«Біз болашақ – Ұланбыз»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1447
  • Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар
  • 18/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18053


Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп
коммуналдық мемлекеттік мекмесі

«Бекітемін»
Мектеп директоры
_______ М.Оспанов
«___» қаңтар 2016 ж.

«Біз болашақ – Ұланбыз»

Іс – шара жоспары

Орындаған:
Әскери жетекші М.Сериков

«Ынталы—ауылы»
Мақсаты және міндеті
1. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу.
2. Оқушылардың әскерде қызмет етуге деген ынталарын арттыру.
3. Оқушылар арасында достықты нығайту.
4. Оқушыларды әскери оқу орындарына түсуге баулу.
5. Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру.

Өткізілетін орны мен мерзімі
Мектептің акт залы 2016жыл «___» қаңтар, уақыты 13 30

Көрнекіліктер:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимн.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

Жарыстың өтілу барысы
Мұғалім сөзі: (Рапорт) Директор мырза 10 және 11 сынып оқушылары әскери-патриоттық жарысқа сапқа тұрғызылды, баяндап тұрған АӘД пәннің оқытушы-ұйымдастырушысы М.Сериков. (директор алдына тұрам) Мектеп тік тұр! Мемлекеттік гимн орындалсын!
Директор сөзі: Тілегі _______________________________________________

1-жүргізуші (_________): Қош келдіңіздер, қадірлі де құрметті, ардақты да аяулы ұстаздар, келген қонақтар, оқушылар!!! Тәуелсіз Қазақстан елінің тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін, тамыры терең бай тарих.
2-жүргізуші (_________): Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қалыпты дамуы, әлемдегі ең беделді мемлекеттер қатарына ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналатыны анық.

1-жүргізуші (_________): Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Ата жолын жалғамақ,
Ел намысын қорғамақ
Ұлдар, қыздар шықсын ортаға,
Бүгін Ұлан боп атанбақ!!!
2-жүргізуші (_________): Болашақ Отан қорғаушы азаматтарымызды қарсы алайық.
1-жүргізуші (_________): Олай болса, ортаға қатысушы топтарды шақырайық, әдет-ғұрып төңірегіндегі біліктілік, ақыл парасат, өнер-жігерлік пен батырлық сайысында күш сынасып тапқырлық көрсететін топтар:
Жақсы оқиды, өнері бар талапты,
Бұл мектепті өздері қалап таңдапты.
Шындық үшін шырылдайды ұлтжанды
Шақырайық ортамызға –
10а сыныптың ұландарын, I-взвод командирі – _______________________!!!
2-жүргізуші (_________): Спортпенен білім жағын бір қосқан,
Кем қалмаған талантпенен табысқан
Алдарыңызда өздері палуан, күрескер
Мектебіміздің -
10ә сыныптың мергендері, II-взвод командирі –_______________________!!!

1-жүргізуші (_________): Достық пен татулықты тәжім еткен
Өзінің тапқырлығын аңыз еткен
11а сынып қырандарын қарсы алайық
Дуылдатып көркі етсін бұл жарысты! –
11а сыныптың нағыз серілерін - III-взвод командирі – __________________!!!

2-жүргізуші (_________): Біледі олар жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған талайды
Талай қызық пародияларды ойнаған
Ортамызға шақырайық -
11ә сыныптың нағыз жігіттерін – IV взвод командирі - ___________________________!!

1-жүргізуші (_________): Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі байқауда сіздерге үлкен сәттілік тілейміз! Ал енді әділ баға беретін әділ қазылар алқаларымен таныс болыңыздар. Бас төреші Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары мектебіміздің Р.Мамбетова
2-жүргізуші (_________):Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Д.Дүрменбаев
1-жүргізуші (________): Мектебіміздің технология пәнінің мұғалімі Б.Тастанова
2-жүргізуші (_________): мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімі Б.Бөрбеков

1-жүргізуші (_________): «Ұл бала мен ер жігіт» тәрбиесі сұрауын халқымыздың әдет-ғұрпында, отбасына ұл баланың келуін «Ұл туғанға күн туған» деп ерекше оны бақыт санаған. Оның себебі қазақта отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Оны мал бағуға, аң аулауға, мылтық атуға, отбасын асырауға әкелері үйреткен. Ал енді сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып кетсек:
2-жүргізуші (_________): Бүгінгі әскери патриоттық жарыс төмендегі сайыстардан тұрады
1-жүргізуші (_________): «Кір тасын уақытқа көтеру»
2-жүргізуші (_________): «Калашников автоматын уақытқа шашып-жинау»
1-жүргізуші (_________): «Жағалықты уақытқа тігу» сайысы
2-жүргізуші (_________): «Әскери - дала асханасы» сайысы
1-жүргізуші (_________): Жалпы-әскери қорғаныш костюмін уақытқа кию
2-жүргізуші (_________):Ал енді құрметті ойыншылар өз орындарыңызды ала отырып сайысымызға дайындала берулеріңізді сұраймыз!

1-жүргізуші (_________): Ереуіл атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку-еңку жер шалмай
Ерлердің ісі бітер ме?
- деп Махамбет батыр жырлағандай I кезеңімізді бастайық! «Кір тасын уақытқа көтеру» сайысы!

2-жүргізуші (_________): Кір тасын көтеру үшін ортаға I взвод 10 «а» және II взвод 10 «ә» сынып! Ескерту: өте жақсы – ___, жақсы - ___, қанағаттанарлық - ___.
1-жүргізуші (_________): Ал енді ортаға III взвод 11 «а» мен IV взвод 11 «ә» сыныптарын шақырамыз! Ескерту: Өте жақсы – ___, жақсы – ____, қанағаттанарлық – ____.

1-жүргізуші (_________): Ұлым!
Сен жігіт болсаң кең тұлғалы
Алдыңда белгілі көп жол тұрмағы
Сан шыңға шыдай біл,
Тек төзе көрме
Жала сөз айтса біреу ел туралы!
Сен ерсің!
Ерлерше сүй Отаныңды
Жаман сөз естімейін сен туралы!
2-жүргізуші (_________): Калашников автоматын уақытқа шашу және жинау үшін I және II взводты шақырамыз!
1-жүргізуші (_________): Енді ортаға III взвод пен IV взвод тарды шақырамыз! Ескерту: Өте жақсы – 36 сек, жақсы – 39 сек, қанағаттанарлық – 48 сек.

2-жүргізуші (_________): Әділқазылар бағаларын есептегенше ортаға мектебіміздің жезтаңдай әнішлері __________ және ___________ шақырамыз

1-жүргізуші (_________): Ортаға бишілерімізді шақырамыз! Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар!!!

1-жүргізуші (_________): «Еңбек ширатады, өмір үйретеді» демекші 3 кезең «Жағалықты уақытқа тігу» сайысы!
2-жүргізуші (_________):«Жағалықты уақытқа тігу» сайысын бастау үшін ортаға 1жәнеи 2-ші взводты шақырамыз!
1-жүргізуші (_________): Ортаға 3 мен 4 взводтары шақырылады!
2-жүргізуші (_________): 3-4ші взводтарды бағалауларыңызды сұраймыз!!

1-жүргізуші (_________): «Ас адамның арқауы» демекші келесі 4 кезең «Әскери - дала асханасы» сайысы. Әр топтан бір ұл бала ортаға шығып, әрқайсысы 3 картоптан тазалайды. Ескерту: Қабығының қалыңдығы ескеріледі. 2 секунд уақыт қосылады. Ендеше ортаға I мен II взвод ұландарын және IІІ және IV взвод жігіттерін шақырайық!
2-жүргізуші (_________):Әскери - дала асханасы» сайысын бастау үшін Керек заттар: стол, тарелке, картоп, пышақ және фартук. Белгі берілгеннен соң сайыскерлер фартукті киіп, пышақты қолға алып картопты ашуды бастайды. Картоптың қабығы бөлінбей ашылу керек. Ендеше сайысты бастайық!

2-жүргізуші (_________): Би өнерін,
Енді біз байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік,
Дала биіне кезек берейік!
- 3-4ші сайыстың бағасын койғанша сақнаға 9-сыныптың оқушыларын шақырамыз. ____________ атты әнін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші (_________): Жалпы-әскери қорғаныш костюмін уақытқа кию. Әр топтан бір оқушыдан ортаға шығады, пәрмен берілісімен етік, плащ, қолғаптарды, газтұтқышты киіп, түймелерін түймелегеннен кейін қолын көтеріп бір адым алға шығады. Сол кезеден бастап уақыт тоқтатылады. Ескерту: Жіберген әр қатеге 2 секунд уақыттан қосылады.
2-жүргізуші (_________): Келесі біздің сайысымыз «ОЗК в виде комбинезона», норматив №3 орындау. Әр топтан бір оқушы шығады.
1-жүргізуші (_________): 1 ші болып I мен II взвод оқушыларын ортаға шақырайық!
2-жүргізуші (_________): Ал енді III және IV взвод оқушыларын ортаға шақырамыз!

2-жүргізуші (_________): Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша сахнаға ___________ шақырамыз

= Жарыстың қорытындысын шығару және жеңген командаларды құттықтау =

1-жүргізуші (_________): Демеңіздер біз өнерді аяп қалды
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды
Егер де сіздер рұқсат етсеңіздер
Осыменен сайысымыз аяқталды.

2-жүргізуші (_________): Тағы кездескенше сау болыңыздар қымбатты ұстаздар мен оқушылар, және қонақтар.

1-жүргізуші (_________): Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

=Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимн орындау=

Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепте 10 мен 11 сынып оқушылары арасындағы
«Біз болашақ Ұланбыз» атты әскери-спорттық жарыстың
ХАТТАМАСЫ

Р/с
Сыныбы / класс

Байқау түрлері 10 «а»
I взвод 10 «ә»
II взвод 11 «а»
III взвод

11 «ә»
IV взвод

1 Қатысушы взводтардың жалпы сапқа тұруы

2 «Кір тасын көтеру»

3 «Калашников автоматын уақытқа шашып-жинау»

4 «Жағалықты уақытқа тігу» сайысы

5 «Әскери - дала асханасы» сайысы

6 «ЖӘҚТ кию»
7 Қорытынды ұпай
8 Алған орыны

Әділ қазылар алқасы:

1. Р.Мамбетова ___________

2. Д.Дүрменбаев ___________

3. Б.Тастанова __________

4. Б.Бөрібеков ___________


АК-74 оқу автоматын уақытқа шашып жинаудан көрініс



ҚР, ОҚО, Мақтарал ауданы, №91 «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Мұхит Сериков Тәрбие.орг сайтынан «Біз болашақ – Ұланбыз» Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: М.Сериков

Пікірлер: 0

avatar