Мұхтар Әуезовтың "Қараш-Қараш оқиғасы" хикаятындағы Бақтығұл тағдыры

  • Жүктеулер: 5
  • Көрсетілім: 1430
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 16/Мар/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18008


Қазақ әдебиеті 8-сынып
Сабақтың тақырыбы:Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы»
Бақтығұлдың тағдыры
Мақсаты:
Білімділік: хикаят бойынша алған білімдерін қорытады, жинақтайды, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таниды. Шығарма мазмұнын толық талдау, басты кейіпкер Бақтығұлдың іс - әрекеті арқылы сол кездегі кедейлер тартқан әлеуметтік теңсіздікті ұғындыру.
Дамытушылық: Оқушыларға проблемалық ситуациялар тудыру барысында олардың ойларын еркін айтуға, әр кейіпкердің іс - әрекетіне орай өз бағасын беріп, талқылауға, өзіндік тұжырым жасай білуге
Тәрбиелік: Топтық жұмыс жасай отырып, оқушылардың бірін - бірі үйрету, пікірлерін сыйлау,оқытуға тәрбиелеу.
Міндеттері:
1.Мазмұнға байланысты:
Шығарманың мазмұнын толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын ұғынады.
2.СТО-ны дамытуға байланысты:
Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен салыстырады.,
3.Топпен жұмыс:
Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.
Түрі: қорыту - жинақтау сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: проблемалық сұрақтар, пікірталас, іздендіру
Пәнаралық байланыс: 1.Қазақстан тарихы « Тұрар Рысқұлов»
2.Әдебиет Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» романы
3. Кино өнері «Асуда атылған оқ»
Көрнекілігі: Слайдқа салынған суреттер, сызбалар, флипчарт
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру жұмыстары :фигураларды таңдату арқылы топқа бөлу.
ІІ. Қызығушылықты ояту
«Ой шақыру» стратегиясы
Үйге берілген тапсырма бойынша 3 топ өздерінің жинаған мәліметтерімен таныстырады.
І топ:
«Қараш - Қараш» оқиғасының жазылу тарихы туралы мағлұмат жинау;
ІІ топ:
Рысқұл Жылқайдаровтың өмірі туралы қосымша мәлімет жинау;
ІІІ топ:
Тұрар Рысқұловтың өмірі туралы мәлімет жинау;

Слайд арқылы Т. Рысқұловтың суретін көрсетемін, үнтаспадан төмендегі сөздер оқылып, тыңдатылады.)
Тұрар Рысқұлұлы – мемлекет және қоғам қайраткері. Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы. Ол қоғамдық-саяси қызметпен қатар теориялық мәселелермен де шұғылданған. Тұрар Орта Азия мен Қазақстанның Кеңес дәуіріндегі тарихшыларының бірі әрі қалам қарымы мықты журналист ретінде де танылды.

Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болға. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталып, итжеккенге жер аударылады.

Өздерің байқағандай, шығарманың басты кейіпкерінің прототипі Рысқұл Жылқайдарұлы еті тірі, пысық, қай істі қолына алса да тындырып істейтін тындырымды кісі болса, ұлы Тұрар да өз елім, ұлтым деп өткен ұлтжандылығының арқасында елінің, халқының жүрегінен мәңгілік орнын тауып отыр.
• Осы шығармада Тұрар бейнесі кімнің атынан көрінеді?
• Сейіттің өжет мінезі шығармада қай тұста байқалады?
• Бұған дейін Тұрардың балалық шағын бейнелеген қандай шығармамен танысып едік?
• ( Оқушылардың ойын тыңдаймын)

«Тұтқын балада» Ш.Мұртаза Тұрар бейнесін сомдаса, «Қараш-Қараш оқиғасында» М.Әуезов Рысқұл бейнесін сомдап отыр. Рысқұлдың оқыс қимыл-әрекеті М.Әуезовке әсер етеді де, 1927 жылы хикаятты жазып шығарады, 1957 жылы қайта өңдеп шығарылады. Кейін 1969 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» бірігіп, «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді. Енді сол фильмнен үзіндіге назар аударайық.

ІІІ. Тараулар. Тақырып. Басты оқиғалар.
ІІ. Іште кеткен кек....•....Тектіғұлдың науқасы
•. Өксікті күндер
•. Аянышты өлімі
ІІ. Кек жолындағы жортуыл....•....Сәлмен жылқысына барымталау
•. Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар....•....Сойылған бие
•Қуғыншылар
•. Соққыға ұшыраған Бақтығұл
•. Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу....•....Арқар ату
•. Жарасбайға тартуы
•. Өтініш,тілек
V. Адасу....•....Жарасбай жанындағы тірлік.
•. Ақ жолдан таю
•. Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық....•....Ел ішіндегі тартыс
•. Сатқындық.
•. Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын....•....Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу....•....Жасырыну
•. Әділ үкім....Алынған кек
ІV. «Тұжырым кестесі»
- Міне, шығармаға толық талдау жасап біттік, шығарма мазмұнын есімізге түсірдік. Енді осы шығарманың оқиғалар желісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасайық. Ол үшін «Тұжырым кестесін» толтырамыз. «Тұжырым кестесіне» шығармадағы басты кейіпкерлерді аламыз.
1-қатар: Бақтығұл
2-қатар: Жарасбай болыс
3-қатар: Сәлмен бай

Кейіпкер
Іс-әрекеті
Адами қасиеттері




Оқушылар жұмыстарын оқып шығады.
Y. Бақтығұл бейнесін ашу ....Мәтінмен жұмыс.
І топ:
Хикаяттан басты кейіпкердің портретін тауып,ондағы жазушы қолданған бейнелі сөздер арқылы жазушының шеберлігін дәлелдеп айту.
ІІ топ:
Бақтығұлдың монологын оқып,ондағы жазушы қолданған көркем сөздерді табу
ІІІ топ:
Табиғатты суреттейтін тұсты мәтіннен тауып,жазушы оны кейіпкердің жан- дүниесімен қалай астастыра алғанын дәлелдеу.

1. Бақтығұлдың портреті Бақтығұл өзі кесек ,балуан денелі,иықты,кеуделі келген.Қалың тік қара мұртты.(тақтаға жазып көрсетеді)
2. Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері,монологтары арқылы Бақтығұлдың бейнесін, жан дүниесі,психологиясын көрсету.(интерактивті тақтада оқушылар кестені толтырады)
Бақтығұлдың іс-әрекеттері, монологы
Жан дүниесі,психологиясы
1. - Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып - өсіріп,қысы-жазы байдың жылқысының соңында болды Жиырма жыл бойы Сәлменнің жылқышысы болды
2. - Күздің ұзақ түні мынау.Қазір алған малмен соқтырып кетсем,таң атқанша ұзап кетем.Осы жауын ізімді шаяды.Түк алмай қайтпақпын ба?Қаңғырып жүріп,қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? Көңілінде көптен шешілмей келе жатқан күдік бар.Аш күйінде ұйқы көрмеген,жол қиындығы,күзгі түн суығы,аштықпен бұралу үйінде жатқызбай қара талқан,құр тарыға ырза қылдырмай түн жамылтып алып шықты.
3. Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау!Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай,не болушы еді!Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Налыған,өмірден әділдік іздеген,қорғансыз жан
4. Бағымды осымен де бір сынап көрейінші.Қозыбақ аулының атаған абақтысынан құтқарса,осы құтқарар болар ма? Сүйенетін панасы,үміт еткені- Жарасбай болыс.Айтқанына көніп,қайтсе де жағынып көрмекші
5. Мына сияқты итшілеп жүрген тірішліктен біздей кісіге өлсек те,түк етпейді екен Жау дүние,мейірімсіз тіршілікке суынған,кегі қайнаған
6. «Мен бүгін бір бұғы атып келемін» Дерт пен ызадан құлантаза сауыққан,сергіп,ойнақшыған кейіпкер
VI. «Выстрел на перевале Караш» фильмінен үзінді
VII. «Ой толғаныс»
Пікірсайыс. Дебат үлгісі бойынша ой - талқы.
Жақтаушы топ
Резолюция: Бақтығұлдың іс - әрекеті дұрыс
Критерий: Кек қайтару - намысты қолдан бермеу
Аргументі:
1. Зорлыққа, қиянатқа қарсы тұру - әділ іс
2. Аштықтан құтылу - өмір үшін күрес.

Даттаушы топ
Контрреволюция: Бақтығұлдың іс - әрекеті дұрыс емес
Критерий: Ұрлық түбі - қорлық
Аргументі:
1. Заманың түлкі болса тазы боп шал
2. Ебін тауып тірлік жасау - өмір талабы

Талдаушыларға сұрақтар:
1. Бақтығұл ұрлық жасауға өз еркімен барды ма?
2. Бақтығұлдың бойында ұрлықшыға тән қасиет бар ма?
3. Аштықтан құтылудың ұрлықтан басқа жолы бар ма?
VIII Қорыту
.VIII. «Бес жолдық өлең» стратегиясы.Бір тақырып бойынша сұрақ дайындау, оған жауап беру
1.Бақтығұл
2.Бақтығұл, Тектіғұл
3. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен
4. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай
5. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай, қоғам
Мұғалімнің қорытынды сөзі
1. « ... Рысқұл оқымаған болғанымен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш »туар (Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынынан үзінді)

Бұл үзіндідегі Тұрар -1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген қазақ қайраткері.

«Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері - Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жоталы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша,Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.

IX.Үйге тапсырма...
«Мұхтар Әуезов – ұлы жазушы» тақырыбына эссе жазып келу..
X.Оқушылардың білімдерін бағалау Тәрбие.орг сайтынан Мұхтар Әуезовтың "Қараш-Қараш оқиғасы" хикаятындағы Бақтығұл тағдыры Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Базарбаева Эльмира Олжабаевна

Жамбыл облысы Тараз қаласы №55 жалпы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar