Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесін оқыту

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 107
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 27/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23615


ШҚО Ұлан ауданы Тарғын ауылы
«І.Айттықов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ахметжанова Альмира Елатаевна

Тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесін оқыту
Мақсаты: Әңгімені оқушыларға оқыта отырып, ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету, қазақ елінің өткен тарихына, тұрмыс – тіршілігіне назарын аударту, жазушының сөз айшықтары мен қолданысын оқыту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды парасаттылыққа, өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын байытуға, ой ұшқырлығына баулу.
Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, инабаттылыққа, ата-анасын құрметтей білуге баулу.
Сабақ түрі: білімді жинақтау, қорыту сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, сайыстыру
Сабақ көрнекілігі:
Сабақтың барысы: Жоспар
1.Бәйге (Зымыран сұрақтары)
2.Жанды сөз (Әңгімеден үзінді сахналау)
3.Білгірлер (топтық жұмыс)
4.Көкпар (мақал- мәтел айту)
5.Тіл- өнер (бейне клип)
6.Ділмар (түйінді ой айту)
Ұйымдастыру кезінде оқушыларды ойынның өту барысымен таныстырып өтемін.
І.Бәйге (Зымыран сұрақтары)
1-сұрақ. Аппақ , ақ қарбас. етектей сақалын балуан бармақтарымен сипалап отырған кім? (Әйтілес қарт)
2-сұрақ. Оның әңгімесін тыңдаушылар кім? (Балалар, саудагер, Рамазан, молда)
3-сұрақ.Бала бидің батыры кім? Оның шабуға барған елі ( Жалпақ батыр, Ергенекті)
4-сұрақ. Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ батыр нешеде еді? (алты жаста )
5-сұрақ. Ергенекті елінде Жалпақ балуанның қандай құнды дүниесі бар еді деп ойлайсың?(Қалыңдығы)
6-сұрақ. Батырдың бұл әңгімеде тілегі не? (Жауға кездесу)
7-сұрақ. Бидің тілегі не?(Жылқыға кездесу)
8-сұрақ. Батыр ,атыңнан түс! Артыңнан қуып келетін ешкім де жоқ. Сен бұл елді шабуға келсең, бұл ел де басқа бір елді шабуға кеткен.Асықпай-ақ айдап бар, жауабын да асықпай берерсің!- деді. Үзін қай жерден алынған және кімнің сөзі? (Ананың сөзі)
9-сұрақ. Жігіттер жол болсын! Жол болмаса болмасын, қыз болсын!.... ойды ары қарай жалғастыр.
10-сұрақ. Соның суық ызғары табынымнан, қара таңбасы маңдайынан әлі кеткен жоқ... Кімнің сөзі?

11-сұрақ. . Мәтіннен қазақтың байырғы мезгіл атаулары мен қашықтық атауларын атаңыз.
(шаңқай түс, қоңыр іңір, Үркер жамбасқа келу, Шолпан маңдайға таяну, күн найза бойы көтерілген кез, жарты көш жер, қозы көш жер)

12-сұрақ. Әңгімедегі дисфемизмдерді атаңыз :
Қар қатынның,байым өліп,елсізде туғыр Бала би, т.б
13-сұрақ.Әңгімедегі көнерген сөздер: жабағы, күпі,тоқым,құл, күң,сауға, құн,барымта т.б
ІІ.Жанды сөз (Әңгімеден үзінді сахналау)
Оқушылар әңгімеден өздеріне қалаған үзіндісінен шағын көрініс көрсету арқылы өз ойларын ортаға салу. ( Серік Қарақат, Табысхан Ерсін, Бердіхан Аманжол, Табыс Саяхат,Тілейхан Байқоныс, Алтынгерел Нұршаш)
ІІІ.Білгірлер (топтық жұмыс) «Менің пікірім»
Тақтада үш бәйтеректің суреті тұрады. Бірінші бәйтерекке «Ана», екінші бәйтерекке «Жалпақ батыр», Үшінші бәйтерекке «Қоғам» деген жазу жазылады. Оқушыларға тапсырмалар беріледі. Топтастыру әдісімен байланыстырып, әрбір топқа үш бәйтеректегі тақырыбымен бірге бөліп беріледі. Оқушылардың міндеті- әңгімедегі сөздерді сұрыптап алып, жазушының шеберлігін көрсету.
Ана: қайратты, шешен, әке- шешесінен айрылған, күндікке сатылған, жылқы баққан т.б. (әке-шешесінен айрылған (әңгімеден үзінді): Әкем арбасын жөндеп, шешем көжесін қайнатып жатыр еді, оншақты салт атты сау ете түсті:
-Жігіттер, жол болсын!,- деп қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да шауып кете берді...
Жалпақ батыр: Батыр , ақылды, қара күш иесі, мейірімді, тәуелді, т.б. (әңгімеден үзінді):
Қоғам: Халықты байлар басқарған, шешімді би берген, сөзге тоқтам салынған, жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған (Әңгімеден үзінді):
-Бірің жылқышы,бірің сауыншы болып жүре тұрыңдар, кейін босатармын,- деп еді Сарыбай. Содан бері он бес жыл өтті. Байым бүгін өліп босанды, өзім осы орталарыңда отырған. Күндіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын соңдарыңнан қуып келемін.
Семантикалық карта. (Кейбір оқушыларға карта тарату)

Шығармадан үзінді Ана Әйтілес қарт Жалпақ палуан Жанай палуан Қыз әкесі Кейкі батыр
Шіркін, әйелдің де әйелі екен. +
Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған, батыр... +
О кісі сөйлегенде іргеде ғана отырып, ойымызға тоқи берер едік... +
Білектің күшін, найзаның ұшын не күші теңдеске, не иығы теңдеске жұмсаған жоқсыңдар... +
Батыр, рұқсат етсең, екеуін де тайға теңдеп алып жүрейік... +
Біз даланың ессіз есерлеріміз. Көзге түрткенде ғана селк етеміз. +

ІV.Көкпар (мақал- мәтел айту)
Біздің оқып танысқан «Ананың анасы» деп аталатын әңгімедегі ана секілді мына суретте де ақылды ана көш бастап келеді. Көш бастаған ананың сендерге берге сәлемін әлі аша қойғаным жоқ. Бұл сәлемді маған аманат етіп мына көш бастап бара жатқан ана тапсырды. «Аманат арға жүк» дейді қазақ. Осы сәлемдемені ашу үшін сендерге бірнеше тапсырманы орындауларың керек. Осы түйіншекті бір- бірімізге бере отырып, салмақтап көрейік те. Әр ұстаған оқушы бір мақалдан айтады.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада. Т.б.
V.Тіл- өнер (бейне клип)
«Ана жүрегі» әнін клипімен тыңдау.
VІ.Бағалау « Ойтолғау»
Мінеки, Жалпақ батырды да , жігітті де мүдірткен құдіретті күш АНА туралы біз де ой толғап көрсек қайтеді.
(Ойтолғауға арналған сөйлем үзінділерін таратып беремін)
1.Алып та анадан туады.....
2. Ананы сыйламаған адамды кім дер едің? Ол әрине...
3. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген сөзді...
4. «Анаға қарап қыз өсер» деп...
5. Анаға жыр арнамаған адам кемде –кем болар сірә, мен де...
6. Ананың аялы алақанын мен ... теңер едім. Өйткені...
7. Балаға алдымен ананың ыстық ықыласы керек...
8.Анаға тағзым етейік...
9. Ана алдындағы баланың парызы ешқашан...
10. Ана мен үшін...
11. Көркем шығарманы сатылай-кешенді талдау.
Шығарма авторы: Ғ. Мүсірепов.
Тегі, түрі: проза (әңгіме)
Тақырыбы: Қазақ анасының ұлттық бейнесін жасауы.
Идеясы:Ананың балаға, адамзатқа деген ұлы махаббатын паш ету.
Шығарманың композициялық құрылысы:
Экспозициясы. Соқыр қарт Әйтілестің әңгімесі.
Басталуы. Жалпақ палуанның Ергенекті елін шабуға аттануы.
Байланысы. Барымта және тезек арқалаған жас қызды олжалау.
Шиеленісі. Жылқышының мерт болуы.
Шарықтау шегі. Қыз анасының әрекеті. Ананың құдіреті.
Шешімі (соңы) Жалпақ балуанның ана мен қызына бостандық беруі.

VІ.Үй тапсырмасы.
1.Ана- теңдесі жоқ құдірет
2.Ана- сарқылмайтын күш
3. Ана махаббаты- киелі күш
Берілген тақырыптарға ана махаббатының құдіретін дәлелдеу мақсатында шығарма жазып келу...
VІІ.Қорытынды бөлім.
Ана керек! О, адамдар , ана керек адамға,
Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.
Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,
Даналықты қажеті жоқ сыйлау үшін Ананы! Тәрбие.орг сайтынан Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесін оқыту Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметжанова Альмира Елатаевна

ШҚО Ұлан ауданы Тарғын ауылы «І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar