Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 837
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 26/Апр/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 22721


Сабақ жоспары№9
Пән аты: Әдебиет Сыныбы:5 «А» Күні:25.11.2016 ж. Мұғалім: Н.Ниязбаева
Сабақтың тақырыбы: Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әбділдә Тәжібаев туралы сөз, әдеби ертегінің ауыз әдебиетіндегі ертегі жанрынан айырмашылығы мен ұқсастығы туралы түсінік беру.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ержүректілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: « Шешендік сөздер» кітабы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Әдеби ертегілер туралы түсінік.
ІІІ. Білім тексеру:
Сұрақ жауап
1.Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ертегінің түрлерін оқушылар өздері жазады.
Хайуанаттар
туралы қиял-ғажайып ертегілер

шыншыл ертегі әдеби ертегілер


1. Әдеби ертегі авторы Ә.Тәжібаев өмірі, шығармашылығы.
• 1909 жылы 4- ақпанда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
• 1998 жылы 23 – қыркүйекте 89 жасында дүниеден өткен.
• Ә.Тәжібаев – ақын, драматург, әдебиет зерттеуші,Қазақстанның халық жазушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
• Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде қызмет атқарған.
• Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» 1933жылы жарық көрген. 50 шақты кітаптың авторы.
• «Толағай» әдеби ертегісі 1978 жылы жазылған
• «Жамбыл» кинофильмінің сценарийін жазған.
• Марапаттаулары: «Октябрь революциясы» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен екі рет, «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен.
2. « Толағай» ертегісін оқушылардың өздеріне жекелеп оқыттыру.
VІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Салыстыру (Венн диаграммасы)



VІІІ.Сабақты қорыту:
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру.
1. Ертегіні оқып, түсінгенін өз сөзімен айту.
2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою. Тәрбие.орг сайтынан Әдеби ертегілер. Ә Тәжібаев «Толағай». Толағайдың ерекше сипаты, ерен ерлігі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Н.Ниязбаева

Пікірлер: 0

avatar