Әбіш Кекілбаев "Шыңырау" әңгімесі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1211
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 07/Ноя/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19917


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Жусупбекова А.К. 6 - сынып
Оқушының саны 12 Ақмола облысы
Аршалы ауданы.
№3 Аршалы орта мектебі
12.04.2015
Сабақтың атауы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесінің мазмұны
Сілтеме 6-сынып әдебиет оқулығы,К.Исламжанұлы, С.Тілешова, Б.Әрінова, Р.Баттал. 2002.
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Жалпы мақсаты «Шыңырау» әңгімесін әдебиет теориясы тұрғысынан талдай отырып, әр оқушының өз тапсырмасын орындауына қолайлы орта туғызу, кейіпкер тағдырына ортақтаса отырып өз ойларымен бөліседі, оқу, сөйлеу, талдау дағдылары қалыптасады
Міндеттер Мазмұнына байланысты: 1.шығарманың тақырыбы мен идеясые ашу, мазмұнын толық меңгерту;
2. оқушыларды әңгімені әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету;
3.өз бетінше ізденуге баулу.
СТО-ға байланысты: - кейіпкерлер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау;
Топқа байланысты: - әр оқушының жеке, жұптық, топтық жұмысы, өз пікірін қорғайды, бір-бірінің нұсқауларын орындайды.
Сабақта туындаған негізгі идеялар Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру
Күтілетін нәтиже Әңгіме мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы Еңсептің ауыр еңбегі туралы біліп, су қадіріне көзін жеткізеді. Құдық қазудың азабы туралы мағлұмат алады. Әңгімені талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа үйренеді. Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады.
Нәтижені бағалау Жазу арқылы (кейіпкерге хат жазу, ойтолғау жазу)
Көрнекіліктер АКТ,үлестірмелі қағаздар, флипчарт, маркер
Әдістер СТО стратегиялары: «Ойшақыру», «Әдебиет үйірмесі», «Кейіпкерге хат», «Ой толғау»
Сабақтың мазмұны
Уақыты Стратегиялар Ресурс
тар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті
2 мин Ұйымдастыру
кезеңі Тренинг
Оқушылар ынтымақтастық шеңберін құрып бір-біріне жақсы тілек айтады.
Смаиликтер арқылы топтарға бөлу
Сағат тілі бағытымен оқушылар бір-біріне жақсы тілек айтып шығады.
Смаилик түстеріне қарай топтасады.
I кезең: «Көпір» тапсырмаларын оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді.
Осы кезеңде ойлауды Блум бойынша жіктеудің «Білу» мен «Түсіну» тәсілдері жүзеге асырылады.
3 мин Ойлауды Блум бой-ша жіктеу
«Білу» Интербелсенді тақта
Үйге берілген Ә.Кекілбайдың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы сұралады.
Үйден ізденіп оқып келген Ә.Кекілбай туралы білетіндерін слаидтар арқылы тиянақтайды.
5мин «Түсіну» Флипчарт, маркер

Ой шақыру: «Шыңырау» деген сөзді қалай түсінесіңдер? «Шыңырау құдық» дегенде ойларыңа не келеді?

Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салады. Постер қорғайды.
II кезең(Мағынаны тану) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері орындайды (20 минут);ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды . Нәтижесі ауызша марапатталады.
20 мин «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» Семантикалық карта, нөмірлер

Берілген нөмірлер арқылы оқушыларға рөлдер бөлінеді.
Рөлдегі оқушылардың қызметі жайлы түсіндіріледі, жеке жұмыс, жұппен талдап, ойды ортаға салатынын айтады.

1.Баяндаушы
(Шығарма мазмұнын қысқаша баяндайды.)
2.Ізденуші
(Тақырып туралы ақпарат жинайды. Құдық, оның қажеттілігі туралы мәлімет)
3.Сұрақ қоюшы
(Әңгіме негізінде сұрақтар дайындайды.)
4. Сілтеме табушы
(Әңгіменің ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп тапқанын түсіндіреді)
5.Бейнелеуші-суретші
(Оқиға желісімен сурет салады)
6.Дәнекер
(Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырады)
2 мин Сергіту сәті Аңыз
«Екі қасқыр» аңызын айту арқылы ойларын сергітеді, өздеріне шешім шығартады.

Аңыз мазмұны арқылы ойларын сергітеді.
III кезең(Ой толғаныс кезеңі)(кері байланыс – бағалау кезеңі): Бұнда «бағалау» тәсілін орындау арқылы ойтолғаныс жасау, сабақ барысы, оқушылардың іс-әрекеті жайлы пікір,оқушылар белсенділігін бағалау,кері байланыс жүзеге асады.
10 мин «Бағалау» Хат жазу, Ой толғау І топ: Кейіпкерге(Еңсепке) хат жазады.
ІІ топ: «Еңсеп қазған» Ой толғай отырып, әңгімені өз еріктерімен аяқтайды. Хаттың мазмұнын баяндайды.

Өз қиялдарымен әңгімені аяқтайды.

2 мин Қорытынды. Бағалау Сабақ талдау парақтары,
бағалау пппарағыпарақтары

Сабақты қорытады. Өздерін бағалауларын сұрайды. Қорытынды баға туралы айтады.

Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды бағалап, жиынтық баға шығарады.
1 мин Үйге тапсырма Түсініктеме күнделігі
Түсініктеме күнделігін толтыру жолдарын түсіндіру.
Әңгіме бойынша сөздік жұмысын жасайды. Тәрбие.орг сайтынан Әбіш Кекілбаев "Шыңырау" әңгімесі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жусупбекова Асем Каирденовна

Ақмола облысы Аршалы ауданы №3 Аршалы орта мектебі Қазақ тілі және қазақ әдебиетінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar