Магниттік азимутты анықтау. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 620
  • Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар
  • 09/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20901


Тақырыбы:
Магниттік азимутты анықтау
Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
Әскери топография жергілікті жерді зерделеу тәсілдерін, ондағы бағдарлауды және ұрыс қимылдары мүддесіндегі жергілікті жерді бағалаумен байланысты басқа да мәселелерді қарастырады.
Жергілікті жер әскерлердің ұрыстық әрекетіне елеулі ықпал етеді. Жергілікті заттар мен жер бедерін пайдалана отырып, әскерлер жасырын қозғалысты жүзеге асырады; қарсылас жаппай жою қаруын қолданғанда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғану мәселелерін шешеді.
Жергілікті жерде табиғи және жасанды объектілер болады. Олар біркелкі белгілері бойынша топтарға бірігеді. Ол топографиялық элементтер деп аталады. оған жататындар: бедер, елді мекендер, өндіріс кәсіпорындары, жол торабы, өзендер, көлдер т.б.
Жер бетін құрайтын біркелкі тегіс еместіктер жергілікті жер бедері, ал адам еңбегімен немесе табиғатпен жасалған, сол жерде орналасқан заттардың барлығы – жергілікті заттар деп аталады.
Бедер жергілікті жер ерекшелігінің ең маңызды көрсеткішіне жатады. Ол бақылау пункттері, орын таңдауға, атыс позицияларын, траншеялар, байланыс жолдарын және әскердің орналасуына үлкен әсерін тигізеді. Шағын бөлімшелер мен жекелеген жауынгерлердің әрекеттері үшін қорғандар, үйінділер, шұңқырлар, жырмалар, ойықтар, снарядтар мен миналардың жарылысынан пайда болатын шұңқырлардың ерекше мәні бар. Олар қарсылас оғы астынан жүгіре өту мен жер бауырлай жылжу кезінде кеңінен пайдалынылады. Тәрбие.орг сайтынан Магниттік азимутты анықтау. Жергілікті жерде картасыз бағдарлану Алғашқы әскери дайындық пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қасымбеков Болатбек Сауытбекович

Астана қаласы М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі Алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы

Пікірлер: 0

avatar