Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби-сазды кеш сценарийі

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 429
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 23/Май/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22858


Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби-сазды кеш

Көрнекілігі: сурет көрмесі, слайдтар, видеолар.
Мақсаты: Оқушыларға Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру. Оқушылардың Отансүйгіштік қасиеттерін арттыруға Қасым Аманжоловтың ерлік пен өрлік жырлары арқылы ықпал ету.

І жүргізуші:
Құрметті оқушылар! Мұғалімдер! Ақын, қазақ поэзиясында айрықша орны бар ұлы тұлға Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына орай өткізіліп отырған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші:
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымнан есіне алсын!…
- деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай Қасым Аманжолов «Жасық өлең емес, асыл өлең» жазуды мақсат еткен қайсар ақын.

І жүргізуші
Қасым жыры – көңіл күйіміздің бақытты шағы. Қазақ поэзиясы қалай өрледі?-деген сұрақтарға ешкім де Қасымсыз жауап бере алмайды,- деп Әбділда Тәжібаев айтқандай, Қасым Аманжоловтың өмір жолы мен шығармашылығымен таныс болыңыздар!

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысында туған. Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады.
1924 –26 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген Қасым бұдан кейін Семейде оқиды (1927-30 жж.). 1931 жылы Қасым Ленинград қаласындағы (қазіргі - Санкт-Петербург) орман шаруашылығы институтына түседі.
1930 жалы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде істейді. Ақын Орал қаласында Екпінді құрылыс газетінде қызметке орналасады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны осы Орал қаласында өтейді.
Алғашқы өлеңдерін Қасым Аманжолов Семейде жазған.1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді.
Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалық өлеңдер жазған. «Үстімде сұр шинелім», «Мартбек», «Жеңіс дауысы», «Орал», «Ертіс», «Сибирь», «Сарыарқа» сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді.
Қасым Аманжолов –шебер аудармашы.
М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. Пушкиннің "Полтава" поэмасын, В.В.Маяковскийдің «Қоштасу» өлеңін аударады.
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның «Өзім туралы» атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті.

ІІ жүргізуші:
Алғашқы өлеңдерін Қасым Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетінде ғана басылып жүрген. Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы туған жер, туған ел, атамекен туралы.

І жүргізуші: Ақынның кеудесін кернеген сағыныш, елінің ертеңіне деген алаңдаушылық, мақтаныш, сенім, сезім өлең болып өріле берген, өріле берген.

«Атамекен», «Алматы», «Мен табиғат бөбегі», «Жайық», «Қазақстан» өлеңдері оқылады.
Атамекен
Қасым Аманжолов
Сүйем сені туған ел - атамекен,
Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.
Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
Баекенов Тимур 4 А

Іздеймін деп «Жерұйық», желдей желген
Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен.
Қорқыт та емен елсізде, көр басында
Қобызымен сырласып күңіренген.
Буртубаева Томирис 4 А

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,
«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!
Өз елімде өзендей гүрілдеймін,
Тасып, шалқып өтемін - осы сертім.
Ян Арайлым 4 А

Алматы
Қасым Аманжолов
Жақсы екен ғой Алматым,
Алтын үйек астанам.
Осы екен ғой жаннатың
Атам қазақ аңсаған.
Амет Елхан 4 Б

Келдім сені сағынып,
Алтын ұям - Алматым.
Кең көшеңде басар нық
Мен бір ақын солдатың.
Ваняшина Валерия 4 Б

От пен темір сайысқан
Келдім майдан төрінен.
Жер құшам деп көр құшқан
Жауды жеңіп келдім мен.
Аркаеев Тимур 4 Б

Күлкі-жасы аралас,
Ақын да бір жас бала.
Тербет өзің, мауқын бас,
Алтын бесік - астана.
Джурунова Алуа 4 Б

Мен табиғат бөбегі
Қасым Аманжолов
Мен табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін;
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.
Нияз Нұрсұлтан 4 Б

Жарқ-жұрқ етіп жүруді
Найзағайдан үйренгем,
Шадыман шат боп күлуді
Күн мен айдан үйренгем.
Гусаков Захар 4В

Тәкаппарлық, ерлікті
Асқар таудан үйренгем;
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.
Волков Ярослав 3 А

Ашу, қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім;
Өз еркімше сілтемей
Қашан ғана имендім?!
Жусипбек Аружан 3 А

Қазақстан
Қасым Аманжолов
Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жауға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз –
Сертің осы, азат жігіт, азат қыз!
Тлеуғали Тоғжан 4 В

Байтақ Отан – туып-өскен өз елім,
Өмірімдей өршіп аққан өзенім!
Артым жақсы, алдым қандай тамаша,
«Бөтен елдің падишасы болғанша,
Өз елімнің терсем артық тезегін!»
Алуа 4 Б

Елім бар деп шырқатамын мен бүгін,
Еркелеймін кең даламда баладай.
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Акишева Александра 4 В

Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Белова Дарья 4 Б

Жайық
Қасым Аманжолов
Сырғып аққан сынаптай
Сабырлы өзен, салқын су.
Толқыныңды құшақтай
Келіп қонды бір аққу.
Исмагулова Азель 3 Б

Жарқын жүзбен жайраңдап,
Жатырсың ағып, Жайығым.
Жағаңда ойнап, сайрандап
Ескенмін заман қайығын.
Горбачева Анна 3 Б

Есіңде ме, Жайығым,
Қалмадың ба жатырқап?
Жамылып кеш сағымын,
Келмеуші ме ем ән шырқап...
Байтукиева Яна 3 А

Ойын, күлкі әзілмен
Бойында өткен талай күн...
Жайық, саған қазір де
Риза бола қараймын.
Серікқан Мадияр 3 А

ІІ жүргізуші: Қасым Аманжолов- дауылпаз ақын ғана емес, ғажайып композитор. Ақынның рухы өршіл, мінезі өткір келгенімен, әндеріндегі иірім нәзік.

І жүргізуші: Қасым әндері жүрегіндегі жан дертін, қайғы-қасіреті мен арыз-ар¬манын ән ноталарына салғандай. Кейде поэзия құдіреті жет¬пегендіктен де, ән арқылы жеткізетіндей.
«Туған жер» әні
Орындайтын вокалдық топ.

І жүргізуші:
Қасым Аманжолов соғысқа қатысып, елін, жерін қорғаған жауынгер ақын.
Соғыс майданында жүріп көптеген лирикалық өлеңдер жазған. «Елге хат», «Достар қайда жүрсіңдер?», «Сағыныш» деген өлеңдері туған елді, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезімін жырлайды.

ІІ жүргізуші: Бір қолына қаруын, бір қолына қаламын алып жауға қарсы шыққан хас батыр. Еліне, жеріне қауіп төнген соғыс уақытында да туған даласын тап Қасымдай егіліп, төгіліп, еміреніп жырлаған ақын жоқ шығар.
Сахналық көрініс «Сағыныш»

І жүргізуші: Қасым Аманжолов дауылды өлең жазып қана қоймай, қазақтың сазды әуеніне құмар болған.

ІІ жүргізуші: Сондықтан болар өлеңімен жеткізе алмаған сезімдерін әнмен әуелеткені.
Қазақ биі. Бишілер тобы. Қарсы алыңыздар!


І жүргізуші:
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. 1955 жылы 18 -қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.

ІІ жүргізуші: Дегенмен де Қасым Аманжолов өлеңдері халқының бай қазынасы. Оттай жанған өршіл өлеңдері әр жүрекке дем береді.
Дүниеге жар
Қасым Аманжолов
Ей, тәкаппар дүние!
Маған да бір қарашы.
Танисың ба сен мені?
Мен қазақтың баласы!
Бурковская Элина 4 А

«Тағы» емеспін, тағы айтам,
Адаммын мен бұрыннан.
Адаммын деп жылағам,
Адаммын деп қырылғам.
Нургалиева Анель 4 А

Тәкаппар ұлы дүние!
Қазақ деген мен деймін.
Мылтығыңды ұсынба,
Қолыңды ұсын, кел деймін!
Шахман Аили 3 А

Оралым
Қасым Аманжолов
Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым менің, Оралым!
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Оралым, сенің қойнында
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында
Достармен сайран құрғамын.
Тушина Елизавета 3 Б

Туған жер
Қасым Аманжолов
Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Уа, дариға, алтын бесік туған жер,
Қадіріңді келсем білмей кеше гөр.
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай тасың болсам мен егер.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің.
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.

І жүргізуші: Туған жер баріміз үшін қымбат та асыл қазына. Еліміз тыныш, туғандарымыз аман.
ІІ жүргізуші: Иә, ең бастысы, Қазақстан-тәуелсіз, еркін ел. Осындай еркін елдің ертеңі мына біздерміз. Еліміздің болашағы біздің қолымызда.
Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер

Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
Филиппова Анастасия 3 б
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Мадиева Мерей 3 б
Отан– отбасынан басталады.
Апсапаров Абай 3 б
Отансыз адам –
Ормансыз бұлбұл.
Тушина Елизавета 3 б
Туған жердің ауасы да шипа.
Бурковкая Диана 3 б
Отан – оттан да ыстық.
Романов Даниил 3 б
Елің - панаң,
Жерің – анаң.
Апсапарова Айнаш 3б
Ата қоныс — алтын мекен.
Қыдыр Қасымхан 3 б
Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
Матвеева Вероника 4 а
Ит тойған жеріне,
Ер туған еліне.
Гежа Рома 4 а
Отан елдің анасы,
Ел ердің анасы.
Бимуратов Даниал 3 а

Холмовой Кирилл 3 а
Жері байдың – елі бай.
Эрметова Эмилия 3 а

Ер - елінде,
Гүл - жерінде.
Сабитова Амелия 3 а

Мұғалім сөзі:
Қасымнан кейінгі өршіл ақын Мұқағали Мақатаев:
«Қасым деген – қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой жанды да кетті өртеніп»,- деп тегін жазбаған. Қасым шынымен де дәл осылай өртеніп өткен от ақын. «Өзім туралы» деген өлеңінде «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» деп еліміздің болашағының жарқын боларына кәміл сенген. Бүгінде ақынның арманы орындалды. Еліміз – тәуелсіз, жұртымыз – аман.
Қазақстан тәуелсіздінің 25 жылдығы қарсаңында Қасым Аманжолов атамыздың жырлары көңілімізге ой, жүрегімізге от салатынына сенімдімін.
І жүргізуші:
Құрметті көрермендер! Осымен өршіл ақын Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына арналған кешіміз өз мәресіне жетті.
ІІ жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рақмет! Тәрбие.орг сайтынан Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына арналған «Қазақстан дейтін менің бар елім» атты әдеби-сазды кеш сценарийі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алтынбекова Айжан Сатыбалдықызы

Алматы қ. "Тұран" мектеп-лицейі қазақ тілі пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar