Меню
Артқа »
Республикалық ұстаздар сайты Tarbie.org сайтынан сертификат алу

Ұстаздар сайтынан сертификат алу оңай, әрі жылдам. Сертификат алу үшін:

  1. Материал жариялау
  2. Ақша аудару
  3. Анкетаны толтырып tarbie.org@mail.ru почтасына квитанциямен қосып бірге жіберу керек

Бар болғаны осы. Сертификаттар дс-жм күндері 1-36 сағат аралығында таратылады. Бірақ сіз қалаған уақытта тапсырыс беруіңізге болады. (күндіз, түнде, демалыс күндері).

Ал енді қысқаша түсіндіре кетсек:


1) Материал жариялау - бұл кез-келген пәндер бойынша ашық сабақтарды, авторлық бағдарламаларды, шығармаларды, коучинг жоспарларды, тәрбие сағаттарды, баяндамаларды, презентацияларды, сабақ жоспарларын, тесттер яғни кез-келген өзіңіз жазған білім саласына қатысы бар материал жариялау деген сөз.

Материалды жариялаудың екі жолы бар:

а) tarbie.org@mail.ru - почтасына материалды жіберу. Біздің редакторлар материалды тегін 36- сағат ішінде сайтта жариялап сізге толық нұсқаулық пен қай жерде жарияланғаны туралы мәліметтерді жібереді. Ал егер 36 - сағат күткіңіз келмесе материалды өзіңіз жариялауыңызға болады. Ол үшін б) нұсқасын оқыңыз

б) Сайтта өзіңіз жариялау - ол үшін менюдегі сабақ жариялау деген жазуды басып жариялауға болады. Материалыңыз 1-2 минутта жарияланады. Сайтқа тіркелудің қажеті жоқ. Материал жариялау тегін. Жарияланған материалды әдістемеліктер бөлімінен көруге болады.

Сонымен сіздің материалыңыз жарияланды.


2) Ақша аудару - сертификат бағасы 1000тг. Ақшаны қазіргі таңда:

а) Киви терминалдары арқылы - біздің счет номерлерді білу үшін осында басыңызтолық нұсқаулық

б) Казпочта арқылы аударуға боладыбіздің счет номерлерді білу үшін осында басыңыз. толық нұсқаулық

Жоғарыда жазылған жазулардың үстін бассаңыздар толық нұсқаулықтар шығады. Қазіргі таңда тек осы жолмен ақша аудара аласыздар. Басқалай ақша аудару мүмкіндігі жоқ.


3) Сосын анкетаны толтырып біздің почтаға жіберу керек - анкетаны осы беттің бас жағынан жүктеп алуға болады. Анкетаны міндетті түрде толтырып квитанциямен бірге жіберу керек.

Анкетасыз және квитанциясыз сертификаттар берілмейді. Сондықтан бірге жіберу керек.


Бізбен tarbie.org@mail.ru почтасы арқылы хабарласып сұрақтарды қоюға болады. Өкінішке орай қазіргі таңда телефон арқылы көмек бере алмаймыз, тек почта арқылы. Жеке редактор жалдауға қаржымыз жеткіліксіз. Бірақ сайтта көптеген қызметтер тегін.


Жиі қойылатын сұрақтар:


1) Бір сертификат алу үшін қанша материал жариялау керек?

Біз әр материалға жеке сертификат береміз. Яғни сіз бір материал жариялау арқылы 1 сертификат, 1 алғыс хат және 1 құрмет грамотасын алуыңызға болады.


2) Сіздерге интернет арқылы, каспи немесе басқа жолдар арқылы ақша аударсам болады ма?

Қазіргі таңда бізге тек сайтта көрсетілген мәліметтер бойынша ақша аударуға болады. Олар киви терминалдар арқылы және казпочта арқылы. Бірақ болашақта жоспарлар бар. Ол туралы сайтта жариялаймыз.


3) Мен материал жарияладым неге сертификат берілмей жатыр?

Сертификат берілу уақыты 1-36 сағат (жұмыс күндері). Егер осы уақыт аралығында берілмесе сіз тапсырысты дұрыс жібермегенсіз. Яғни сіз квитанцияны немесе анкетаны қалай жібергеніңізді бір қарап шығыңыз. Бұл жағдайда ең жақсысы басынан дұрыстап сайт ережесі бойынша тапсырыс беру. Сонда біз барлығын тексеріп сізге жылдам түрде жібере аламыз.


4) Ақша аудардым бірақ терминал чек берген жоқ. Енді не істеймін, сертификат беріледі ма?

Кейде терминалдар чек шығармай қалады. Бұл жағдайда еш уайымдаудың қажеті жоқ. Ең бірінші сіз ақша аударған уақытты, мекен жайыңызды есте сақтап қалыңыз. Сосын сайт ережесі бойынша тапсырыс бере бересіз. Тек анкетаның ішіне квитанцияның орнына ақша аударған уақытты және мекен жайды толық жазып жіберу керек. Мысалы:

Мен 10.01.2016ж. сағат 21:00 - 21:30 аралығында Алматы облысы Алматы қаласындағы Сәтпаев көшесінде терминал арқылы ақша аудардым. Бірақ терминал квитанция берген жоқ. Сертификат жіберулеріңізді сұраймын.


5) Мен материал жарияладым, анкетаны толтырып сізге жібердім ертең ақшасын аударамын. Сертификат жібере аласыз ба?

Сертификат алу үшін анкетамен бірге квитанцияны қосып жіберу керек. Егер екеуі бірге келмесе сертификат берілмейді. Сондықтан бірге жіберіңіз.


6) Мен квитанцияны жібердім неге сертификат жоқ?

Сертификат алу үшін анкетамен бірге квитанцияны қосып жіберу керек. Егер екеуі бірге келмесе сертификат берілмейді. Сондықтан бірге жіберіңіз.


7) Сіздермен қалай хабарласа аламыз (телефон номерлеріңіз) ?

Қазіргі таңда бізбен tarbie.org@mail.ru почтасы арқылы хабарласуға болады. Біз телефон арқылы қызметтер көрсете алмаймыз. Арнайы редактор жалдап қызмет көрсетуге қаржымыз жеткіліксіз. Бірақ сайтта көптеген қызметтер тегін.