Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Күріш туралы сыр. Базарбай Иасев
  • 08.11.2016
  • 257 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19935

Күні: Сынып: Пәні:
Сабақтың тақырыбы: Күріш туралы сыр. Базарбай Исаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, күріш, «Күріш Отаны», дәнді – дақылдарға толы Сыр өңірі туралы қызықты мағлұматтар бере отырып, диқан, диқандар еңбегі, ас, ас –адамның арқауы екенін айта отырып, жалпы шолу жасау.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу, шығармашылыққа жетелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларға табиғатты сезіне білуге, табиғатқа, Отан анаға қамқор болуға, елін – жерін сүюге, елінің батыр азаматы болуға дәріптеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ой қозғау, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, дәнді – дақылдардың суреті, «Менің Қазақстаным» атты слайд – шоу.
Техникалық құрал–жабдықтар: Интерактивті тақта, электронды оқулықтар және т.б.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, математика, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық жүргізу.
1. Сәлемдесу.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.
4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
5. Ойға шақыру.
ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:
1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.
3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.
4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ:
Сабақтың тақырыбы: Күріш туралы сыр. Базарбай Исаев
Қызығушылығын ояту.
- Күріш туралы не білеміз?
- Ол қалай өседі? Оған қандай күтім керек?
- Күріш өсірудің қандай сыры бар?
- Күріштен қандай тағамдар жасалады?
ІV. Оқу стратегиясын қолдану арқылы мәтінді тізбектеп оқу.
Сұрақтар қою арқылы алған білімдерін шыңдау:
- Агроном қандай мамандық иесі?
- Мәтінде айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?
- Қарт диқан неге кейіді? Диқан үшін қастерлі зат не еді?
- Мәтінде ең өкінішті жер бар ма?
- Қарт диқанның арманын кім кім орындады?
- Қазіргі Сыр өңірінде дәнді дақылдардың қайсысы көбірек егілетінін анықта.
- Туған жерге , еліне еңбек еткен адамды Отанымыз қалай құрметтейді?
V. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық,
Қалтамызға салайық!
VІ. Сабақты бекіту:
Сөздікпен жұмыс:
Бәтуаласады – уәделеседі, келіседі.
Талғажау болар – тамақ қылар.
Кестені толтыру:
Не білемін? Не білгім келеді? Не үйрендім?


VІІ. Үй тапсырмасы: 74- 75 бет мәтінді түсініп оқып, картамен жұмыс жасау, мәліметтер жасау.
VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Күріш туралы сыр. Базарбай Иасев Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бактыбаева Айзат Өмірзаққызы

№35 бастауыш мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар | Логин: 35mektep
Көрсетілім: 257 | Жүктеулер: 0
Барлық пікірлер: 0
avatar