Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы.

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1005
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18849


Тараз қаласы №57 орта мектебі КММ
Жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Ералиева Қалдыгүл Абдімомынқызы

АШЫҚ САБАҚ

I.Сабақтың тақырыбы:
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы.

II.Сабақтың мақсаты: 1) «Ұлпан» романының тақырыбын аша отырып, кейіпкерлерге сипаттама бере білуге үйрету.
2) Сабақтың тәрбиелік мәні: Ұлпан бейнесін талдау арқылы оқушыларды әділдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
3) Сабақтың дамытушылық мақсаты: Сабақ барысында оқушылардың оқу, ойлау және жүйелі жазу қабілеттерін дамыту.
III. Сабаққа қажетті материалдар:
Буклет.Сабаққа байланысты жазылған плакаттар. Ғ.Мүсірепов шығармалар жинағы. І. ІІ. ІІІ. том.

IV. Сабақ үш фазадан тұрады:
Қызығушылықты ояту
Мағынаныажырату
Ой толғаныс
V. Үш фазада қолданылатын әдіс-тәсілдер
Топтастыру.
Сұра,жауап беремін.
Әңгіме кестесі.
Семантикалық карта.
Концептуалдық кесте.
Кейіпкерге хат.
INSERT (әсерлі нәрсені түртіп алу)
Академиялық дау-дамай.

VI.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу / Қызығушылықты ояту/
1-топ Әділдік
2-топ Ризалық. Әр топпен сұхбат жүргізіледі. Топпен әңгімелесе отырып,бар ынтаны бір мақсатқа бұру.
Оқушылар өз топ аттарын қорғайды.

VII. Мағынаны ажырату/
Жоспар:
Сұра, жауап беремін.
Әңгіме кестесі.
Семантикалық карта.
Концептуалдық кесте.
Кейіпкерге хат.
INSERT (әсерлі нәрсені түртіп алу)
Академиялық дау-дамай.

1. Сұра, жауап беремін:
Екі топтағы оқушылар Ғ. Мүсіреповтің өмірі мен шығармалары жайлы сұрақтарға жауап береді. Қима қағаздағы сұрақтар мен тапсырмалар:
Ғ. Мүсірепов өмірінен мәлімет.
Ғ. Мүсіреповтің шығармаларын ата.
Ғ. Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелері жайлы не білесің?
Жазушының «Талпақ танау» әңгімесінде қай кезең суреттеледі?
Ғ. Мүсіреповтің поэмаларын ата, оның ішінде өзің оқығаның бар ма?
Ғ. Мүсірепов М. Горькийден қандай әңгіме аударды?
2. Әңгіме кестесі. Үлгі:
Роман жайлы сұрақтар Жауап Әрекет

1. Романның аты
2. Романның авторы
3. Оқиға орны

4. Романдағы жағымды кейіпкерлер

5. Романдағы жағымсыз кейіпкерлер

«Ұлпан»
Ғ. Мүсірепов
Дуан орталығы Аманқарағай

Ұлпан, Артықбай батыр, Мүсіреп пен Шынар, Есеней т.б

Торсан

Романда қазақ аулының жүз жылдық тұрмысы, әдет-ғұрып, бай мен кедей арасындағы жағдай сөз болады.
Ұлпанның характер есебінде өсуі Есенейдің кесек тұлғасымен толықтырылады.
Ұлпанға қорлық көрсетеді.

3. Семантикалық карта. Үлгі:
Кейіпкер сөзі Ұлпан Есеней Түрікпен Мүсіреп Шынар Торсан

1. Апыр-ау, бұл кімнің қызы екен?

2.Артықбай батырдың қызы деймісің?

3. Кешіре көріңіздер, ағалар

4. Олар сенің қойшыларың, сауыншыларың.


+

+
+

+

4. Концептуалдық кесте.
Кейіпкер Адамгершілік қасиеті Өмірге көзқарасы Кейіпкер әрекетіне баға

Ұлпан Ұлпан өз ақылы мен жұртты баурап алады. Жақсы мен жаманды, әлді мен әлсізді айыра қарап,жұртқа көп қайырымдылық жасайды, жер береді. Есенейдің артық мүлкін жағдайы жоқ адамдарға бөліп береді. Есенейді өз ақылымен жеңе біледі.
Өзіне тең емес Мырзаштан құтылады. Есенейге амалсыз көнсе де, өз ақылымен іс істейді. Романда барлық іс-әрекетімен жақсы жағынан көрінгендіктен, мен Ұлпанға жоғары деген баға қоямын.

5. Кейіпкерлерге хат. Әр топтан 2-3 оқушыдан өздері жазған хаттарын автор орындығында отырып оқиды.

6. INSERT (әсерлі нәрсені түртіп алу).
Білемін Келіспеймін Жаңа ақпарат Ізденемін


Сабақты қортындылау:
7. Академиялық дау-дамай.
/Ой-толғаныс/
Есенейдің 40 жас ерекшелігіне қарамай, Ұлпанды айттыруы дұрыс па?
Иә Бейтарап Жоқ
+ - +
Үйге тапсырма: Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы
Оқушыларды бағалау:1. Оқушы білімін бағалау.
2. Оқыту әрекетін бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы. Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ералиева Қалдыгүл Абдімомынқызы

Пікірлер: 0

avatar