сосын мектепте мұғалімге сол мінездерін көрсетуі мүмкін.Сондықтан бірдей жауапты.
salta_karla85
Сөз білгірі
Группа: Сайт тілшісі
Сообщений: 1001
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
оқушыға білім мен тәрбие беру, ал ата ана соған мүмкіндік жасау
futuresimple94
Жиі үйренуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 76
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
"Біз ұстаздар ерекше бір жандармыз
Кейбіреуге қол жетпейтін арманбыз
Кей кездері отбасы мен мектепті
Шаршап жүріп шатастырып алғанбыз", - дегендей мұғалімнің оқушы алдындағы жауапкершілігі зор. Әсіресе бастауыш сынып мұғалімінің көтерер жүгі ауыр, алдыңда қанша көз, қанша тұлға, ертеңгі "кішкентай халық" отыр, олардың жан дүниесіне үңіліп, жүрегінен орын алу үлкен бақыт, қуаныш. Олар нағыз "Тоты" құс дерсің, себебі олар сенің жүріс- тұрыс емес, сөзің мен іс - әрекетіңді, киіміңе дейін үйінде "сахналап"  кейде (әсірелеп, жандандырып) көрсетіп қана қоймай, жазуыңа дейін, мінез - құлқыңды да бейне гупка сияқты бойына сіңіріп алады. Сондықтан да қазіргі мұғалім оқушы алдында өзінің "тамаша" келбеті, жүріс - тұрыс, әдебімен де үлгі болу керек. "Мұғалім - мектеп айнасы"
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші.
zhazira2011_1989
Аса белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 208
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
иа керемет пикирлер келисемин
kumisgul90
Жиі үйренуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 56
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Мұғалімнің де, ата - ананың да жауапкершілігі үлкен.
layliml
Сөз білгірі
Группа: Тексерілген
Сообщений: 999
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
мұғалім оқушы үшін ата анадан кейінгі үлгі алатын екінші адамы болуы керек
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 
Шаршаса да осы жолдың бойында, 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.

Rauila
Бәрін білуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 477
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихындажинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі
шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен
оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
smile
manatkazybaieva
Білгір
Группа: Тексерілген
Сообщений: 86
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Мұғалімнің жауапкершілігі өте үлкен
ainur_b1994
Бәрін білуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 441
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Perizat, екеуіде бірдей
lailimishanova
Сөз білгірі
Группа: Тексерілген
Сообщений: 996
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
ия
samatuly_e
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1999
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
anarb2014, жоқ
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Ұстаздық өте жауапты мамандық екені баршамызға белгілі. Ол – мектептің де, қоғамның да, ғылымның да, білімнің де, тарихтың да, ұлттың да, мәдениеттің де, адамгершілік пен ерліктің де, жақсы мінез бен ақындықтың да нағыз жанды өкілі. Үнемі бала көзінде болу әрдайым жинақы, таза, әдепті жүруді талап етеді. Кез келген уақытта шәкірттің қандай да болсын сұрағына білімділікпен жауап беруге тура келеді. Оған нақты, дәлелді, сенімді, көркем, жүйелі, тартымды сөйлеу керек. Ұстаздың әділдігі, адалдығы, батылдығы, мінез сұлулығы, іс пен сөз бірлігі, шыншылдығы, ұстамдылығы күн сайын балалар тарапынан баға алып отырады. Ол – әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы. Ұстаз – мейірім, махаббат, сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерінің көрігі. Ұстаз – білім беру сапасын арт­тыру саясатын тікелей жүзеге асыру­шы. Ол – мемлекетімізді құрмет­теу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарытушы. Мемлекетіміздің өркениетті даму саясатының мектептегі насихатшысы да – ұстаз. Бір сөзбен айтсақ, мұғалім – мемлекет өкілі. Ол өзінің ісімен де, сөзімен де, жүріс-тұрыс мәдениетімен де, мектепте және мектептен тыс қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесі болып табылады.
Айгуль_Иманкулова
Бастапқы
Группа: Қолданушы
Сообщений: 8
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
"Ұстазы жақсының -ұстанымы жақсы" дегендей біздер ұстаздар оқушылардың алдында мәдениеттілігімізбен, әдептілігімізбен, білімділігімізбен үлгі болып, жүрегін жаулап алуымыз керек. Ата-аналар сонда ғана өз балаларының сенімді қолда екенін түсініп , мұғалімге деген көзқарасы жақсарады. Өкінішке орай кей ата -аналар мұғалімге деген жеке бастарындағы сезімдерін жасыра алмай балаларына кері әсер етеді.
aidin03
Белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 109
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Мұғалім нің оқушы алдында жауапкершілік өте көп. Себебі мұғалім оқушыны тəрбиелеуші болғандықтан, Үлкен жауапкершілік пен қарап, оларға тəрбие беруде шатасуға құқы жоқ.
bulat_sirlibaev
Белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 120
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Оқушы алдында ұстаз өзін - өзі сенімді ұстай білген жөн. Ұстаз қай кезде болмасын баланың алдында ұлы  адам болып саналады сондықтан өзін биік ұстай білген жөн деп есептеймін.
Бородулиха
Үйренуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 30
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Ұстаз өз сөзімен ғана емес, ісімен де үлгі көрсетуі керек. Қазіргі талапшыл, шыдамсыз балаларға өте сабырлы, қажырлы ұстаздар ғана төтеп бере алады.
Ұстаздар форумы » Ұстаз, ата-ана, тәрбиешілер және білім саласы туралы форум » Балалардың қиындықтары » Оқушы алдындағы мұғалімнің жауапкершілігі қандай?
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: