М.Мақатаев. Отан туралы

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 267
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 01/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20297


Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы М.Мақатаев. Отан туралы

Мақсаты Білімділігі: Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев туралы, оның шығармасы жайлы танысаады . Шығармадағы негізгі ойды ұғынады.
Дамытушылығы: Сөйлеу мәдениеті жетіледі, сөздік қоры молаяды, өлеңді мәнерлеп оқиды, есте сақтайды, көркем жаза алады.
Тәрбиелілігі: елін, жерін сүюге, табиғатты қастерлеуге тәрбиеленеді.
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап, «Карусель», «автордың орындығы»
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, флипчарт №4,№5, бейне жазба.
Сабақтың типі: аралас сабақ

Күтілетін нәтиже
+Психологиялық ахуал Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Бейне жазба
Мұқағали Мақатаев «Отан» Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой дамыту Балалар байқап отырсыңдар бүгінгі сабағымыз ерекше, қонақтарымыз бар.Қонақтарға біз сабақ көрсетеміз.Сендер маған көмектесеіңдер ме? Ендеше сендер айтқанымды мұқият тыңдап, сабаққа қатысып қол көтеріп отырыңдар.
«Не оқып, не үйрендік?» деп аталады.
Үй жұмысын тексеру.
1. Жақан Смақовтың «Отан» туралы өлеңін жатқа сұраймын.
2. «Карусель» тәсілі арқылы өткнді қайталап еске түсіреміз.
Сұрақтар:
-Отанымыз қалай деп аталады?
-Қазақстанның жері қандай?
-Батыстан шығысына қарай қанша шақырымға созылып жатр?
-Солтүстігінен оңтүстікк қарай қанша шақырымға созылып жатр?
-Елбасымыз кім?
-Біз қай кнтте тұрамыз?
-Елімізді рәміздерін ата
-Әнұранның авторы кім?
- Елтаңбаның авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков Шота-Аман Уалиханов)
-Жүсіпбек Аймауытов кім?
-Жүсіпбек Аймауытовтың қандай әңгімесімен таныстық?
- Жақан Смақов кім? (Ж.Смақов (1932-1974) – қазақ балалар әдебиетінің көрнекті тұлғасы, ақын. Ол Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданындағы Ынталы жерінде дүниеге келеген. Оның «Сәбилерге сәлемдеме», «Қаз-қаз бас», «Жүз бір жұмбақ» кітаптары жарық көрген.)
-Тіл заңы қашан қабылданды? (1997)
-теңге қай жылы шықты? (1993ж)
Білу
Жаңа сабақ
1. Сөзжұмбақ шешу «ОТАН» (оқулықтан)
2. Мақалдарды оқытамын
-Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
-Отан оттан да ыстық
Бұл мақалдардың мағынасын ашуға Мұқағали Мақатаевтың «Отан» өлеңі көмектеседі екен.
Автор туралы: (мәліметті оқушылар оқып береді)
Ақиық ақын, қараөлеңнің құлагері атанған ақын екен.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап - ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған дала.
2. Отан оттан да ыстық.
Ал біздің халқымызда Отанын, атамекенін ардақтау сезімі өте терең. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата - бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген, өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы қасиеті жанымызға ана сүтінен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық
Оқушылар. Өзі өскен еліне, туған жеріне Отанына жыр арнамаған ақын жоқ. Бүгін біз осы өлеңдердің ұйқасын тауып, қисынын келтіріп Отан туралы жазған ақын Мұқағали Мақатаевтың“Отан туралы”
өлеңімен танысамыз
М. Мақатаев туралы бейне сюжет
• Автор туралы түсінік беру.
(1931 - 1976)
Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа - тұс келген Мұқағали өлеңді он - он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960 - 1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
М. Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір - дастан" т. б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір - өзен" т. б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан - қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды

Видеоматериал тыңдау
Не коргендеріңді айта аласыңдар ма? ( табиғат, тау, өзен, мектеп, ана, жылқылар, )
Бұл көргенімізді бір сөзбен «Отан» деп айтуға бола ма?

Оқулықпен жұмыс: Өлеңді оқып баяндау.Қандай дауыспен оқу керек деп ойлайсың?
- Оқушылар оқиды
- Тізбектей бір жолдан оқиды
- Мәнерлеп оқу
Флипчарт №3 ашу Оқулықтан тапсырма
Дәптермен жұмыс
Ақын қолданған өзенге,тауға, тілге, үнге қатысты көркем сөздерді тап. Оларды дәптерге жазып ал. Жазғанымызды оқимыз.
(ағынды) ... өзен (қасиетті) ... тіл
(асқар) ... тау (құдіретті ) ... үн
Ағынды өзен. Қасиетті тіл. Асқар тау. Құдіретті үн.

№5 флипчарт. 5 тапсырма
Жақан Смақов Мұқағали Мақатаев



Өткен сабақта оқылған мәтін мен осы өлеңді салыстыру:
Ақындар Отанды неге теңейді? Екі өлеңдегі ұқсастықтар:
Оқып береді

Үйге тапсырма Мқұағали Мақааевтың шығармашылығымен танысу
. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Критериалды бағалау
Бағалау Критеримен бағалау

№ Тапсырмалар Бағасы
1 Сабақты тыңдадым
2 «Отан» өлеңімен таныстым
3 Отан туралы ойымды айттым
4 Мәнерлеп оқи алдым
5 Жүргізе оқи алдым
6 Көркем сөздерді жаздым
7 Салыстырдым
8 Мақал-мәтел айттым
9 Қол көтердім, қатыстым
10 Өлең шығардым
11 «Ыстық орындықта» өлең оқыдым
12 «Карусель» ойынына қатыстым

Бағалау
парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады Тәрбие.орг сайтынан М.Мақатаев. Отан туралы Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Гулжамал Кенжалиева

Пікірлер: 0

avatar