М. Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасындағы» кейіпкерлер бейнесін талдау

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1035
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18847


Тараз қаласы №57 орта мектебі КММ
Жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Ералиева Қалдыгүл Абдімомынқызы

АШЫҚ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасындағы» кейіпкерлер бейнесін талдау
Сабақтың мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлерге сипаттама бере білу
Міндеттері:
- шығармадағы ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді ажыратып, оған оқырман көзімен талдау жасауға үйрену;
- кейіпкерлер бейнесінің жақсы жағынан үйреніп, жаманынан жирену;
- топпен ынтымақты түрде жұмыс жасау, құнды пікір айтуға үйрену;
- алған білімдерін өмірде қолдану.
Оқып-үйренудің нәтижесі:
- шығарма мазмұнын жүйелі айтуға үйренеді, ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді ажырата біледі;
- ізгі қасиеттерді бойына жинайды, жаманнан жиренеді;
- топпен ынтымақты түрде жұмыс жасайды, құнды пікір айтуға үйренеді;
- алған білімдерін өмірде қолданады,өз ойларын жүйелі айтуды, жазуды үйренеді.
Сабақ түрі: Меңгерген білімді жүйелеу
Сабақ типі: Шығармашылық-таным
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:
1. М. Әуезов суреті
2. Т. Рысқұлов суреті
3. М. Әуезов жайлы пікірлер
4. «Қараш-қараш оқиғасы» жайлы пікір
5. Шығарма жоспары
Сабақ үш фазадан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны ажырату.
3.Ой-толғаныс.
Сабақта қолданылатынәдіс-тәсілдер:
1. Топтастыру.
2. Әңгіме кестесі.
3. Концептуалдық кесте.
4. Семантикалық карта.
5. Кейіпкерге хат.
6. INSERT(әсерлі нәрселерді түртіп алу)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
/Қызығушылықты ояту/
1-топ. «Жақсылық»
2-топ. «Сенім»
Әр топпен сұхбат жүргізіледі. Топпен әңгімелесе отырып, бар ынтаны сабаққа аударамын.
Жаңа сабақтың мағынасын ашу: /Мағынаны ажырату/
Жоспар:
1. Кімге сөз берейін? (әңгіме мазмұны)
2. Әңгіме кестесі.
3. Концептуалдық кесте.
4. Семантикалық карта.
5. Кейіпкерге хат.
6. INSERT(әсерлі нәрселерді түртіп алу)
7. Академиялық дау-дамай.
1. Кімге сөз берейін? (әңгіме мазмұны)
Екі топтағы бір-бір оқушы әңгіме мазмұнын баяндайды. Біреуі бастайды, екіншісі жалғастырады.
«Жақсылық» тобындағы оқушы төмендегі бөлімдер бойынша баяндайды.
I.Тектіғұлдың өлімі.
II.Бақтығұл – «барымташы»
III.Сойылға жығылған Бақтығұл.
IV.Панашысы –Жарасбай.
«Сенім» тобындағы оқушы төмендегі бөлімдер бойынша баяндайды.
V.Болыс болдым бар малымды шығындап.
VI.Шелек жалаған тұтылды.
VII.Ажал шеңгелі.
VIII.Бақтығұлдың кегі орындалды.
2.Әңгіме кестесі. Үлгі:
Әңгіме жайлы сұрақтар Жауап Әрекет
1. Әңгіменің аты.
2. Авторы.
3. Оқиға орны.4. Қараш-қараш оқиғасы.
М.Әуезов
Қараш-қараш тауы Әңгіме Тектіғұлдың арманды сөзімен басталады.
3.Концептуалдық кесте.
Кейіпкер Өмірге көзқарасы Адамгершілік қасиеті Кейіпкер әрекетіне баға
Бақтығұл

Жарасбай
4.Семантикалық карта.
Кейіпкер сөзі Бақтығұл Тектіғұл Қатша Сәт

5.Кейіпкерге хат. Оқушылар автор орындығында отырып, шығарма кейіпкерлеріне жазған хаттарын оқиды. Екі топтан екі оқушы оқиды. Қалған оқушылардың хаттарын жинап аламын.
6.INSERT(әсерлі нәрселерді түртіп алу)
Білемін Жаңа ақпарат Келіспеймін ізденемін

Сабақты қорытындылау: /Ой-толғаныс/
Бақтығұлдың Жарасбай болысты өлтіргені дұрыс па /дұрыс емес па?
Академиялық дау-дамай.
Иә Бейтарап Жоқ
+ +
Бағалау: 1. Оқушы білімін бағалау.
2.Оқыту әрекетін бағалау.
Үйге тапсырма: Т. Рысқұлов жайлы реферат жазу. Тәрбие.орг сайтынан М. Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасындағы» кейіпкерлер бейнесін талдау Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ералиева Қалдыгүл Абдімомынқызы

Пікірлер: 0

avatar