Қадір Мырза Әлидың өмірі мен шығармашылығы "Нұр" өлеңі

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1246
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 16/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18009


Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармалары. «Нұр» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: а) Қадыр Мырза Әли- драматург, сыншы, публицист, әдебиетші, ақын және аудармашылығын таныту;
ә) балалар әдебиетіне қосқан үлесі жайлы жете түсіндіру;
б) «Нұр» өлеңінің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушыларды өз ойын ашық айтуға, көркемдеп еркін сөйлеуге , мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ізденімпаздыққа баулу;
Тәрбиелілік: ақынның өмірі мен өлеңдерін оқыту арқылы оқушыны адамгершілікке, достыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу;

СТО – ға байланысты міндеттер:
1. Оқушылар өз ойын емін – еркін айтады;
2. Шығарма мазмұнын талдайды;
3. Шағын ой – толғау жазады;

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, күй табақ.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру;
2. Үй тапсырмасы
3.Жаңа сабақ:
а) Ой шақыру;
ә) Хронологиялық кесте
б)Мәтінмен жұмыс;
4.Бекіту кезеңі:
а)Ой-толғаныс;
5.Үйге тапсырма;
6.Бағалау;

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа деген көңіл күйлерін сұрау. Бағалау парақшасын тарату.

«Аққу –киелі құс» атты тақырыпқа жазылған ойтолғауларын «автор орындығында» орындау.

ІІ. Қызығушылықты ояту.
Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған ән қойылады. (күй таспада ән орындалады)
1. Балалар , бұл әнді кім орындады?
2. Әннің сөзін жазған кім?

«Қазақ жырының сұрмергені», «Қазақ жырының Қадыры», «... алшысынан тұратын алтын сақа», «шыншыл да ойшыл ақын», тағы да басқа шексіз теңеулер Қадыр Мырза Әли ақынға айтылады.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
«Қадыр-найзағайлы ақын. Дәуірдің, уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын. Оның поэзиясы-өзіміз өмір сүріп отырған дәуір мінездес» деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өзіндік қолтаңбасын жазып кеткен.

Хронологиялық кесте.

Жылы Оқиғалар
1935 жылы
5 қаңтар Қадыр Мырза Әли батыс Қазақстан облысы, Сырым (Жымпиты) ауданында туған.
1958 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген.
1958-1962ж.ж. «Балдырған» журналында әдеби қызметкер
1962-1967ж.ж. «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары
1968-1973ж.ж. «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі
1994 жылы Республикалық «Балауса» балалар баспасы директоры қызметін атқарды.
1966 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы
1980 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы
1993 жылы Монғолияның «Дарын» атты Халықаралық әдеби сыйлығы
1997 жылы «Жаралы Жолбарыс» драмасы үшін «Махамбет» сыйлығына ие болды.
2004 жылы Республиканың тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты
1995 жылы Қадыр Мырза Әли-Қазақстан Республикасының халық жазушысы
1985- 1990ж.ж. Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне екі рет депутат болып сайланған
1992 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны авторларының бірі
1954 жылы «Пионер» журналында тұңғыш туындысы жарияланды.
1959 жылы Тұңғыш кітабы-«Көктем» өлеңдер жинағы шықты
1965 жылы «Ой орманы» атты өлеңдер жинағы шықты
1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді

Мәтінмен жұмыс:
«Нұр» өлеңін мәнерлеп оқу.
Әдебиет теориясы бойынша:
Табиғат лирикасы – лириканың бір түрі. Ақынның ішкі жан дүниесі оның әр түрлі табиғат құбылыстарын сезінуі, бейнелеп суреттеуі арқылы танылатын өлең-жырлар. Адамзат қашанда табиғатпен етене жақын. Сондықтан ақындар табиғатқа арнап өлең жазып отырған. Мысалы: Қадыр Мырза Әлидің «Нұр» өлеңі де табиғат лирикасына жатады.

ІV. Мағынаны ажырату.
1 – қатар.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Үзінді Пікір Сөз түйін, мақал-мәтел
Бақтың да шөлі қанады,
Бақшаның дәмін жеп көрдім.
Жүздері жайнап қалады
Жауыннан кейін шөптердің. Бұл үзіндіде жауын жауғаннан кейінгі бақшадағы жеміс-жидектердің, шөптердің шөлі қанып жайнап,өсетіндіктерін айтады. Табиғатқа жақын болу керек екендігін ұғындырады. Жаңбырмен жер көгерер,
Еңбекпен ер көгерер.


ІІ қатар.
ВЕНН диаграммасы бойынша Қадыр Мырза Әлидің «Нұр» өлеңін Мұқағали Мақатаевтың «Таудағы нөсер» өлеңімен салыстыру.

«Нұр» Ортақ қасиет «Таудағы нөсер»
Кебуге кейін дап-дайын
Кіреді-ай жаны тастың да.
Арудай болар ақ қайың
Ақ жаңбыр-душтың астында.
Табиғатқа арналады, жаңбыр жауғандағы көріністі бейнелеп, суреттейді. Алыста,
Сонау аспанда,
Атыстар, сірә, басталды.
Жай түсіп жатыр тастарға,
Жайратып жатыр асқарды.

ІІІ қатар.
Мәтінді өлең құрылысына талдайды.
3 2 3 8а
Кебуге кейін / / дап-дайын
4 2 3 9ә
Кіреді-ай жаны / / тастың да.
3 2 3 8а
Арудай болар / / ақ қайың
3 2 3 8ә
Ақ жаңбыр-душтың / / астында.

1 шумақ, 4 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды, кезекті ұйқас.

V. Ойтолғау сатысы.

Суреттер бойынша «Табиғатым –тал бесігім» тақырыбына ойтолғау жазады. (күй таспада музыка ойнап тұрады)

VІ. Сабақты қорытындылау.

1. Қадыр Мырза Әли кім, қандай шығармалары бар?
2. «Нұр» өлеңін оқи отырып, өзімізге не ала алдық?
3. «Нұр» сөзі кездесетін қандай мақал-мәтел, афоризмдерді білесіңдер?

VІІ. Үйге тапсырма: Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармаларына хронологиялық кесте жазу. «Нұр» өлеңін жаттау.

VІІІ. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Қадір Мырза Әлидың өмірі мен шығармашылығы "Нұр" өлеңі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Базарбаева Эльмира Олжабайқызы

Жамбыл облысы Тараз қаласы №55 жалпы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar