Компьютер елінде

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 172
  • Балабақшадағы ашық сабақтар
  • 31/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22921


Сабақтың тақырыбы: «Компьютер елінде» (МАД тобы)
Сабақтың мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Компьютермен қызықты ойындар, тапсырмаларды орындату, математикадан алған білімдерін кеңейту.
Көрнекілік: Компьютер.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізде ерекше күн! Себебі бізге бүгін көп қонақтар келіп отыр. Алдымен қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші:- Балалар біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Компьютер елінде» деп аталады. Себебі біз бүгін информатика бөлмесінде компьютермен түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз. Ол үшін біз Білім Ханшайымының көмегін сұрайық.
Б/Ханшайымы: Саламатсыңдарма балалар! Хош келдіңдер, менің еліме! Мына компьютерлерге отырмас бұрын мен сендерге мынадай сұрақтар қойып, білімдеріңді тексергім келеді.
1-сұрақ. Бір жылда неше мезгіл бар?
Жыл мезгілдерін ата?
2-сұрақ. Бір аптада неше күн бар?
Бүгін аптаның қай күні?
Апта күндерін ретімен ата.
3-сұрақ. Бір күннің өзі қанша мезгілге бөлінеді?(таңертең,түс, бесін,кеш,түн.)
Жарайсыңдар балалар! Менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердіңдер. Енді компьютерге отыруға рұқсат. Мына компьютерлерге жайғасып отырыңдар. Енді арғарай білімімізді осы компьютер арқылы өзіміздің ойшылдығымызды, тапқырлығымызды көрсететін боламыз. Сондықтан да бәріміз сабаққа белсенді қатысып отырайық.
Компьютермен жұмыс:
1-тапсырма. «Биік және аласа үйлерді салу».
Қандай пішіндерден құралады?
Шатырын қабырғасын бояу,нүктелер арқылы қосып сызу.
2-тапсырма. «Жалпақ, жіңішке жолақшалар».
Жалпақ жолақшаны --көкпен,
Қызыл жолақшаны - қызылмен бояу.
3-тапсырма. «Көп, аз, тең –суреттер бойынша салыстыру».
Қайсысы көп? қайсысы аз?
4-тапсырма. «Тура, кері санау»- суреттегі шарларға сандарды қойып
шығу. Тура, кері санату.
Сергіту жаттығуы: Санамақ айту.
5-тапсырма. «Араласқан сандарды ретімен орналастыру». (қапталына
ретімен сандарды жазу.)
6-тапсырма. «Санның құрамын табу». (6,8 –сандарының ).
7-тапсырма. « Сурет бойынша есеп құрастырып шығару».
8-тапсырма. «Көршісін тауып жаз». (3; 5; 7; сандарының).
-Білім ханшайымы сабақты қортындылайды:- Балалар тапсырманы мүдірмей орындағандарың үшін менің сендерге дайындаған сыйлығым бар.Мына әдемі кітапшаларды сендерге тарту етемін. Ішінде қызықты тапсырмалар бар,сендерден үлкен үміт күтеміз,болашағымызды көркейтіп,гүлдендіреді-деп сенемін. Қош сау болыңдар!
(сыйлығы компьютерден өткізілген тапсырмалар) Тәрбие.орг сайтынан Компьютер елінде Балабақшадағы ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Туркменбаева Ардак Бекбулатовна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы № 56 «Жұлдыз» бөбекжайы тәрбиешісі

Пікірлер: 0

avatar