Меню
Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS
Страница 1 из 11
Ұстаздар форумы » Пәндер бойынша ұстаздар форумы » Бастауыш сынып ұстаздарына арналған форум » Атау септік ашық сабақ (Атау септік ашық сабақ)
Атау септік ашық сабақ
Аман_Батырбекұлы
Жиі үйренуші
Группа: Тексерілген
Сообщений: 74
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Пән:

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Атау септік

Сабақтың мақсаты:

1.Өз бетінше жұмыс жасату арқылы атау септік туралы білім алуға жағдай жасау. 2.Елестету арқылы шығармашылық ойлау қабілетін,грамматикалық тапсырмалар арқылы теориялық ойлауын, тілін байланыстыра
сөйлеуін дамыту. 3.Оқушыларды айналадан қуаныш іздеп, оны сыйлай білуге  мейірімділікке, өз-өзіне сынай
қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Талдау, ажырату,сұрақ-жауап, топтау, жинақтау,дәлелдеу.

Қажетті ресурстар:

А4 қағазы, Сызба –сурет,қима қағаздар, көк,қызыл,сары стикерлар, « Қыс қызықтары» суреті.

Сабақ барысы:

Ұйымдасты-рушылық кезең

Ширату. «Саяхатқа шығу»                     Әр топтың оқушылары шеңберге тұрып өзінің есімінің ең бірінші әріпіне сәйкес саяхатқа алып
шығатын заттарын қосып атау.Келесі тұрған тыңдаушы алдында тұрған  тыңдаушының атын,затын қоса атау және
өзінің атына сәйкес затты атайды. Оқушыларға сұрақ: Ең бірінші тұрған адам мен соңғы адамның іс-әректінде қандай айырмашылық болды?

I.Бағдарлау –мотивациялық кезең.

Қызығушылықты ояту. -Сызбадан өзіңе қуаныш ізде.                     -Күн, доп,доңғалақ, шеңбер,жер, сақина,                     -Бұл зат атаулары қандай қуаныш сыйлауы                          мүмкін?(ойларын дәлелдету). -Бұл заттардың барлығына қандай сұрақ қоямыз? -Кім? Кімдер? -Бұл сөздердің барлығы нені білдіреді? -Зат атаулары.

Тірек-сызба бойынша жұмыс:

Мысалдар сұрақтары жалғаулары септік Сөйлемдегі қызметі Күн  Кім? Не?      жоқ Атау Бастауыш Доп Кімдер?       Доңғалақ Нелер?       Шеңбер         Жер         Шар         Бас

II.Операциялық-орындаушылық кезең.

-Бүгінгі күннен осы сызбаға лайық қуанышты тап.... -Жұмырланған қар, ақшақар, мұзайдын т.б -Сұрақ қой. -Қыс қызықтарын атау септікте  жалғастыр -Сыйлық, шаңғы, шана,аққала т.б

Шығармашылық тапсырма:

«Қыс әкелген қуаныш» тақырыбына мәтін құра. 1.Атау септікте тұрған зат есімдердің астын сыз. 2.Сөйлемді аяқта: -Қыстың қызығымен бірге ........  .......... қатаңдығы қатар келеді.

1-жаттығу

Биыл қыс суық болды. Қар қалың жауды. Жиі-жиі боран соқты. Тапсырма: 1.     Сөйлем мүшелеріне талда. 2.     Бастауыштың қай септікте тұрғанын айт. 3.     Ойды байланыстыра әрі қарай жалғастыр. Мәтінге ат қой. -Қыс қаталдығынан қалай сақтанамыз? -Қысты жібітуге бола ма?

2-жаттығу

Тапсырма: 1.     Мәтін мазмұны не дейді? 2.     Мұздай жүректі жылытатын, жібітетін не екен? 3.     Мейірімді кімнен аласың? 4.     Мейірімділік туралы мақал-мәтел  білесің бе? 5.     Ойыңды 3-4 сөйлемнен  қорытып жазып, ішінен атау
септіктегі сөздерді тап.

III.Бағалау –рефлексиялық кезең.

Шығармашылық тапсырма: -Қыс қызығынан алған әсерімізді сөзұйқасқа салып,ойымызды жеткізейік. ..........   .........  жеттік,                          .........   ........
келді, ..........   .........  тептік.
........    ........   ерді. ..........    ...... ...  шанамен                   .......    ........  бізге ..........    .........   кеттік.                       .......    .......   берді.                                             ...........   ..........  қызықтаймыз,                                             ............    .........  қорықпаймыз. Тапсырма: -Қыс белгілері қар, боран,аяз,мұз, Аяз ата,өрнек сөздерін септе.

Ой жаттығуы:

1.Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенен гөрі басқалар көбірек атайды? 2. Елекпен су әкелуге бола ма? Тапсырма:  Бұл сұрақтардың бүгінгі сабаққа байланысы қандай?

Бағалау:

«Өзін -өзі» бағалау парағы бойынша  оқушылар өз жауаптарын жинаған ұпайлары арқылы бағалайды. Әр тапсырмаға 5 ұпай беріледі. Оқушының аты -жөні тапсырмалар Ұпай саны Баға сы   1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

Үйге тапсырма:

1.Өзің қалаған 3 зат атауына жұмбақ құрастыру. 2. «Аты аталып,даңқы жер жарып жүрген есімдерден кімді білесің?» мәлімет-мәтін жазып, құрастырып келу.
Сообщение отредактировал Аман_Батырбекұлы - Пт, 01.01.2016, 20:43
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Сабағыңыз сәтті өтсін
magira_73
Активист
Группа: Тексерілген
Сообщений: 552
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
up
layliml
Сөз білгірі
Группа: Тексерілген
Сообщений: 999
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
рахмет
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Әдіс тәсілдерді пайдалануға болады
salta_karla85
Сөз білгірі
Группа: Сайт тілшісі
Сообщений: 1001
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
бұл не?
bulat_sirlibaev
Белсенді
Группа: Тексерілген
Сообщений: 120
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
Осындай да бола ма ?
lailimishanova
Сөз білгірі
Группа: Тексерілген
Сообщений: 996
Репутация: 0
Статус: Оффлайн
 
рахмет
Аккалиевна
Үздік форумшы
Группа: Тексерілген
Сообщений: 1951
Репутация: 1
Статус: Оффлайн
 
Жаман емес
Ұстаздар форумы » Пәндер бойынша ұстаздар форумы » Бастауыш сынып ұстаздарына арналған форум » Атау септік ашық сабақ (Атау септік ашық сабақ)
Страница 1 из 11
Поиск:
Новый ответ
Имя:
Текст сообщения:
Код безопасности: