Абай Құнанбайұлы өмір жолы, лирикалары, поэмаларының тақырыптары

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 904
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 19/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22655


Ашық сабақ жоспары

Пәні Қазақ әдебиеті
Сыныбы 10
Күні
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбайұлы өмір жолы, лирикалары, поэмаларының тақырыптары
Құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша сабақтың мақсат-міндеттері:
А)мәселелерді шешу бойынша
Білімділік:
- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанабайұлы өміріне шолу жасай отырып,өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы Абай поэзиясының қыр-сырын, құдіретін таныту, өміршең поэзия екенін делелдеу, поэмаларын оқыту.
- Абай Құнанбаевтың шығармаларының, өлеңдерінің, поэмаларының, өзіндік ерекшеліктерін анықтайды;
- Жазушы шығармаларының, проза, поэзия саласындағы еңбектерінің көркемдік мәнін ұғынады;
- Абайдың проза саласындағы еңбектеріне талдама жасап, қазақ әдебиеті үшін Абай поэмаларының орнын анықтайды.
Б) ақпараттық Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін, таным-түсініктерін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру, Абай Құнанбаев туралы бұрынғы білімдерін жетілдіру. Ақын жан жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар , жағдайлар жөнінде айтып, оқушылардың ақыл-ойларын дамыту. Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру. Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.
Кәсібилік:
Студенттердің өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру мақсатында пәннің қажеттілігін ұғындыру.
- Ақын Абай Құнанбаев туралы жалпы түсінік қалыптасады;
- Абай шығармаларының тәрбиелік мәнін ұғынады;
- Абай өлеңдерінің, поэмаларының көркемдік ерекшелігін меңгереді;
- өзге ақын-жазушылардың ғалым жайлы көзқарастарын біледі.
- өз бетінше мақсат қою, жоспарлау және ақпаратты қолдана отырып танымдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

В) коммуникативтік Тәрбиелік:
Оқушыларды Абай шығармашылығында кең таралған кәсіптің түрлі салаларын меңгеруге, адал еңбек етуге үндеу, тәрбиелеу. Абай шығармашылығын, өлеңдерін сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу. Оқушылардың осы пәнге байланысты пікірлерін тыңдап, өз пікірлерін ашық айтуға тәрбиелеу

Сабақтың типі Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар А) Педагогикалық қарым-қатынасты ізгілендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар:
- ынтымақтастық технологиясы
Б) Оқушылардың қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар:
- ойын технологиясы;
- тірек-сызбалар негізіндегі технологиялар;
В) Оқу материалдарын әдістемелік жетілдіру және дидактикалық қайта құрастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар:
- дидактикалық бірліктерді нығайту технологиясы;
- ой-іс-әрекетін сатылы қалыптастыру технологиясы;
Д) Дамыта оқыту технологиясы:
- жазуға және оқуға үйрету арқылы сыни ойлауды дамыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы
Әдістері А) Білімді алу көзі бойынша әдістер:
Көрнекілік әдісі
Сөздік әдісі
Практикалық
Б) Танымдық іс-әрекеттердің типтері бойынша әдістері:
Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс
Ынталандыру әдісі
Ақпарат беру әдісі
Оқулықпен жұмыс
Ізденушілік әдісі
Г) Білімдерді бақылау және бағалау әдістері
Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, музыка
Оқыту құралдары «Қазақ әдебиеті», 10- сынып. -Алматы. «Мектеп». 2010ж.
Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар, поэмалар, қара сөздер. Алматы, 2012ж.
Абай Құнанбаев
Таңдамалы. Алматы, 1999ж.
Абай. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 1986
Аудармалар мен қара сөздер.- 200б.
Абай. Өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер.- Алматы: Жібек жолы, 2005.- 488б.

Сабақ барысы: Оқытушы іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Нәтижесі
І.Ұйымдастыру кезеңі 1. Мұғалімнің амандасуы
жоқ оқушыларды түгендеу
оқу-құралдарының дайындығын,
кезекшінің жұмысын тексеру.
2. Оқушылардың көңіл-күйін қалыптастырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында шаттық шеңбері орындалады. 1.Амандасу
оқу-құралдарын дайындау,
кезекшілік міндеттерін атқару;
2. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы оянады. Сынып сабаққа дайын, кезекшілік атқарылды, мұғалім мен оқушының арасында ынтымақтастық қарым-қатынасы орнайды.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру - дәптерлерді тексеру;
-Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін оқу;
-міндетті бағыт бойынша берілген «Ыбырай – әңгіме шебері»-тақырыбында эссе жұмыстарын тексеру;
Үй тапсырмасын «Бәйге» ойыны арқылы қорытындылау.
«Бәйге» ойыны

10 10 10
20 20 20
30 30 30

- үйге берілген тапсырманы ауызша-жазбаша айтады;
- топ бойынша немесе жеке берілген тапсырмаларды айтады;
- сұрақ-жауап бойынша бір-бірін бағалайды;

-берілген тапсырмалар бойынша оқушының білік, білік, дағдылары қалыптасады, жаңа білім меңгереді.
Өтілген тақырыпты жетік меңгереді.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі - Өткен тақырыпты ауызша, жазбаша сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, жаңа сабақ бойынша оқушылардың бұрынғы білімдерін сұрайды, жаңа тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын арттырады. - Жаңа тақырып бойынша мұғалімге сұрақтар береді, білмегендерін сұрайды. -жаңа тақырыптың мазмұнымен, мақсат-міндетімен танысады, Абай шығрмаларының қазақ әдебиетінен алар орнын біледі.
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру Оқулықпен жұмыс
Интерактивті тақтамен жұмыс
Жаңа тақырыпқа байланысты түсіндірме жүргізу;
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге!-деп С.Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып сезіну- тек көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.Ендеше оқушылар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес,көрген- білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Абайды біз кім деп танимыз?

Абай кім?

Слайд арқылы түсіндірме жүргізу;
Абай Құнанбайұлы өмірі, шығармашылығына байланысты бейнематериалдар көрсету;
Оқушыларға өздері үйден алдын-ала ізденуге тақырыптар берілген;
«ІЗДЕНУШІ»топ
«СӨЗ ТАПҚЫШТАР»тобы
«ТҰЖЫРЫМДАУШЫ»топ
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша өз топтарын қорғап шығады.
Өлең құрылысына талдау жұмысы жүргізіледі;
1 топ- “Өлең сөздің патшасы сөз сарасы”
2 топ- “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”
3 топ- “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ”
Галлерияға саяхат.А.Құнанбайұлы суреттері көрсетілген.Осы суреттерді жаңа суреттермен толықтыру.Оқушылар ізденісі. - Мұғалімнің бүгінгі тақырып жөнінде түсіндірмесін тыңдайды;
- Өз анықтамаларын әдебиеттерде берілген анықтамалармен салыстырады;
- Ғалымдардың негізгі ұғымдарға берген анықтамаларын талдайды, өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіреді;
- Абайдың өлеңдерінің, шығармаларының, поэмаларының тәрбиелік мәнін ұғынады;
- Сұрақ-жауап, талдама әдістеріне қатысады, топпен жұмыс жасау барысында жаңа білім қалыптасады.
- Жаңа тақырыпты
бейнематериал арқылы түсініп, өз пікірлерін айтуға дағдыланады;
Интерактивті тақтамен жұмыс жасауға үйренеді;
Ұжымдық, топтық тапсырмаларды орындауға бейімделеді;
Өзіндік ізденушілік қасиет қалыптасады;
Өлең құрылысына талдауды үйренеді;

V. Жаңа сабақты бекіту - ИНСЕРТ әдісі арқылы жаңа сабақты бекітемін;
«V» - + ?

Оқушылар дәптерлеріне түсіріп жазады.
«Желсіз түнде жарық ай» әнін топпен орындау. - оқушылар топтарға бөлінеді;
- тақырыптар бойынша жеделдетпе сұрақтарға жауап береді;
- логикалық кестелерді толықтырады;
- шығармашылық тапсырмаларды орындайды.
- шынайы және ойлаған жағдаяттардың бір-бірінен айырмашылығын көрсете отырып, сипаттайды.
- өз ойын айту іскерлігі дамиды;
- көпшілік алдында сөйлеудің нормасы мен шегін анықтай алады;
- педагогикалық ойлауын дамытады;
VI. Үйге тапсырма
Сабақты қорытындылау  Бүгінгі Абай Құнанбаевтың өмірі, лирикалары,поэмаларының тақырыптары туралы жаңа тақырыпты қорытындылайды, мұғалім қорытындысынан кейін, бір немесе екі оқушыға сабақты қорытындылатады.
 Үйге тапсырма береді, орындалу жолын түсіндіреді:
- міндетті бағыт бойынша:
1.Абай поэмаларын оқу ;
-тереңдетілген бағыт бойынша:
2..“Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа ” өлеңін жаттау;
-шығармашылық бағыт бойынша:
3.“Мен Абайды қаншалықты білдім ” ойтолғау жазу. * Үйге берілген тапсырманы жазып алады;
* Түсінбегенін мұғалімнен сұрайды; Ақпараттық ізденісті жоспарлауда ұсынылған ақпараттардан қойылған міндеттерді шешуге қажетін бөліп алады;
- педагогикалық ойлауын дамытады;

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж

Бекітілді: «Қазақ тілі мен әдебиеті»бөлімінің меңгерушісі: Бахадүрова Г

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы:Абай Құнанбайұлы өмір жолы, лирикалары, поэмаларының тақырыптары
Оқытушы: Ахметова А

Қызылорда 2013-2014ж Тәрбие.орг сайтынан Абай Құнанбайұлы өмір жолы, лирикалары, поэмаларының тақырыптары Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметова А

Пікірлер: 0

avatar