Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны

  • Жүктеулер: 46
  • Көрсетілім: 1858
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 17/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19699


Қазақ әдебиеті Күні : 8.10.2016 жыл
Мұғалім Кондудаева Шынар Маликовна
Сабақтың тақырыбы Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны
Сілтеме 8- сынып оқулығы,
Жалпы мақсаты Білімділік: Ахмет Йүгінекидің өмірі және шығармашылығымен оқушыларды таныстыру, дастандарындағы имандылық, көркем мінез мәселелерін үйрету; Дамытушылық: ислам дәуірі әдебиетінің өкілдері туралы білімдерін кеңейту, осы кезең ақындарының шығармашылықтарының стильдік ерекшеліктерін түсіндіре отырып, әдеби теориялық білімдерін жетілдіру; Тәрбиелік: имандылыққа, адамгершілікке, жан дүниені таза ұстауға тәрбиелеу.
Мұғалімнің оқытудағы нәтижесі Оқушылар ақынның өмірімен танысып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, сөйлеу шеберліктері, тіл байлықтары дамиды.
Ақпарат көздері Оқулық, тапсырмалар жазылған парақшалар.
Іс-әрекет түрлері Жұппен
жұмыс Өз бетімен жұмыс Топпен жұмыс Бір-бірін бағалау және өзін - өзі бағалау
Мұғалімнің сабақ туралы жазбалары
тапсырма 45 минутқа арналып дайындалған
Мұғалім әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
«Тұрғындар-үйлер» 4топқа бөледі
- үй тапсырмасын тексереді
1. Ежелгі дәуір әдебиеті қай ғасырлардың арасын қамтиды? Қандай дәуірлерге бөлінеді? Қалай жүйеленеді? 2. Орхон ескерткіштері қай дәуірде, қай ғасырда жазылған? 3. Не себепті «Орхон ескерткіштері» деп аталады? 4. Орхон ескерткіштері кімдерге арналып жазылған? 5. Жырдың идеялық мұраты не? 6. Қорқыт ата кім? Қай ғасырда өмір сүрген? 7.Қорқыт ата нені іздеген? Іздегенін тапты ма?
8.«Оғыз қаған» жырындағы Оғыздың ұлдарының аты кім?
9.Әбунасыр әл‐Фараби кім? Қандай ғылым саласында еңбектер жазған?
10.Әбунасыр әл‐Фарабидің қандай өлеңдерін білесіңдер? Оқушылар топқа бөлінеді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ . Бейнежазба
Тапсырма 1 «Хронологиялық кесте» Ахмет Йүгінеки туралы мәлімет Ахмет Йүгінеки Әдіб Ахмет Махмұдұлы-аса көрнекті ақын, ғұлама ғалым
Өмір сүрген кезеңі XII ғ. орта кезі мен XIII ғ. бас кезі
Туып-өскен жері Сыр бойындағы Жүйнек қаласында (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы)
Тіл біліктілігі Араб, парсы тілдерін еркін меңгерген.
Шығармасы «Ақиқат сыйы» немесе «Шындық сыйы»
«Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы» дастаны) «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында», «Тілді тыйып ұстау-әдеттіліктің шарты», «тіл жайында», «Дүниенің өзгеріп тұратыны жайында», «Жомарттық пен сараңдық жайында», «Игі мінез бен жарамсыз қылық жайында» және т.б. он төрт тараудан , екі жүз отыз бес өлеңнен тұратын шығарма.

Тапсырма 2 Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу
Тапсырма-3 1-топ «Таным дерек»

2-топ. «Ақиқат сыйы» шығармасындағы архаизмдер

3-топ- «Композициялық құрылысы.Идеялық мазмұны»

4-топ. «Дастанның көркемдік ерекшелігі» Ахмет Йүгінекидің “Ақиқат сыйының” түпнұсқасы біздің заманымызға жетпей, біржолата жоғалып кеткен. Ахмет Йүгінеки мұрасының 14 — 15 ғасыр жасалған 3 түрлі көшірмесі, 3 түрлі үзіндісі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы Самарқанда Арыслан Қожа тархан Әмірдің қалауымен Зәйнүл Әбдін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. Көне ұйғыр, арагідік арабша хатқа түскен нұсқаның жалпы көлемі — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя - София кітапханасы қорында сақтаулы; 2 - нұсқа Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд әр - Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя — София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н. Әсім 1915 жылы, ал қаласының Маһмудов 1972 жылы алғаш жариялаған; “Ақиқат сыйының” үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың ақырында, немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ - Қапы сарайында сақтаулы. Ахмет Йүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма - жол және өлеңмен аударылып, 1985 жылы жарық көрді.
Күнделікті қарым-қатынас кезінде жиі қолданылмайтын, бірақ тілдің сөздік қорында сақталған, көпшілікке түсінікті сөздерді көнерген сөздер деп атаймыз. Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолданылу ерекшеліктеріне қарай историзмдер мен архаизмдер деп екі топқа бөлінеді. Историзмдердің пайда болуы лауазымдық атаулардың, қоғамдық құбылыстардың жойылуымен, сондай-ақ әскери қару-жарақ, өндірістік құрал-жабдықтардың қолданыстан шығып қалуымен байланысты. Мысалы: болыс, сұлтан, барымта, ақ берен, айбалта сөздері қазіргі таңда өте сирек қолданылғанымен, мағынасы кез келген адамға түсінікті.
Архаизмдер-халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сана тұрмысына, әдет-ғұрпы, дүниетанымына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып, ескіріп, пайдаланудан біржола шығып қалған сөздер.Мысалы: жаушы, дағара, ергенек, саптыаяқ, түмен, дүрия, патсайы, асадал деген сөздер бүгін қолданылмайды. А. Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» шығармасы архаизмдерге толы. Мысалы: Айтайын білім жайын, құнты бар бол, Ей, достым, білімдіге ынтызар бол. Осы жолдағы «құнты» сөзі ынта, ықылас мағынасын береді, «ынтазар» сөзін қызығушылық, сүйіспеншілік деп түсінуге болады.
Композициялық құрылысы.Идеялық мазмұны.
Ол – дидактикалық сарындағы шығарма. Дастан сюжетке құрылған емес.шығарманың әрбір тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әңгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес
беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы
болып келеді.
Шығарма авторы оқушысына мынадай ғибраттар айтады:
---адам адал өмір сүруі тиіс;
---сараң болмауы ,жомарт жанды болуы керек ;
---білікті,жан-жақты білімді болуы керек ;
---білімді кісіні қадірлеуі қажет.
Дастан 254 бәйіттен тұрады.Мұның бәрі 14 тарауға бөліп берілген. Дастан Алланы,Пайғамбарды және төрт сахабаны мадақтаудан басталады.
Дастанның көркемдік ерекшелігі.
А.Йүгінеки – әрбір сөзді ажарлап та,құбылтып та шебер пайдалана білетін сөз зергері. Ақын өзі баяндап отырған құбылыстың ерекше белгілерін ажарлап,көркіне көрік қосып суреттеу үшін теңеу әдісін қолданған. Мыс:Ыспаһсаларды – теңізге,ал өзін жауын тамшысына теңейді.Ал мұндай тамшылар теңізге құйылып,қымбат маржанға айналады дейді. Ақын екі бірдей ұғымды,құбылысты қатар қойып жұптап суреттейді,сөзді айшықтап қолданудың түрі-параллелизм әдісін пайдаланады.
Өмір тәтті,бүгін қолың жеткенде,
Удай ащы , ертең тастап кеткенде.
Қайда балы – сонда арасы бір жүрер,
Балдан бұрын татып көрші зәрінен.
Дастандағы оқу-білім тақырыбы.
Қарахан мемлекеті тұсында зиялы қауым өкілдері бүкіл түркі жұртын оқу-білімге шақырады. Жаңадан құрылған мемлекттің іргетасын нығайтып,күш-қуатын арттырудың өзі,ең алдымен, ақыл-парасатқа оқу-білімге байланысты екенін жырлау- Ислам дәуіріндегі әдебиеттің қалыптасқан дәстүрі еді. Осы игі дәстүр негізінде тәрбиеленген ақын А.Йүгінеки өз дастанының бөлімін «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы» деп аталатын жырдан бастайды. Мыс:
Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты,
Білімсіз надан – құны жоқ бақыр.
Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді,
Білімді әйел – ер, надан еркек – әйел.
Тест 1.Ахмет Йүгінекидің өмір сүрген кезеңі
а. XII ғ. орта кезі мен XIII ғ. бас кезі
б. XI ғ. орта кезі мен XII ғ. бас кезі
с. X ғ. орта кезі мен XI ғ. бас кезі
2. «Хибатул-хақайық» («Ақиқат сыйы» дастаны)
а. он бес тараудан , үш жүз отыз бес өлеңнен тұратын шығарма.
б. он төрт тараудан , екі жүз отыз бес өлеңнен тұратын шығарма.
с. жиырма төрт тараудан , екі жүз отыз үш өлеңнен тұратын шығарма.
3. Ахмет Йүгінеки “Ақиқат сыйының” 14 ғасырдағы түпнұсқасының фотокөшірмесі, транскрипциясы қазақ тіліне қара сөзбен жолма - жол және өлеңмен аударылып, а.1975 жылы жарық көрді. б. 1986 жылы жарық көрді. с.1985 жылы жарық көрді. 4. «Ақиқат сыйы» дастанының қазақ тіліндегі прозалық және поэтикалық аудармасын жасағандар а.Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықов б.Ә.Құрышжанов пен Б. Сыздықов с. Г.Рыскельдиев пен Б.Сағындықов 5. Білімді кісі қымбат бағалы динар сияқты,
Білімсіз надан – құны жоқ ... а. теңге б. .динар с. .бақыр.
1 а 2б 3с 4а 5с


Бағалау Оларға екі жұлдыз, бір тілек айтады.Оқушылардың сабаққа қатысуларын ескере отырып, мұғалім бағалайды.
Рефлексия Сабақтың қаншалықты жақсы өткендігін оқушылар стикер әдісімен көрсетеді.

Үйге берілетін тапсырма Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанынан үзінділер жаттау. Тәрбие.орг сайтынан Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастаны Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Кондудаева Шынар Маликовна

БҚО, Тасқала ауданы, Ыбырай Алтынсарин атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar