Ғ Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 710
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 06/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18497


Сыныбы: 5 «в»
Күні: 19.02.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Ғ Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Әңгіменің мазмұнын меңгерту. Кейіпкер бейнесін ашу Оқушыларды пікір айтуға, топпен жұмыс істеуге үйрету.
Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, ата-анасын құрметтеуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың тіл ұшқырлығы мен тіл байлығын жетілдіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, кейіпкерлерге мінездеме беру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі қағаздар, стикерлер.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Зейіндерін сабаққа бөлу.
Сыныпты топтарға бөлу.
- Ол үшін оқушылар кезек келіп, мына қағаздарды суырамыз.
«Адал дос- асыл қазына» деген мақалды суырғандарың бірінші топ,
«Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақалды суырғандарың екінші топ,
«Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген мақалды суырғандарың үшінші топ,
«Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды» деген мақалды алғандарың төртінші топ болады.
Топ басшысын сайлап, бағалау парағын тарату.
Оқушылар, біздер өткен сабағымызда классик жазушыларымыздың бірі
Ғ Мүсіреповтың «Жаңа достар» әңгімесімен таныстық. Бұл шығарма жазушының «Қазақ солдаты» романынан алынған үзінді. 1950 жылы толықтырылып басылған бұл роман алғашында «Қазақ батыры» деген атпен 1945 жылы жарыққа шыққан. Романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев деген атпен берілген). Неміс басқыншыларына қарсы ауыр да қаһармандық күресті суреттеген тұңғыш шығарма.
Сіздер өткен сабақта жазушы шығармашылығымен танысып, әңгіменің мазмұнын білдіңіздер. Бүгінгі сабағымызда кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығарманы талдаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1)«Білім ағашы» ойыны.
Әр топ Ғ.Мүсірепов өмірбаяны мен шығармашылығы туралы 3 сұрақтан дайындап стикерге жазып, ағашқа жабыстырады. Оқушылар шығып сұрақтарға жауап береді.
2)Әңгімені композициялық құрлысына талдау жасай отырып, мазмұндау.
Композициялық құрылымы:
Әр топқа бөлу.
1- топ: Шығарманың басталуы .Шығарманың байланысы
2- топ: . Шығарманың дамуы.Шығарманың шиеленісуі
3- топ: . Шығарманың шарықтау шегі
4- топ: Шығарманың аяқталуы
Топтар бармақ арқылы сағат тілімен бір- бірін бағалау.
1. Шығарманың басталуы – Қайроштың қалаға қашуы
2. Шығарманың байланысы – Қайроштың Шегенмен, Борашпен танысуы, достасуы
3. Шығарманың дамуы – Тамақ табу үшін базар халқына өнер көрсетуі
4. Шығарманың шиеленісуі – Милиционердің балаларды қууы.
5. Шығарманың шарықтау шегі - Қайрошты балалар үйіне тапсыруы.
6. Шығарманың аяқталуы – Қайырғалидің балалар үйінде қалуы, оқуға ниет білдіруі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Балалар, біз әңгіме мазмұнымен таныс болдық. Енді әңгіме кейіпкерлеріне талдау жұмысын жасау ретінде тапсырмалар орынаймыз.
Шегеннің үш өсиеті.
1.Балалар, осы өтірік айтса не болады?
Әрине, өтірік айтуға болмайды. «Өтірік өрге бастырмас» деген сөз бар емес пе?
Өтірікшіні ешкім жақсы көрмейді.
2.Ал, енді достық деген не? Шын достар қандай болу керек?
Шын достар- бір-бірі үшін қуанып, бірі үшін мұңая алатын жандар. Егер үнемі қуанып жүрсең, досың үшін шын бақыт.
3.«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалға қалай түсінесіңдер?
Алтын қанша қымбат болса да, достықтан артық емес, «Адал дос- асыл қазына» деген.
Бұл үш өсиет кімнің талабы еді? Әриен, Шегеннің. Шеген өзінің достарына осылай талап қойған еді.
1)«Сиқырлы ұяшықтар» постер қорғау.
Әр топ сағат тілімен бір- бірін жұлдызшалар арқылы бағалап өтеді.
Өте жақсы- 3жұлдызша
Жақсы -2 жұлдызша
Орташа- 1 жұлдызша
Әр топ ұяшық таңдау арқылы тапсырмалар орындайды.
Қызыл ұяшық тапсырмасы.
Қайрошқа мінездеме беру.
Жасыл ұяшық тапсырмасы.
Шегеннің портерті
Сары ұяшық тапсырмасы.
Мария апайға мінездеме беру.
Көк ұяшық тапсырмасы
Бораш портреті.
2) Видео сұрақтар қою.
Бүгінгі сабаққа арналған 5 «б» сынып оқушыларының сұрақтары.
Топ басшылары ұяшық таңдайды, топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.
Бағдаршам бойынша бағалау.
3) Шығармашылық жұмыс.
«Менің досым» ой толғау жазу.
Өмірдегі досың туралы немесе әңгімедегі достық туралы жазу. Оқушының өз еркі.
ІV. Сабақты бекіту.
Әңгіме кесте арқылы сабақты бекіту.
Әңгіменің аты

Авторы

Кейіпкерлері
Немен аяқталды?
Не үйрендім?
V. Қорытынды.
Қ. Р Президенті Н. Ә Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.
«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс- бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз»
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар біздің елімізде аз емес. Ондай адамдар ересектер емес, балалар арасында да бар. Әңгімедегі осындай мүмкіндігі шектеулі бала Бораш. Өзінің қиын тағдырына мойымай, өмірде үлкен азамат болып, орнын тапты. Ондай адамдарды құрметтеуіміз керек. Оларға қамқорлық жасауымыз керек.
VІ.Үйге тапсырма: Борашқа хат жазу. Тәрбие.орг сайтынан Ғ Мүсірепов «Жаңа достар» әңгімесі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Сейталиева Шамшырақ Әділханқызы

Қызылорда облысы Арал аудны Жақсықылыш кенті №19 орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar