М.МАҚАТАЕВ "АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА"

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1600
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 10/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19627


Сабақтың тақырыбы: М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.
Кейіпкерлерге талдау

Сабақтың мақсаты: 1. М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасалып, «Аққулар ұйықтағанда» поямасының тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкерлерге талдау жасау.
2. Поэмадағы кейіпкерлер іс-әрекеті арқылы адамгершілікке, мейірімділікке, табиғатты сүюге, қамқорлық жасауға, туған жерді қадірлеуге, халқымыздың салт-дәстүрін сақтай отырып, сұлулық талғамын байытуға тәрбиелеу.
3. Оқушылардан мәтін мазмұнын көркемдеп өз сөздерімен жеткізуге, еркін сөйлеуге, мәнерлеп оқуға, тіл байлығын дамытуға көңіл бөлу.
Сабақтың түрі: талдау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікір сайыс, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, интерактивті тақта, кітаптар, сызба-кестелер.

І. Ұйымдастыру кезеңі. А) Оқушылармен сәлемдесу;
Ә) түгендеу;
Б) сабаққа әзірлік;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің,
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім – деп поэзия құдыретіне сеніп кеткен Мұқағали қандай ақын?
1. М.Мақатаев туралы не білесіз? (оқушылар жауабы тыңдалады).

Журналист әдебиетші

Мұқағали
Ақиық ақын ұстаз

М. Мақатаев өзі айтқан екен: «Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды даусындай...»
2. Мұқағали Мақатаевтың қандай өлеңдерін жатқа білеміз. (Кім айтады?)

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы.

Поэма дегеніміз қандай әдеби жанр? (оқушылар жауабы тыңдалады).
Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев ағаларың былай дейді:
«Сендерге де, мағанда бұл поэма мұң тарту етеді. Бірақ бір бастап оқығаннан кейін тастай алмай соңына дейін бір-ақ оқисын. Бейне бір басқа күй кешесің. Көкрегіңде ән ұялап, жырмен тербелесің. Көз алдымнан Жетімкөлдің ерке аққуы баласы үшін дүниенің тыныштығын, кереметін бұзып, қасиетке оқ атқан ана бейнесін ең соңында екі бірдей асылынан, қасиетінен айырылған сорлы зарлы Ананы көріп, сенде аһ ұрасың».
Балалар, аққу қандай құс? (Аққу құсы туралы не білеміз? Ой қозғау)
Жалпы қазақ халқы наным-сенімге, ырымға сенетін халық. Сол себепті аққуды киелі санайды. Аққуды ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп ұғады, әрі оған ешқашан оқ атпаған.
Аққулар ұйықтағанда поэмасының мазмұны тыңдалады. Поэма 3 бөлімнен тұрады.
Әр бөлімге тақырып қою.

1-бөлім. Тау басына біткен сұлу көл.
2-бөлім. Ауру бала немесе шарасыз отбасы.
3-бөлім. Бақташы қарт. Шарасыз ана.
Эпилог. Аққулар.

Композициялық құрылымына талдау.
1.Оқиғаның басталуы. Жетімкөлдің тамаша сұлу табиғаты.
2.Оқиғаның байланысуы. Жетімкөлге аққулардың келуі.
3.Оқиғаның дамуы. Ауру бала мен ананың шарасыздығы.
4.Оқиғаның шиеленісуі. Сорлы ананың мылтықпен көлге кетуі.
5.Оқиғаның шарықтау шегі. Ананың аққуларды атуы.
6.Оқиғаның шешімі. Баланың өлуі. Жетімкөлге аққулардың қайта айналып келмеуі.

Әдеби – теориялық ұғымдарға талдау, тілдік теңеулерді табу. Оқулықпен жұмыс, дәптерде орындау.

№ Поэмадан үзінді Эпитет Теңеу
1. Тәтті үн +
2. Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ
Айдын көл астан кестен лайланды
Жаны сұлу ақ еркем ары сұлу +
3. Маужыраған түн, Салбыраған шымылдық
+

3-бөлімде жылқышы мен ананың диалогын кезектетіп, оқыту.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру.

Кейіпкерлер Іс – әрекеті, адами қасиеттері
Ана Қамқор ана. Балажан, сәбиі үшін аққуды атты.
Әке Адал жан, халық дәстүрін берік ұстанады.
Тәуіп шал Мейірімсіз, қайырымсыз. Таяз ойлы.
Бақташы қарт Ақылы мол, көргені көп.

Негізгі кейіпкеріміз - Ана.
Ана әрекеті дұрыс па, бұрыс па?
Даттаушы топ.
1. Аққуды атуға болады. Баласын өлімнен сақтап қалу үшін атады.
2. Аққу - махаббаттың белгісі. Ана мен бала арасындағы махаббаттан артық маххаббат жоқ.
3. Ананың балаға деген махаббаты өте күшті.
Егер сол кезде аққуды атпағанда өзін өмір бойы кінәлап өтер еді.
Жақтаушы топ.
1.Аққуды атуға болмайды. Аққу киелі құс, сұлулықтың, пәктіктің белгісі.
2. Аққу - махаббат белгісі. Махаббатты қорлауға болмайды.
3. «Аққуды атпа, досыңды сатпа» деген дана сөз бар.
4. Аққу табиғаттың жаратылысы өмір сүруге тиіс.
Аққу киесі оңдырмайды.

Шығармашылық жұмыс.
1-топ. «Жетімкөл аққулары» эссе жазу.
2-топ. «Көлдің сәні – аққулар» эссе жазу.
3-топ. Мәтіннен үзінді таңдату. Не себепті таңдадыңыздар?

V. Сабақты қорыту.

Мұқағали шығармаларының ерекшелігі «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бізге қандай тәрбие берді?
Ойы өзекті.
Бейнелі рух, сезім басым.
Қазақ тұрмысына жақын ойлар айтылады. Ана махаббатының құдіреттілігін сезіндірді.
Табиғатты қорғауды үйретті.
Халық дәстүрін берік ұстануды дәріптеді.

Мұғалім сөзі: Балалар, адам-табиғат перзенті. Дүниеде екі ана бар. Бірі тіршіліктің анасы, екіншісі адам анасы. Екеуі де мейірімді. Осы екі анаға да қаталдық көрсетуге, жанын жаралауға болмайды.
Құрметті оқушылар, ақын Фариза Оңғарсынова «Мұқағалидай ақыны бар халық -бақытты халық» - деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның шығармашылығымен танысқан сендер, бақытты халықтың - бақытты ұрпағысыңдар.

VI. Үйге тапсырма.
Поэмадан үзінді жаттау.
VII. Бағалау. Сабаққа ынтасын, тәртібін айту. Тәрбие.орг сайтынан М.МАҚАТАЕВ "АҚҚУЛАР ҰЙЫҚТАҒАНДА" Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Жаксылыкова Гулсара Жаксылыковна

Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы№123 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar