Қ.Бекхожин «Ақсат Темі мен ақын»

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 412
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 18/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22616


Жалпы білім беретін Сырым ортп мектеп – балабақша кешені
Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі: Бахитжанова Гулжанат Есентаевна
7-сынып Қазақ әдебиеті
Тақырыбы Қ.Бекхожин «Ақсат Темі мен ақын»
Мақсаты Қ. Бекхожиннің өмірі мен шығармашылық қызметі туралы, "Ақсақ Темірдің тарихтағы орны жайында әңгімелеу, балладаның мазмұнын ашу, баллада арқылы оқушыларды халқымыздың баға жетпес қазынасы – сөз өнерін бағалай білуге, өнерді сүюге, адамгершілік қасиетін биік ұстауға үйрету. Оқушылардың танымдық дүниесін, ой жүйесін арттыру, әуезді оқу шеберліктерін, іздемпаздықтың қабілетін шыңдау.
Жалпы мақсаты Оқушыларға балладаны түрлі әдіс-тісілдерді қолдана отырып толықтай, жан-жақты меңгерту.
Күтілетін нәтиже Оқушылар Қ.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мағлұмат алады, блладан жан-дақты талдай отырып, өз ойлармен бөлісе отырып толық меңгереді.
7 модульдің қолданылуы АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Қолданылатын әдіс-тәсілдер «Топтастыру», «Айналмалы бекет», «Кезбе тілші», «Венн диаграммасы»
Қолданылатын ресурстар АКТ, Тапсырма парақтары, Қ.Бекхожиннің портреті
Сабақ кезендері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Топтастыру
7 минут Оқушылар Қ.Бекхожиннің өмірімен таныса отырып, қысқаша топтастыру жұмысын жасайды. Дәптерлеріне топтастыруларын түсіріп алады.



Мұғалім оқушыларға автордың өмірі мен шығармашылығымен танысып, топтастыру жұмысын жасауға тапсырма береді. Оқушылар автордың өмірімен, шығарашылығымен танысып, топтастыру жұмысын жасайды.
Айналмалы бекет
15 минут Оқушылар балладаны кезекпен оқып, оқыған үзінділері не туралы екенін айтып, түсінгендерімен сыныппен бөліседі. Сынып болып талқылап, шығарма мазмұнын аша түседі. Мұғалім оқушыларға балладаны кезекпен оқытып, түсінгендерін сұрап, шығараны талқылатады. Оқушылар кезекпен балладаны оқып, түсінгендерін айтып, өз ойларыме бөлысып, шығарманы талқылайды.
Сәйкестік тесті
5 минут
Әңгіменің басталуы Ақсақ Темірдің Жейхун жерін басып алып, жеңісін тойлауы.
Әңгіменің дамуы. Әміршінің алдына Хафиз ақынның әкелінуі
Әңгіменің байланысуы Ақсақ Темір мен Хафиз ақынның сөйлесуі
Әңгіменің шиеленісуі Хафиздің Ақсақ Темірге берген бағасы
Шарықтау шегі Әміршіні ақын тілінің өткірлігі райынан қайтаруы
Әңгіменің шешімі Ақсақ Темірдің Хафизге рақымшылық жасауы. Ақынның бостандыққа кетуі
Мұғалім оқушыларға шығара желісі бойынша композициялық талдау жасатады. Оқушылар балладамен танысқаннан кейін шығармаға композициялық талдау жасайды.
«Кезбе тілші»
10 минут Мұғалім ортағы бір оқушыны шығарып, оған арнайы щығарма желісі бойынша құрылған сұрақтар ұсынады. Ортағы шыққан оқушы кезбе тілші болады, яғни сыныпты кезіп жүріп кез келген оқушыға жаңағы сұрақтарды қояды. Сұрақ қойылған оқушы толық әрі нақты жауап беруі керек.

1. Әмір Темір тарих бетінен қандай орын алады?
2. Әмір Темір кім?
3. Әмір Темірдің «Ақсақ Темір» аталуының себебі
4. Әмір Темір жорықтарының зардаптары
5. Балладаның негізгі оқиғасы
6. Өлеңдегі басты кейіпкерлер, мінездеме
7. Балладаның көркемдік тіліне талдау жасау
8. Балладада кездесетін жер – су атаулары
9. Балладада кездесетін ғұламалар мен батырлар Мұғалім тақтаға бір оқушыны шығарып, сұрақтар ұсынады. Сыныпты кезіп жүріп, кез келген оқушыға ұсынылған сұрақтарды қойғызып, толық жауап алғызады. Бір оқушы тақтаға шығып, кезбе тілші болады. Тілші болған оқушы сыныптың қалған оқушыларына мұғалім ұсынған сұрақтарды қойып, толық әрі нақты жауап тлап етеді.
Венн диаграммасы
5 минут Оқушылар Ақсақ Темір мен Хафиз ақынның жеке және ортақ қасиеттерін мына араласып кеткен сөздердің ішінен тиістісін теріп жазулары керек.

Ақсақ Темір Ортақ қасиеттері Ақын


1. Билеуші;
2. Орта ғасырларда өмір сүрген;
3. Ақын;
4. Қолбасшы;
5. Тарихта есімдері қалған;
6. Парсы;
7. Батыр;
8. Қайсар;
9. Қатігез;
10. Өжет мінезді;
11. Өлеңдердің авторы;
12. Ақылды.
13. Ақкөңіл;
14. Түркілерінің барлас тайпасынан шыққан. Мұғалім оқушыларға келесі тапсырманы ұсынады. Тапсырманы интерактивті тақтаға орындатады. Оқушыларға Ақсақ Темір мен ақынның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін теріп жазуға тапсырма береді. Оқушылар мұғалім ұсынған тапсырма назар аударып, шартымен танысып алады. Содан кейін Ақсақ Темір мен ақынның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін теріп жазулары керек.

Бағалау
3 минут Оқушылар сабаққа қатыстарына, тапсырма оырндау барысындағы белсенділіктеріне қарай бағаланады.
«Өте жақсы»
«Жақсы»

«Қанағаттанарлық»
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатыстарына, тапсырмаларды орындаудағы белсенділіктері мен дәлдіктеріне қарай бағалайды. Оқушылар сабаққа қатыстарына қарай бағаланады. Тәрбие.орг сайтынан Қ.Бекхожин «Ақсат Темі мен ақын» Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бахитжанова Гулжанат Есентаевна

Пікірлер: 0

avatar