М.Әуезов «Қараш - Қараш оқиғасы» Бақтығұлдың тағдыры

  • Жүктеулер: 1
  • Көрсетілім: 76
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 27/Дек/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23617


Материал тегін жариялап, сертификат алу

ШҚО Ұлан ауданы Тарғын ауылы
«І.Айттықов атындағы орта
мектеп-балабақша кешені» КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Ахметжанова Альмира Елатаевна
Қазақ әдебиеті 8-сынып
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Қараш - Қараш оқиғасы» Бақтығұлдың тағдыры
Мақсаты: «Қараш-қараш оқиғасы» хикаятының кейіпкері Бақтұғылдың прототипі Рысқұлдың, Сейіттің прототипі Тұрардың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, шығарманың жазылу тарихын ұғындыру;
Дамытушылық : жеке тұлғаның сөздік қорын молайту, көркем сөйлеуге дағдыландыру, іскерлігін, өз бетімен іздене білу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: хикаят кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, бауырмалдылыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу.
Түрі: қорыту - жинақтау сабағы
Типі: проблемалық оқыту
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: проблемалық сұрақтар, пікірталас, іздендіру
Пәнаралық байланыс: 1.Қазақстан тарихы ,кино өнері «Асуда атылған оқ»
Көрнекілігі: интерактивті тақта, сызбалар
Күтілетін нәтиже:1) зерттеу нәтижесін шығармашылық тұрғыда көрсете біледі;2) ұсынылған проблемалар бойынша өз елестетуін таныстыра біледі; 3) таным әрекеті үдерісінде қарым-қатынас жасау шеберлігі артады; 4) проблема бойынша өз көзқарасын рефлексия жасай алады.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оқушыларға сабақтың мақсатымен таныстыру.
І. Қызығушылықты ояту «Ассосация» әдісі
Есімі халыққа танымал өмірде болған
қоғам мүшесі елі үшін еңбек еткен
тарихи шығармаларда
кездеседі Тарихи тұлға тарихта болған
дара қасиеті бар

тарихи, әлеуметтік
істерге үлес қосқан
1.Шеңбер сызып, ортасына тақырып атын жазу.
2. Дәптерлеріне тақырыпқа байланысты өздері білетін ақпараттарды жеке жазу, нәтижесін жұпта талқылау, сосын шағын топта талқылаау.
3.Барлық топтардың жазғандары бойынша презинтация жасау
ІІ. Топтық тапсырмалар.
І топ: «Қараш-қараш оқиғасы» бойынша шағын көрініс көрсету.
ІІ топ: Ой толғаныс. «Ол заман мен бұл заман» Венн диаграммасы арқылы Бақтығұл дәуірі мен бүгінгі кезеңді салыстыру, ұқсас қасиеттерін табу.
ІІІ топ: Берілген үзінді кімнің сөзі және қай тараудан алынған.
І тарау. Тектіғұлдың сөзі.
Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты.Аямас дұшпан соққы жазасы әпкетті, міне- бар дәрменімді... Нем қалды ?... Ініңнің орнына кімің қалды сенің?- деп, әлсіз жүзін Бақтұғылға зорға дегенде бұрып, аға-жеңге- екеуіне бірдей кезек көз тастап, соңғы ғана бір қара өзекті қақ жарғандай шынын айтты. Сыры да сол. Шерлі шыны: «Кегім, кегім кетті!»- деді де, екі танауы қусырылып, кемсеңдеп тұншыға жылады. Қатты қинала жөтеліп, іргеге қарай құлай аунады.
ІІІ тарау. Сәлменнің сөзі.
-Е.. санай түс ендеше, тағы бар болар менен алмағың? Тегі, менің малымның қақ жартысы сенікі шығар. Қалжыраған қара мойын құл! Қалай- қалай тантисың? Жіңішкерген аурумен Құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пе ең ? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан.
ІV тарау. Бақтұғылдың сөзі.
-Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау! Жалғыз рет тұяқ серіпкен қарсылығын. Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді !.. Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Қорған таппай, тірлік жоқ болды ғой. Барыңды беріп құл болсаң да ,кешегі Сәлмен айтқан кеселден сақтап қалар біреудің қолтығына кірмеске лаж жоқ. Сондай жауыз жаумен ұстасар менде дәрмен бар ма еді? Ойласам, бойымнан артық жұмыс екен!- деген.

ІV тарау. Жарасбайдың сөзі.
-Жарайды, сөз жетерлік болды. Бұл дегеніңнің бәрін мен мақұл көрдім. Қозыбақ ауылы сенің ғана жауың емес. Дегенің шын болса, дер кезінде сол Қозыбақтан кегіңді алатын шақты да атармын, айтармын. Сен болсаң мына сөзімді сол сілтеген бетімде атқарарсың.Әзірге Қозыбаққа біткен өр бізге де біткен. Қорықпа. Қозыбақ алмайды, Құдай алады жаныңды. Тек әуелі сөзі басылғанша, аял ғыла тұрайық. Кейін түгелдей ығыма аламын.
VІ тарау. Тоқпаевтың сөзі.
Тезінен бұл пәледен құтыл, арыл! Ол үшін бірнеше адамды « ұры» деп шығарып бер. Өз билерінің атынан абақты кесік кескіз. Сол кесік бойынша приговорды мықтап тұрып, осы қаланың абақтысына айыпкерлерді өз атшабарларың айдап кеп табыс етсін.
ІV топ. «Асуда атылған оқ» кинофильмінен үзінді көру арқылы шағын ойтолғау жазу.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
І топ: 9,10,11- сынып оқушыларынан сауалнама алынады.Сауалнама сұрақтарына «иә», «жоқ» деген жауаптар берілуі керек.
1) Бақтұғыл туралы не білесің?
2) Бақтұғылдың Жарасбайды өлтіруін қолдайсың ба ?
3) Хикаят кейіпкерлерінің тарихта болғанынан хабардарсыз ба?
4) Төменгі сыныпта өткен Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесі есіңізде ме ?
Осы сұрақтар бойынша пайыздық көрсеткіштері көрсетіледі.
ІІ топтың тапсырмасы- тәуелсіз зерттеу. Бұл топтағы оқушылар тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын алдын ала жүргізіп, қорытындысын өзге топ оқушыларына айтады. Хикаяттың жазылу тарихы, Бақтығұл- Рысқұл, Сейіт- Тұрар туралы мәліметтер береді.
1-оқушы: -М.Әуезов Ташкенттегі Орта Азия университетінің дайындық курсында оқып жүргенде Түркістан Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарып жүрген Т.Рысқұловпен танысады. Әдебиетке жаны құмар қазақ жастары әрбір жаңа шығармаларды талдау үшін бас қосатын. Осындай бас қосулардың бірінде Тұрар өзінің әкесі Рысқұлдың басынан кешкен оқиғаны М.Әуезовке айтып береді. Осылайша «Қараш-қараш» хикаяты дүниеге келген. Хикаятты оқыған Тұрар егіле жылап отырып М.Әуезовке алғысын білдірген екен. 1969 жылы «Қазақфильм » мен «Қырғызфильм» бірігіп «Выстрел на перевале» («Қараш асуында атылған оқ») фильмін түсіреді.
2-оқушы: - Шығармадағы Бақтығұл- Рысқұл Жылқайдарұлы, Тектіғұл – Молдабек Жылқайдарұлы, Жарасбай – Саймасай Үшкемпіров, Сейіт – Тұрар Рысқұлов, Бәтима- Түйметай Рысқұлова, Қатша- Ізбайша Қорғанбайқызы, орыс досы- Николай Жиряков, Апанас- Александр Бронников, Шалқар болысы - Талғар болысы, Бүрген болысы – Түрген болысы. Тұрар Рысқұлов «Қазақсатндағы революция күресінің тарихынан үзінді» дегени еңбегінде «Ол кездегі қазақтан белгіленген патша әкімдері әдісінің бірі – әлсіз рудың адамдарын әлді рудың малын ұрладың деп өтірік қаралау, нашарлардың қанын сүліктей сору еді. Бұл әдісті жергілікті болыс менің әкем Рысқұлға да қолданды. Әкем жергіліекті әкімдердің қорлығына шыдай алмай, Күншіғыс Талғар болысының управителі Саймасай Үшкемпіровті атып өлтіреді» деп жазады.
3- оқушы: - Саймасай Үшкемпіровтің ағайындары Рсықұлдың руластырының шаңырағын ортасына түсіріп, адамдарын соққыға жығады, малдарын тартып алады. Рысқұлдың үй іші казак – орыстың үйіне барып жасырынады. Бірақ болыстың жақындары тінтіп жүріп Рысқұлды тауып алады. Сонымен ол Верный қаласындағы түрмеге жабылады. Бұдан кейінгі оқиғаны Тұрар «Болыстың ағайындары «Ардақты адамымызды өлтірген сұмның жалғыз ұлын бауыздап кегімізді аламыз» деп мені өлтірмекші болды. Сол жерде төңіректегі ел жиылып, мені өлімнен аман алыпқалды» деп жазады. Бұл оқиғаны естіген Рысқұл түрменің бастығы Приходькоға қайта-қайта өтініш айтып, 2-3 қап ұн, үйтілген екі қой беріп, ақыры баласын қасына алады. Тұрардың тағдыры туралы Қазақстанның халық жазушысы Ш.Мұртаза отыз жыл ғұмырын арнап , бес кітаптан тұратын «Қызыл жебе» ғұмырнамалық роман – эпопеясын жазды. Біз 6- сыныпта «Тұтқын бала» деген тақырыпта романнан үзіндіні оқып таныстық.
4-оқушы: - Соттың үкімімен Рысқұл 10 жылға Сахалинге жер аударылады. Конвойлар айдап бара жатқанда қашып келіп, Майлыкенттегі Ағайындарында біраз жүреді де, ізін жасыру мақсатымен Таластағы нағашыларына кетеді. Көп кешікпей, сонда1907 жылдары ауырып дүниеден қайтады. Рысқұл кәнігі аңшы, шабандоз, көкпаршы болған.
5- оқушы: - Тұрар Верныйдан керуеншілермен ілесіп Меркідегі туыстарына келеді. Орыс тіліндегі бастауыш мектепте Қырғызбаев деген жалған фамилиямен оқиды. Аса қабілетті бала оқуын үздік бітіріп, Пішкектегі ауылшаруашылық мектебін бағбан мамандығы бойынша бітіріп, Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданып, әр түрлі қоғамдық жұмыстарға араласады.
20 жасында Түркістан АССР-інің Үкімет басшысы, Түркістан Республикасының шынайы саяси- мемлекеттік егемендігі жолындағы саяси күрескер болды.Республиканы түркі тілдес халықтардың «ұлттық мемлекетігіне» айналдыру мақсатын қойып, осы бағытта социалистік революция жариялаған «ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын» өмірге демократиялық жолмен енгізу үшін қажырлы күрес жүргізді.Т.Рысқұловтың Түрік Республикасын құру идеясының дұрыстығын кеңестік Қазақстанның және кеңестік түркілердің кейінгі тағдыр – тарихы дәлелдеп берді. «Түркі тілдес түгел бол!» Бұл аяулы арысымыз, бүкіл түркі тектес халқымыздың ұлы перзенті Т.Рысқұловтың ұраны, ұстанған бағыты. Сонымен бірге кейінгі ұрпаққа мұраға қалдырған ұлы өсиеті.
ІІІ топтың тапсырмасы – тікелей сұхбат. Топ мүшелері Мектегі ұстаздар мен мектегі қызметкерлерден сұхбат алды. Жүргізілген сұхбаттары бойынша бейнематериалдарын көрсетеді.
Сұхбат барысында қойылатын сұрақтар:
1.Т.Рысқұлов қайраткер ретінде қазақ еліне қандай еңбек сіңірді?
2. Т.Рысқұлов туралы жазылған көркем шығармалар бар ма?
ІV топ тапсырмасы- картамен жұмыс.
Топ мүшелеріне «Қараш- қараш оқиғасы» хикаятының жазылу тарихы туралы мәлімет. Оқиғаның болған жерін картадан көрсету.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: - Біз бүгінгі сабағымызда хикаяттың тарихи кейіпкерлері туралы жан – жақты мәлімет алдық. 1937-1938 жылдардағы сталинизмнің құрбаны болған алаштың асыл ерлерінің есімдерін ардақтап. Құрмет тұтып, ұлтымыздың ұлыларын ұлықтау – біздің басты міндетіміз. «Егер сен шын адам болсаң, халқыңның тағдырына қабырғасы қайыспайтын жанды адам деуші болма» деген Әлішер Науаи. Біз де ұлты үшін құрбан болған арыстарымыз дан үлгі – өнеге ала отырып, әрқашан да елімізді сүйейік.
Бағалау : ІІ-топтан І-топ басшы оқушыларды бағалайды.
Үйге тапсырма. «Ұлыларды ұлықтау - парыз» шығарма жазу

№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы Сынып жұмысы белсенділігі қорытындысы
1
2
3
4
5

....................................................................................................................
№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы Сынып жұмысы белсенділігі қорытындысы
1
2
3
4
5

....................................................................................................................
№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы Сынып жұмысы белсенділігі қорытындысы
1
2
3
4
5

....................................................................................................................
№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы Сынып жұмысы белсенділігі қорытындысы
1
2
3
4
5

Білдім Білемін Білгім келеді


................................................................................................................................

№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы Сынып жұмысы белсенділігі қорытындысы
1
2
3
4
5

...................................................................................................................................

№ Оқушының аты - жөні Үй тапсырмасы Сынып жұмысы белсенділігі қорытындысы
1
2
3
4
5

І.Айттықов атындағы орта мектеп- балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Е.Ахметжанованың М.Әуезовтің «Қараш – қараш оқиғасы» хикаяты тақырыбында өткізілген сабаққа педагогикалық талдау
Сабақтың мақсаты: «Қараш-қараш оқиғасы» хикаятының кейіпкері Бақтұғылдың прототипі Рысқұлдың, Сейіттің прототипі Тұрардың өмірдегі шынайы бейнесін таныту, шығарманың жазылу тарихын ұғындыру;
Дамытушылық : жеке тұлғаның сөздік қорын молайту, көркем сөйлеуге дағдыландыру, іскерлігін, өз бетімен іздене білу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік: хикаят кейіпкерлері арқылы адамгершілікке, бауырмалдылыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа, намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу.
Түрі: қорыту, жинақтау сабағы
Типі: проблемалық оқыту
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, кино өнері , география
Көрнекілік: Интерактивті тақта, сызбалар.
8сыныпта өткізілген осы тақырып СТО технологиясына құрылған. Оқушылар алдыңғы сағатта мазмұнын меңгерген, алдын-ала тапсырмалар берілген. Сынып оқушыларының қабілеті біркелкі емес, бірақ барлығы белсенділікке тырысады, сабақ барысында бірде - бір оқушы бос отырған жоқ, әркім өзінің шамасына қарай жұмыс істеді.
Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отыр, олардың бір-бірін көріп отыруы, жазуға, отырып-тұруларының қолайлы болуы да назарға алынған. Оқушы ойы басқа нәрсеге бөлінбеу үшін көрнекіліктерден тек сабақтың тақырыбы ғана жазылған, басқа көрнекіліктер сабақ барысында қолданылды.
1-кезеңде оқушылардың біліміне ой салу үшін оқушының сабаққа зейінін аудардым. Сабақтың мақсатымен таныстырып өттім. Қызығушылықтарын ояту мақсатында «Тарихи тұлға» сөзіне ассосация әдәсін қолданды. Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың біліміне ой салынды, ойлау белсенділіктері артты.
2- кезеңде алдын ала берілген тапсырмалар бойынша топтар өз жұмыстарымен таныстырып өтті. 9-11 сыныптардан сауалнама алу арқылы салыстырды, өз ойларын, көзқарастарын қорғады.Тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, қорытындысын өзге топ мүшелерімен бөлісті. яғни «мәлімет жинау» стратегиясы қолданылады. Тікелей сұхбат алу арқылы бейнематериалдарын көрсету арқылы АКТ қаншалықты меңгере алатындығын байқатты. Хикаяттың жазылу тарихы туралы мәлімет бере отырып, бұл оқиғаның болған жерін карта арқылы көрсету арқылы пәнаралық байланысты көруге болады.
3- білімді толықтыру, тиянақтау кезеңде Оқушылар бірлесе талдау арқылы өзіндік және жеке ойлау, топта талдау арқылы шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтап, шешудің жолын іздеп табатын, яғни сыни ойлауға мүмкіндік туатын тапсырмалар берілді.Хикаттан үзінді беру арқылы ойлану ,ізденуарқылы ойларын дәлелді түрде жеткізді. «Ол заман мен бұл заман» вен диаграммасы арқылы көтерілген мәселелер бойынша ойларын жинақтап бірнеше ойды салыстырып, тиянақтады. «Асуда атылған оқ» кинофилмінен үзінді көру арқылы көңілге тоқығандарын қазіргі кездегі мәселелермен байланыстыра отырып өз ойларын дамыта ойтолғау жазды. Топ ішінде талқыланып, үздік ойтолғауды автор орындығына келіп оқыды.
Сабақ жүйелі түрде, жоспарға сай, ұйымдасқан түрде өтті Сабақ барысында қойылған мақсаттарға жеттім, жоспарланған тапсырмалардың барлығы орындалды, әлі де тапсырмалар беруге болушы еді, бірақ уақыт шектеулі болғандықтан, көп тапсырма алған жоқпын. Оқушылар бұл сабақтан білімдік, тәрбиелік тұрғыдан болсын өзіндік бір түйін түйді ғой деймін, оны соңғы қорытынды сөздерінен де байқауға болады. Үйге тапсырма ретінде . «Ұлыларды ұлықтау - парыз» тақырыбында шығарма жазу тапсырылды. Бұл тапсырма білімдерін өздігімен жалғастыруға, қосымша мәліметтер жинауға жетелейді деп ойлаймын.

Кескен теректей құлатты ғой мені. Қу жоқшылық бір құлатты.Аямас дұшпан соққы жазасы әпкетті, міне- бар дәрменімді... Нем қалды ?... Ініңнің орнына кімің қалды сенің?- деп, әлсіз жүзін Бақтұғылға зорға дегенде бұрып, аға-жеңге- екеуіне бірдей кезек көз тастап, соңғы ғана бір қара өзекті қақ жарғандай шынын айтты. Сыры да сол. Шерлі шыны: «Кегім, кегім кетті!»- деді де, екі танауы қусырылып, кемсеңдеп тұншыға жылады. Қатты қинала жөтеліп, іргеге қарай құлай аунады.
......................................................................................................................
-Е.. санай түс ендеше, тағы бар болар менен алмағың? Тегі, менің малымның қақ жартысы сенікі шығар. Қалжыраған қара мойын құл! Қалай- қалай тантисың? Жіңішкерген аурумен Құдай алған ініңді әкеткен ажал мен деп пе ең ? Санашы тағы. Қандай алмағың бар екен Қозыбақтан.

........................................................................................................................
-Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау! Жалғыз рет тұяқ серіпкен қарсылығын. Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай, не болушы еді !.. Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Қорған таппай, тірлік жоқ болды ғой. Барыңды беріп құл болсаң да ,кешегі Сәлмен айтқан кеселден сақтап қалар біреудің қолтығына кірмеске лаж жоқ. Сондай жауыз жаумен ұстасар менде дәрмен бар ма еді? Ойласам, бойымнан артық жұмыс екен!- деген.
....................................................................................................................
-Жарайды, сөз жетерлік болды. Бұл дегеніңнің бәрін мен мақұл көрдім. Қозыбақ ауылы сенің ғана жауың емес. Дегенің шын болса, дер кезінде сол Қозыбақтан кегіңді алатын шақты да атармын, айтармын. Сен болсаң мына сөзімді сол сілтеген бетімде атқарарсың.Әзірге Қозыбаққа біткен өр бізге де біткен. Қорықпа. Қозыбақ алмайды, Құдай алады жаныңды. Тек әуелі сөзі басылғанша, аял ғыла тұрайық. Кейін түгелдей ығыма аламын.

..................................................................................................................................
Тезінен бұл пәледен құтыл, арыл! Ол үшін бірнеше адамды « ұры» деп шығарып бер. Өз билерінің атынан абақты кесік кескіз. Сол кесік бойынша приговорды мықтап тұрып, осы қаланың абақтысына айыпкерлерді өз атшабарларың айдап кеп табыс етсін. Тәрбие.орг сайтынан М.Әуезов «Қараш - Қараш оқиғасы» Бақтығұлдың тағдыры Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ахметжанова Альмира Елатаевна

ШҚО Ұлан ауданы Тарғын ауылы «І.Айттықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar