Бейімбет Майлин "Түйебай" әңгімесі

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 904
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 26/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22724


Сабақтың тақырыбы Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесі.
Сабақтың мақсаты «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын түсіндіру, сөздік қорын молайту,ойлау қабілеттерін арттыру.
Енгізілген модуль Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету.Оқыту мен оқуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды пайдалану.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Сабақтың әдісі Психологиялық дайындық.Топқа бөлу.әдісі.ДЖИГСО әдісі .БҮҮ стратегиясы .Сергіту кезеңі.Кері байланыс:
Күтілетін нәтиже « Түйебай» әңгімесінің мазмұнын түсініп игереді.
Сабақтың барысы Уақыт,
әдісі Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс әрекеті Ресурстар
Көрнекі құралдар
Сабақтың тұсаукесер кезеңі.
1Кіріспе 2 мин
Психология-лық дайындық Шаттық шеңбері. Бір-біріне жылы тілек, лебіздерін айту. Оқушылар бір- біріне естіген жылы сөздерін айтады.
Топқа бөлу 1 мин
Түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлу Түрлі - түсті қызыл, сары,жасыл түсті қағаздарды таңдатып топқа бөлу Қызыл түс - 1 топ
Сары түс - 2 топ
Жасыл түс- 3 топ өздері қалаған түсті таңдау арқылы топқа бөлінеді. Түрлі- түсті қағаз
Үй тапсырмасы 5 мин
Автор орындығы әдісі. Үйге берілген тақырып Ақын-жазушылардың өмірі туралы оқып ,үйде дайындап келген сұрақтарын бір біріне қояды. Ақын -жазушылардың шығармаларын атап шық. Шығармаларының мазмұны қай кезеңдегі тыныс тіршілікті білдіреді.Қай жерде туылған? Шығармаларындағы кейіпкерлердің ішкі жан дүниелерін ,сезімдерін жазушы қалай бейнелеген? Сұрақтарды бір- біріне доп лақтыра отырып қояды.Ақын-жазушылардың өмір жолы,шығармасы туралы өз ойларын айтады. Олардың әңгіме повестерін білетіндіктерін айтып пікірлеседі.
Смайлик арқылы бағалау Кітап, доп,
дәптер
5 мин
Шығармашылық кезең Бейімбет Майлиннің өмір жолы Оқушылар дайындаған ақпараттарын көрсетеді Интербелсенді тақта
Негізгі кезең.
Жаңа сабақ 15мин
ДЖИГСО
әдісі «Түйебай» әңгімесін екі үш топ бөлім- бөлімге бөліп оқйды. 1. Қоржынтомар жайлауының табиғаты.
2. Қарақоға көлі
3. Молда оқуы
4. Түйебай молда оқуында
5. Түйебайдың таяқ жеуі
6. Көшуі
7. Жалшы Түйебай
8. Кездесуі
Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін әр топтан бір бір оқушы барып сол топқа түсіндіреді. Топтағы бір- бір оқушы басқа топтағы оқушыларға өздері оқыған бөлімнің мазмұнын түсіндіреді.
Әңгіменің мазмұнынан түсінгендерін суретке салу арқылы көрсетеді. Оқулық,
флипчарт,
маркер.
Миға шабуыл
5 мин «Түйебай» әңгімесі бойынша сұрақтар
Оқушылар бір – біріне сұрақтар қойып, жауап береді Дәптер

10 мин
Дәптермен жұмыс

«Түйебай» әңгімесі бойынша кестелерді толықтыру.
Кейіпкерлер портреті,мінезі,іс-әрекеті туралы жазады.
Түйебайдың іс-әрекеттерін бағалау.
Мына іс-әрекеттерді қолдаймын.
Бұл іс-әрекеттерді қолдамаймын,деп кестені толтыру.
Толтырған кестелерін оқып шығады.
Топтық,жұптық жұмыс. Дәптер


3 Қорытынды

5 мин
БҮҮ

Мұғалім әр балаға БҮҮ кестесін таратып береді.

Әр оқушы алған білімдері бойынша БҮҮ кестесін толтырады

Формативті жиынтық бағалау.Топтық бағалау. Кесте

4 Сабақ рефлекциясы 2 мин
Кері байланыс. Мұғалім бүгінгі сабақта сабақтың қандай бөлімдері ұнағанын,несімен ұнағанын,қызықты сәттерін стикерге жазуды тапсырады. Бүгінгі сабаққа тілектерін,ұсыныстарын білдіріп жазады. Стикер
Үйге тапсырма
1 мин «Түйебайдың орнында мен болсам....» әнгіме жазып келу. Оқушылар жазып алады Тәрбие.орг сайтынан Бейімбет Майлин "Түйебай" әңгімесі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Молдахметова Алданыш Есенкелдиевна

Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Ю.А.Гагарин атындағы №7 орта мектебі қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar