Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Қазақтың екі ұлы өнерпазы М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» шығармасы
  • 06.01.2017
  • 167 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 20818

Жезқазған қаласы Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азбаева Айжан Хамиевна

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың екі ұлы өнерпазы
/М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» шығармасы /
Сабақтың мақсаты: Көркем шығарма мазмұнына сүйене отырып, ақынның және өнерлі жастардың өнерді бағалауы мен құдіретті Біржан әндерінің Абайға әсерін таныту, сыни ойлау арқылы ауызша сөйлеу мен жазба тіл мəдениетін, шығармашылық ізденістерін, шеберліктерін шыңдау, кішіпейілділік пен адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, баяндау, іздендіру
Сабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих, әдебиет теориясы
Көрнекіліктер: оқулық, интербелсенді тақта /слайд/, стикер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі /оқушылармен амандасу, түгендеу, зейінді сабаққа аудару/

Психологиялық ахуал «Алақаннан алақанға» /оқушылардың бір-біріне алақандарын тигізу арқылы сәттілік тілеуі/

ІІ Үй тапсырмасын сұрау: /Өткен сабақта «ЖИГСО әдісі» арқылы сабақтың мазмұнын оқушылар оқып, меңгерген. Әр топ бөлімге ат қойып, мәтінге жуық қысқаша мазмұндайды/
І топ Келген қонақтар
ІІ топ Әсерлі әндер
ІІІ топ Әйгерім әні
IV топ Аттандыру
/«Жапондық бағалау» әдісі арқылы топтар бірін- бірі бағалайды./

 «Өрмекші торы» /қолдарында оралған жібі бар оқушылар бір- бірлеріне жіпті беру арқылы сұрақ қойып, кезек-кезек толық өз пікірін, жауабын айтады. Нәтижесінде өрмекшінің торы құрылады. Оқушылар сұрақтардың толық нұсқасын біледі./
1. Абайға жеңгелері қойған есім? /Телғара. Өйткені мәтінде Қалиқа жеңгесі Абайды Телғара деп атайды. Қазақ дәстүрінде келіндер қайындары мен қайын сіңілі, қайын аға, аталардың атын атамаған. Бұдан келіндердің инабаттылығы мен әдептілігін, сыпайылығын көруге болады. ..../
2. Абай Біржанға кімді, неге жұмсады? /Абай Біржанға Әмірді жұмсады. Жастаға келіп өнерін көрсетін жастардың сол өнерді түсініп, ұғына білуіне жол ашу үшін. Өйткені Біржан сал сері ғана емес, әнші, ақын, ел жанашыры бола білді. Оның өнерін халық жоғары бағалап, өнерін үлгі ете білді. ......./
3. Біржанның Абайға тамсана айтқан сөзі, мәні? /«Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы, Абай!» деді Біржан. Менің ойымша Абай Біржан өнеріне сүйсіне қарап жоғары бағалайды. Себебі әнді жүрегімен айтып, көңіл төріне жеткізе біледі........./
4. Абайдың Біржанға өнерпаздығы туралы айтқан сөзі? /«Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» деді Абай. Менің пайымдауымша Біржан өнеріне қатты риза болған Абай өнер өрінде шалқитын серінің орынының биікте екенін жастарға ұқтыра білді. Өнерді бағалап,жас болса да аға буынға ақ жол тіледі. ......./
5. Қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? /Қонақжайлылық. Бұл шығармада........... Бата беру. Ұлжан ананың................./
6. Біржан қандай қасиетімен елге жағымды болған? /Біржан ақынның үнемі халықпен бірге болып, ел арасындағы әлеуметтік мәселелерді көзбен көріп, шындықты ащы уытты тілімен өлеңге арқау еткен арқалы ақын болған. Біржан - сері де, айтыскер ақын да, әнші де, шәкірттеріне ұстаз да бола білді. Шығармада жастармен жақын болады. /
7.Абай мен Біржан арасындағы қарым қатынасты қалай бағалауға болар еді? /Шығармадан Абай мен Біржан арасындағы сыйластықты, өнерге деген зор ықыласты сезіне алдым. Осыдан Абайдың өзі де өнерді жоғары бағалап, Біржандай ел серісіне, өнерпазына құрметпен қарайтындығына разы болдым. Бұны үлкен бағалау деп түсінемін./
8.Әңгімедегі жастардың өнерді құрметтеуіне кім еңбек сіңірді? /Жастардың өнерді құрметтеуіне өз үлесін қосқан ол Абай еді. Абай Біржанды таныту арқылы шәкірттеріне жол көрсете білді деп ойлаймын. Біржан жолы жастарға шабыт, ән сыйлады.Біржан өнерінен қанаттанған жастардың өнерге деген құрмет пен қошемті арта түсті. /

/«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау/
 «Тұжырым» кестесі. /Шығарма мәтінінен Абай мен Біржанға қатысты іс-әрекеттерді жазып, адами қасиеттерін саралай отырып бағалау/

Кейіпкерлер Іс-әрекеті Адами қасиеті
Абай
Әмірге Біржанды ертіп кел деп тапсырады. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын дейді.

Біржанның салған әніне риза болып: «Өнерпаз болсаң, өр бол»дейді.

Сол кезеңдегі «Азнабайдарды» сынап сөйледі.
Абай бойындағы қонақжайлылықпен адамгершілікті көруге болады.

Абай Біржан өнерін жоғары бағалайды.

Әділетсіздікті жастарға жеткізе білді.
Біржан
Абайдың өзіне айтылған жақсы лебізін естіген соң: - Шіркін, айтушы сен болғанда, ұқтырушым сен болсайшы, Абай!- дейді.

Жастардың салған әнін тыңдап, сүйсінді.

Өзін шығарып салып тұрғанда жастардан қосыла ән салуын өтінді. Біржанның Абайға деген ризалығын көруге болады.

Жастар өнеріне тәнті болып, өнерді бағалай білді.

Біржан бойындағы адамгершілік пен сый құрметті көруге болады.
/«Мақтау, мадақтау» әдісі арқылы бағалау/
/Өнер, өнер иесі, оның адами қасиеті, өнерді бағалау, құреттеу туралы көп мәліметтер айтылды. Біржан салған әннің құдіретін тағы да бір рет өз құлақтарымен тыңдап, алған әсерді ақ қағазға түсіреді./

 «Синкуэйн әдісі» /Біржан әнінен үзінді тыңдап, оқушылар әсер еткеннен кейін өлең құрастырады, шағын ойтолғау, эссе жазады./

Ән
Әсерлі Тартымды
Айтамыз Жаттаймыз Шырқаймыз
Көңілдің ажары, көңілдің базары
Саз

ІІI.Үй тапсырмасы «Өнер қадірін түсінген асыл жан» тақырыбына шағын шығарма жазу
/Өнерде жүрген сүйікті кейіпкері туралы/
ІV.Бағалау /бағалау парақтарына қарай отырып/

Рефлексия /Оқушылар стикерлерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазып іледі/
Әңгіме ұнады, себебі ?
Әңгіме ұнамады, себебі ? Тәрбие.орг сайтынан Қазақтың екі ұлы өнерпазы М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында» шығармасы Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Азбаева Айжан Хамиевна

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар | Логин: Публикатор | Ілмек сөздер: өнерпазы, М.Әуезов, ауылында», сал, шығармасы, екі, Абай, «Біржан, Қазақтың, Ұлы
Көрсетілім: 167 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar