Еңбекпен тапқан нан тәтті (Ы. Алтынсариннің әңгімелері) 10 сынып

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1892
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 14/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20514


Сабақ тақырыбы: Еңбекпен тапқан нан тәтті
(Ы. Алтынсариннің әңгімелері туралы)
Сабақ мақсаты: Ы. алтынсарин әңгімелерінің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу, өмір суреттерінің
реалистік сипатын түсіну және бүгінгі заман тұрғысынан баға беріп, салыстыру.
Оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Сабақ көрнекіліктері: АКТ, бейне сурет, тірек сызба, смаликтер мен стикерлер
Сабақ өтілу әдісі: СТО, салыстыру, топтастыру стратегиялары
Сабақтың барысы:
* Ұйымдастыру кезеңі
* Ой қозғау
* "Топтастыру" әдісімен үй тапсырмасын сұрау

Педагог- ағартушы Әдебиет өкілі

Зиялы қауымның бірі Ы. Алтынсарин Ақын

Қоғам қайраткері Жазушы

* "Ұлыдан ұлағат"

Ыбырай негізін салған мектеп Біз білім алатын мектеп

Салыстырыңдар
* "Сыңарын тап"
Берілген мақал - мәтелдердің сыңарын табу арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашу

* "Тәлім - тәрбие"
Отансүйгіштік

Мейірімділік Әділдік


Әдептілік Сабырлылық

Шыдамдылық Кішіпейілдік

Еңбексүйгіштік

Ы. Алтынсариннің еңбек тақырыбындағы

әңгімелері негізгі идеясы ой түйіні

"Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" Жалқаулықтан аулақ болып, тынбай Ерінбе еңбек ет, бос жатпа.
еңбектенуге тәрбиелейді

"Атымтай Жомарт " Еңбекпен тапқан нан тәтті, әрі Еңбекпен табылған наның тәттілігі
сіңімді екенін айтады өзгеше болады

"Әке мен бала" Балалардың бойларын бойкүйездік Аз жұмысты қиынсынсаң, көп
пен жалқаулықтан аулақ етіп, жұмысқа тап боласың.
еңбекке баулу мәселесіне мән
берген

"Қыпшақ Сейітқұл" Елді отырықшылдық пен егіншілікке Өзің бейнеттеніп нан тапсаң
үндеп, тіршіліктің пайдасы бар екенін берекелді болады
аңғартады

"Бақша ағаштары" Жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беріп, Бағулы ағаштай жақсы, түзу кісі
бағып - қағып, жақсы мінез - құлыққа болып өсерсің. Бағусыз кетсең
тәрбиелейді қисық ағаштай қисық өсерсің.

"Талаптың пайдасы" Талаптың арқасында мақсатқа қол Алдына мақсат қойып, сол мақсатқа
жеткізетінін айтады жету үшін еңбектену - үлкен бақыт.

"Бай баласы мен жарлы баласы" Ешбір икемсіз, өмірден түйгені жоқ,, Адам баласы жалқаулықтан аулақ болып ,
жалқау бай баласындай болмай, өмірге, өнерге бейім болып, қиыншылыққа
өмірге бейім, еңбексүйгіш, қиындыққа төзіп, еңбекті сүю керек
төзімді жарлы баласындай болуды
уағыздайды

* "Дүние қалай етсең табылады" әңгімесінен түсінгендерін мазмұндау
Еңбек - тіршілік көзі. Еңбекпен ғана адам жақсы тұрмысқа жетеді. С. Сейфуллин
Сабақты бекіту сұрақтары:
* Ыбырай болашағынан үміт күткен кім?
* "Қазақ хрестоматиясының" жазылуына қандай қажеттіліктер себеп болды?
* Жастарды өнер - білімге, оқуға шақыру мақсатында қандай өлеңдер жазды?
* Ол қазақ халқы туралы не айтты?
* Әлеуметтік - теңсіздік мәселесіне арналған қандай өлеңдері бар?
* Ы. Алтынсаринді балалар әдебиетінің атасы деуіміздің мәні неде?
* Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні не?
* "Ой қозғау"
"Еңбек - бәрінде жеңбек"тақырыбына эссе жазу
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: "Білгеннің пайдасы" әңгімесін оқу Тәрбие.орг сайтынан Еңбекпен тапқан нан тәтті (Ы. Алтынсариннің әңгімелері) 10 сынып Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сәрсенбаева Гүлнұр Аманбайқызы

ОҚО Арыс қаласы С. Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar