Меню
Артқа »
Акция бөлімі: сайттан сертификат, алғыс хаттар, грамоталарды тегін алу ұстаздарға арналған сайыстар

Тәрбие.орг ұстаздар сайты - ұстаздарға арнап жеңілдіктер ұйымдастыруда. Қазіргі таңда белсенді екі акция бар:

1) Акция АЛҒЫС ХАТ (уақыты шектелмеген)

2) Акция ФОРУМ (уақыты шектелмеген)



I. Акция АЛҒЫС ХАТ туралы мәліметтер

Тәрбие.орг ұстаздар сайтынан енді алғыс хат пен құрмет грамотасын белсенді қолданушылар тегін алуына болады. Ол үшін:

1) Егер сіз сайттан 10 сертификат (өзіңізге немесе әріптестеріңізге) алсаңыз - сізге тегін алғыс хат беріледі.

2) Егер сіз сайттан 15 сертификат (өзіңізге немесе әріптестеріңізге) алсаңыз - сізге тегін құрмет грамотасы беріліп, құрмет тақтасына сайтта жариялаймыз.

Құрметті қолданушылар акцияға қатысу үшін сертификаттардың барлығын бірден алу керек. Яғни 10 сертификат бір уақытта алынуы шарт. Егер сертификаттар бір уақытта алынбаса акция бойынша алғыс хаттар берілмейді. 

Толық мәліметтер анкетада жазылған. Сайттан жүктеп алып көруге болады.

Анкеталық мәліметтерді осы жерден жүктеп алуға болады. Акцияға қатысу үшін анкеталық мәліметтерді тек осы жерден алу керек.

10 сертификат алу үшін анкеталық мәліметтерді жүктеп алу:

15 сертификат алу үшін анкеталық мәліметтерді жүктеп алу:

 

Акция бойынша сертификаттар 48 сағат ішінде (құрмет грамотасы әр жексенбі күні) сіздің почтаңызға жіберіледі. Акция бойынша алғыс хат пен құрмет грамотасы да қоса беріледі.

Сұрақтарды tarbie.org@mail.ru почтасына жолдауға болады.



II. Акция ФОРУМ туралы мәліметтер

Ұстаздар форумы - бұл тәрбие.орг сайты ұйымдастырған ұстаздарға арналған ең алғашқы тәжірибе алмасу алаңы. Форумда күніне мыңдаған ұстаздар бірігіп өздерін мазалаған сұрақтар қойып оларға жауап беріп тәжірибе алмасуда. Біздің форум Қазақстандағы ең алғаш онлайн түрдегі жалғыз Республикалық ұстаздар бірлестігі.

Ұстаздар форумында белсенділікті арттыру үшін ұстаздар сайты тәжірибені дамыту үшін арнайы акцияны ұсынады.

Акция шарты бойынша:

  • Форумда 30 сұрақ қойсаңыз - сізге тегін 1 алғыс хат беріледі
  • Форумда 100 сұраққа жетсе - сізге тегін 1 сертификат беріледі
  • Форумда 400 сұраққа жетсе - сізге тегін 1 құрмет грамотасы беріледі және құрмет тақтасына жариялаймыз.

​Бұл акция форумға жаңа қолданушылар мен жас ұстаздарды шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Акция шарттары:

Бұл акция бойынша жаңадан тіркелген қолданушылар форумда 30 сұрақ қойса алғыс хат, сұрақтар саны 100 жетсе сертификат беріліп кете береді.

Егер сіз сайтта бұрын тіркеліп форумда жазбаларыңыз болса сізде қатыса аласыз. Бастысы сұрақтар саны 30-дан асу керек. Оны жеке кабинетіңізде көре аласыз.

Назар аударыңыз: Форум - бұл тәжірибе алмасу алаңы. Сондықтан санына емес сапаға көңіл аударуларыңызды сұраймыз. Сұрақтың тақырыбы кем дегенде 5 сөзден асып жазбаның мәтіні (кем дегенде 30 сөз) сұрақты толық ашу керек.

Бір екі сөзден құралып дұрыс, келісемін, ия, қалайсыздар, не істеп деген жазбалар авторы акцияға қатыспайды.

Форумда сұрақтарды қалай қояды?

Форумда сұрақ қою үшін алдымен сайтта тіркелу керек. Сайтта тіркелген соң жоғарыдағы форум деген жазуды басу керек.

 

Форумда өзіңізге ұнаған кез-келген бөлімге өтіп сонда сұрақ қоюға болады. Алдымен бөлімдердің бірін басыңыз.

Жаңа сұрақ қою үшін жоғарыдағы новая тема (жаңа тақырып) дегенді басып жазуға болады.

Сұрақтарға жауап жазу үшін сол сұрақтың бетіне өтсеңіз, астында жаңа жауап деп арнайы жазатын орындар бар. Толығырақ http://tarbie.org/faq

Жоғарыдағы шарттардың бірін орындаған соң анкеталық мәліметтерді толтырып біздің почтаға жіберу керек. Анкеталық мәліметтерді астындағы жүктеу деген жазуды басып жүктеп алып көруге болады.

Жүктеу



Тәрбие.орг ұстаздар сайты сіздерді үнемі қуантып отыруға тырысады. Сайтта тағы жеңілдіктер ұйымдастырылады. Сондықтан сайтқа тіркеліп белсенді болуға шақырамыз. Тәрбие.орг барлығы ұстаздар үшін!

Егер акция бойынша сұрақтарыңыз болса форумда талқылауға болады. Форумға өту

Сұрақтарыңызды кез-келген уақытта қоюға болады. Біз сізге міндетті түрде жауап береміз. Бізбен байланысу үшін

Почта: tarbie.org@mail.ru