Ахмет Байтұрсынов

  • Жүктеулер: 13
  • Көрсетілім: 1176
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 09/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19957


Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өмірі мен шығармашылығынан білімдерін пысықтау, халқы үшін жасаған еңбектерінің мәнінің жоғары екендігін ұғындыру.
Тәрбиелілік: оқуға, білімге деген қызығузшылығын ояту, қазақ әдебиетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ой - өрісін, таным қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ, топпен жұмыс
Әдісі: сұрақ - жауап, кесте толтыру, мәтінмен жұмыс, СТО
Көрнекіліктер: А.Байтұрсыновтың суреті, шығармалар жинағы, кестелер, схемалар, интерактивті тақта, түрлі карточкалар, т. б.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
а) амандасу
б) түгендеу
в) үй тапсырмасын тексеру:
Балалар өтілген сабақтарда қандай ағартушы педагог жайлы өттік?
Ы.Алтынсарин кім? Қандай қызмет атқарған?
Қазақ тіл біліміне қандай үлес қосты?
Өткен сабақта ақынның қандай туындысымен таныстық?
ІІ. Жаңа сабақ
• Жаңа тақырыпқа даярлау
А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы видеоролик көрсетіледі.
Балалар бүгінгі біз қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі А.Байтұрсынов жайлы өтеміз.
Кітаппен жұмыс: А.Байтұрсыновтың өмірбаянынын мұғалім оқиды да балалар тыңдайды. Одан кейін бұл мәтіннің бөлшектерін балалалар кезекпен дауыстап оқып, мұғалім сұрақтар қояды.(әр дұрыс жауап үшін балаларға стикер беріледі)
Сөздікпен жұмыс
Тапсырма №1: хронологиялық кесте құрастыру, әр топтан бір-бір балалдан шығарып тақтаға жазғыздыру
Тапсырма №2: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы кластер құрастыру (әр топ А3 форматты қағазға кластер жасап тақтаның алдында қорғайды
Сергіту сәті: 2мин
Мәтінмен жұмыс «Балаларды оқуға шақыру» өлеңін оқу, мазмұнын талдау (оқылым,тыңдалым,айтылым)
Тапсырма №3 Барлық топтарға бірдей
«Білім»туралы мақал-мәтелдер айту.(әр мақал үшін стикер беріледі)
Енді А.Байтұрсынов пен Ы.Алтынсариннің екі шағармасын еске алып, салыстырайық
Венн диаграммасы арқылы «Балаларды оқуға шақыру» өлеңі мен Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңдерін салыстырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу .(әр дұрыс жауап үшін балаларға стикер беріледі)
Бекіту:«А.Байтұрсынов кім?» Оқушылардың кестені қалай толтырғандарын тексере отырып, негізгі айтылатын ойларды былай жинақтайды..
Ахмет Байтұрсынов - газет редакторы, ұстаз, шебер аудармашы, қоғам қайраткері, ақын, әдебиет зерттеушісі
Қорытындылау
Донна Огл кестесін толтыру
Б. Нені білдім Б. Білгім келеді Нені білдім

Үйге тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны жайында толықтай оқып келу.
2. Сұрақтар мен тапсырмалардағы 2 - 3 сұраққа жауап беру.
VIII. Оқушы білімін бағалау.
Сабақ барысында жинақтаған стикерлердің жиынтығына байланысты бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Ахмет Байтұрсынов Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Исполова Алтынгүл Арманқызы

Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar