Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Ұлттық ойындар
  • 30.03.2016
  • 510 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 18281

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар.
Сабақтың мақсаты:
• Оқушылардың ұлттық ойындар туралы білімдерін жинақтау бекіту;
• Қимыл –қозғалыс әрекеттерін жан-жақты дамыта отырып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттырып, денсаулықтарын нығайту;
• Ұлттық ойындар арқылы өз ұлтына, өз халқына деген сүйіспеншілікке, әдет-ғұрып салт-санасын, дәстүрін қадірлеуге үйрету;
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, топпен жұмсы ойын
Қажетті құралдар: ысқырық, уақыт өлшегіш, асықтар, арқан,кедергілер.
Өтетін орны: Спорт зал.
І. Ұйымдастыру кезең
1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 10 минут
Спорттық киімдеріне назар аудару
2. Сынып санын түгендеу. Себепсіз оқушыларды анықтау
3. Рапорт қабылдау. Рапортты дұрыс тапсыруын қадағалау.
4. Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау
5. Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
- Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
- Екі қол белде өкшемен жүру
- Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
- Бір қалыпты деңіл жүгіру.
- Тіркеме адыммен оң және сол бүйірімен жүгіру.
- Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру.
- Алға қарай созылған қол алақанына екі тізені тигізу жүгіру.
- Қол алақанына аяқтың ішкі, сыртқы қырын тигізе жүгіру.
- Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.
- Екі қол тізеде, толық отырып жүру.
- Отырып секіре жүру.
- Дем алу, дем шығару.- Аяқ ұшымен өкшесімен, сыртқы ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірімен жүгіруін ескерту. Алақанға аяқтың ішкі сыртқы қырының, өкшенің тиюін ескерту. Отырып жүру, жүгіруін ескерту.
Саптағы бой жазу жаттығулары
- Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
- Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
- Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
- Қолды алға түзу созып, кезек – кезек айқастыру.
- Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
- Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды сол аяққа, сол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
- Тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
- Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
- Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру.
- Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
- Дем алу, дем шығару.
10 минут
Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың аяққа тиюін ескерту.
Артқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту.
ІІ. Негізгі бөлім
«Арқан тарту»
Ойынның ережесі:
Арқан тарту. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады. Ойынға екі ұшы тұзақтап байланған ұзын жіп немесе арқан керек. Ойынға қатысушылар өз топтарымен бірге екі жақтан арқанды белге салып өз жағына қарай тартады. Ортадағы көлденең сызықтан қай топ бұрын сүйреп өткізсе, солар жеңіске жетеді.
Хан талапай
Ойынның ережесі:
Асықпен ойналатын ойынның тағы бір түрі — «Хан талапай». Ойынға қатынасушы балалардың санына шек қойылмайды. Олар ойын жүргізушінің айналасына жарты шеңбер құрып отырысады. Ойын жүргізуші қолындағы асықты «хан талапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез - тез жиып алулары керек. Кім аз жиып алса, сол жеңілген болып есептеледі.
«Омпы» ойыны.
Шеңбердің ортасындағы сызыққа әр команданың ойыншылары өз асықтарын тігеді. Асықтардың дәл ортасында бір асықты омпасынан тігеді. Ойынды бастаушы бастайды. Ойыншылар кезек – кезек асықты атып, ойын өз бастаушы орнына келгенше жалғасады.(Нұсқау: Асықты атқан ойыншы омпыға тигізсе 5 ұпай, асыққа тигізсе 1 ұпай алады. Ойыншылар бір – бірінің артына сапта тұрады.)
«Қыз қуу» ойыны кезінде ұлттық киім киіп, жүйрік атқа мінген қыз бенжігіт бірін-бірі қуған. Қыз қашып, жігіт қуып жетсе, қыздың орамалын алады, неболмаса, бетінен сүйеді. Егер жігіт жете алмаса, қыз оны қамшының астына алады.
Қорытынды бөлім: 5 мин.
Ағзаны бастапқы қалыпқа келтіруге арналған тыныс алу жаттығуларын жасау.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: Ұлттық спорттық ойындарыы қайталау Тәрбие.орг сайтынан Ұлттық ойындар Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Дауылбаев Самат Серікбайұлы

С.Ешбаев атындағы орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар | Логин: samatuly_e
Көрсетілім: 510 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar