"Күлтегін " жыры

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1858
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 18/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18056


8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Күлтегін жыры
Сабақтың мақсаты:
білімділік- Күлтегін жырында айтылған негізгі мәселелерді терең түсіндіре отырып, жырдағы тұлғаларға жан-жақты сипаттама беріп, көркемдік ерекшелігін ұғындыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық- оқушыларды өз бетімен ізденуге, кестемен жұмыс істей білуге, салыстыра білу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік- оқушыларды ізденуге жетелеу, Отанды сүюге баулу , тарих тағылымдары арқылы тәлімді тәрбие беру.
Сабақтың түрі: іздену сабағы
Сабақтың әдісі: іздендіру, баяндау, жинақтау, салыстыру, талдау,пікірлесу, ой қозғау, тест
Сабақтың көрнекілігі: қосымша оқулықтар, көрсетілетін слайдтар, қима қағаздар,карта, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу.
Сабаққа қатысын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
арыстандай айбарлы жолбарыстай жүректі

көк бөрідей тәкаппар батыр жігіт

көреген көсем білімді жан елге тұтқа болған қакһарман
Үй тапсырмасын бекіту.

ИӘ және ЖОҚ
1. Алып –Ер Тұңға Әл-Фарабидің кейіпкері болған. (жоқ)
2. Алып –Ер Тұңға қайтыс болғанда, артында қалған елі жоқтау шығарған. (иә).
3. Жоқтау Фирдоусидің «Шаһнама » кітабында жазылған (жоқ).
4. Алып-Ер Тұңғаның Барысхан, Қарахан, Шиде, Алақ атты ұлдары болған (иә).
5. Алып –Ер Тұңға – Афрасияп, Тұранның патшасы болып суреттеледі. (иә)
6. Ер Тұңға елден көп нөкер жинап, Ираннан жеңліс табады.
(жоқ).
7. Ж. Баласағұн «Құтты білік » дастанының 277-286 бәйіттері Алып Ер Тұңғаны мадақтауға арнаған. (иә)
8. Қаз, Айқаған атты қыздары болған. (жоқ Қаз)

Сұрақ-жауап
1 Ежелгі дәуір әдебиеті туралы не білеміз?
2. Неліктен біз ежелгі дәуір әдебиетін төл әдебиетіміздің тарихының басы деп есептейміз?
3. Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын қандай шығармаларды білесің?
4. Бұларды зерттеп, әдебиетіміздің тарихына қосуға , елге танытуға үлес қосқан қазақ ғалымдарын атаңдар.

ІІІ Жаңа сабақ.
«Оқу-тыңдау»
Бейнетаспа №1,
1. Көне түркі әліпбиі. Руна жазуы.
2. Түркі жазулары. Орхон ескерткіштері.
3. Күлтегін әскери қайраткер, қолбасшы, батыр.
4. Күлтегін жырын алғаш тапқандар.
5. Тоныкөк – түркі елінің ойшылы, кеңесшісі, ақыны.
6. Білге қаған – шығыс Түрік қағанатының қағаны.

Бейнетаспа №2
1. Ежелгі дәуір әдебиеті.
2. Орхон ескерткіштері эпикалық жырдың көнесі.
3. «Күлтегін» жырының – авторы Йоллығ тегін
4. Күлтегін жырының мазмұны.

Бейнетаспа №3
1. Ежелгі дәуір әдебиетінің тарихы.
2. Охон жазбалары.
3. Күлтегін жазуы.
4. Жырдың мазмұны, тауғаштарға кіріптар болуы.
5. Күлтегіннің ерлігі.

Бейнетаспа №4
Сен білесің бе?
Күлтегін тасының көшірмесі астананың төрінде.

Бұл ескерткіштің айна –қатесіз көшірмесі Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетіне 2001 жылы әкелініп қойылған.

«Мағынаны тану». Оқушылардың ізденіс жұмыстары.
1. Бумын қаған .
2. ҮІ ғасырда мұрагерлік жолмен әкесінің жолын басуы.
3. Бумын Түрік қағандығын құруы. Елхан.



1.Істемі- Бумын қаған інісі.
2.Істемі әскерінің негізін құрды
3.Істемі ерліктері.



1. Тоныкөк ескерткішінің жазылуы.

1.Күлтегін ескерткіші.
2.Айдаһар бейнесі.
3.Қытай таңбалары

1.Білге қаған.
2.Ескерткіш түркі және қытай тілдерінде.
3.Ескерткіш бейнесі.

Түсіндірме сөздік
Қаған-хан.
Білге-ақылды, данышпан,білікті.
Шад, ата бектер-әскер басшылары
Тоғыз оғыз- тайпаның аты.
Өтүкен- түркілердің қасиетті мекені.Монғолия аймағында.
Індепті- төмен түсіпті.
Ұша барды- дүниеден қайтты.
Балбалы қойылды - тастан жасалған мүсін, сынтас.Көне түркі руларының әдеті бойынша, өлген кісінің басына оның тіршілікте жауласып өткен адамының мүсінін қоятын болған.
Халықты от-су қылмадым- өштестірмедім, тату еттім.

« Топтастыру». «Тұлғаны таны» . Жырдағы тұлғаларды топтастыру, сипаттама беру.

Ержүрек, батыр өршіл, әскербасы

қайтпас мінез , қайсар эпостық образ
жырдағы ең өзекті тұлға

Қаған батыр

ақылды дана, білікті

Ақылшы , кеңесші дана қарт

Ел қамын ойлаған ақылгөй ақын, жырау

«Күлтегін» күйі.
«Тапсырма-сабақ»
«Күлтегін» жыры тарихи тақырыпқа жазылған дастан. Қазақтың батырлық эпосына тән шынайы белгілерді анықтау.
Кестемен жұмыс №1
«Күлтегін» жыры Батырлар жырына тән қасиеттер
- батырдың текті ортадан шығуы;
- жастайынан халық қамын ойлауы;
- өзінің ерлік бейнесін елге ерте танытуы;
- нағыз батырға лайықты тұлпар таңдауы;
- елін сыртқы жаудан қорғау үшін сан рет шайқасқа шығуы;
- батырдың шайқастарда міндетті түрде жеңіске жетіп отыруы;
- халық құрметіне бөленуі сияқты болып келеді.
Ал бұл қасиеттердің бәрі Күлтегін батырдың бойынан табылады

Күлтегін

«Сандар сөйлейді»...
1. 7 жас ... Әкесінен айырылады.
2. 10 жас .... Ер атанады.
3. 16 жас.... Әскербасы болады.
4. 21 жас... Чача Сеңүнмен айқасты
5. 26 жас ...қырғыздарға қарсы аттанды.
6. 27 жас... Қарлық халқы еркіндіктің нәтижесінде жауы болды.
7. 30 жас ... Қарлықтарды жеңді.
8. 31 жас... Аз халық жау болды. Қара көлде соғысты.
9. 47 жас... қаза болады.

Сабақты қорыту:
«Ойтолғаныс» «Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Үзінді Үзінді жайлы пікір
Соңындағы інісі ағасындай болмады
Ұлдары әкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Әміршілері де біліксіз екен,
Жалтақ болған екен.

Өлімші халықты тірілттім
Жалаңаш халық тоңды
Кедей халықты бай қылдым
Аз халықты көп қылдым
Төрт бұрыштан халықты
Бәрін бейбіт қылдым
Тату қылдым Күлтегіннің нағыз ер, азамат. Күлтегін, Махамбеттер ұқсас бейнелер. Халық қамын ойлаған Күлтегін халық адамы...
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
1.Ежелгі түркі әліпбиіндегі әріп саны
А)35
В)30
С)25
Д)20
Жауабы:А
2.Түрік сына жазуының көне ескерткіштері
А) «Алтын киімді адам»
В) «Күлтегін,Тоныкөк»
С) «Оғызнама»
Д) «Теле»
Жауабы:В

3. «Күлтегін» жазуының авторы
А)Яксарт
В)Уалиханов
С)Йолыг-тегін
Д)Итиль
Жауабы:С
4. «Ескі», «көне» деген ұғымды білдіретін сөз
А) «Руна»
В) Қаған
С)Дың
Д)Соғды
Жауабы:А
5.Алғаш рет түрік жазуының туралы деректі кімнің жазбаларында айтылады?
А)Сыма Цяньның
В)М.Протектордың
С)Геродоттың
Д) Полиэн жазбаларында
Жауабы:В

6.Білге қаған,Күлтегін,Тоныкөк ескерткіштері қай жерден табылған
А)Қытайдан
В)Византиядан
С)Монғолиядан
Д) Үндістаннан
Жауабы:А
Тапсырма. Сызбаны толтыр.


№1

№2


№3



.Үйге тапсырма: Кесте
Бағалау

Үй жұмысы

Халқымыздың ең көне эпикалық мұрасы – Күлтегін мен Тоныкөк жырларын ерлік жанрына жатқызудың тағы бір себебі мынада: Қазақтың батырлар жырына тән бұлжытпас ортақ қасиеттердің денін біз Орхон жырларынан да табамыз
№ 2 Кестемен жұмыс
Ол ортақ қасиеттер қандай еді?
Күлтегін Ортақ қасиеттер Батырлар жыры
Орхон жырларында Күлтегіннің он алты жастан қырық жеті жасына дейінгі өмірдегі істері баяндалады.
Біріншіден, Орхон ескерткіштерінің де, қазақ эпосының да негізгі идеясы бір. Ол - өз елін, өз жерін шет басқыншылардан, сыртқы жаулардан қорғау идеясы.Екіншіден, солардың қай-қайсысында да әлеуметтік сарын басым. Ат жалын тартып, қолына қару алған жас батыр елінің намысы үшін сыртқы жауға қарсы аттанып, есепсіз қиындықтардан өтіп, ақыры жеңіспен оралады. Батырдың ерлігі қырғын қантөгісте көрінеді.
Үшіншіден, эпикалық жырларда жеңілуді білмейтін ежелгі батырлардың жас шағынан өмірінің ақырына дейін ерлік әрекеттері түгел, тұтас жырланады:

Қобыланды мен Алпамыс батырлардың дүниеге келуінен бастап суреттеледі

№ 3 кесте
Ат- батырдың жан серігі.
«Қобыланыды» «Алпамыс» Күлтегін
Тайбурыл Шұбар Боз ат
Торы ат
Азман арғымақ
Қарагер
Алып шалшы
Байырқы

№ 4 кесте
«Алпамыс» жыры «Қобыланды» жыры «Күлтегін» жыры
Қойға шапқан бөрідей,
Талқандап қуып береді…
Әкем қағанның қосыны бөрідей,
Талқандап қуып береді…

Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысы тұл қылды… Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды…


Күннен күнге түн қатып”

“Түн ұйқыны бөлгендей
Қай шаһарға барасың?”
“Түнде ұйықтамадым Күндіз отырмадым”.

Бұл жолдардан біз өз халқының тәуелсіздігі, намысы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ерлердің үрдіс қимылын, дамылсыз жортуларын көрер едік.
№ 5 кесте
“Қобыланды батыр” мен “Алпамыс батыр” жырларындағы сөзбе-сөз келетін мына бір:
Күлтегін Батырлар жыры
Бастыны еңкейтті,
Тізеліні бүктірді.
Бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды,
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын күң қылды
ы
Қақпаның аузын шаң қылды,
Айдарлысын құл қылд
Тұлымдысын күң қылды Тәрбие.орг сайтынан "Күлтегін " жыры Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Әбіш Гүлзат Кендебайқызы

Жамбыл облысы Меркі ауданы №19 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar