Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Махамбет – ерлік поэзиясын жасаған өршіл ақын
  • 18.05.2016
  • 691 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19054

Махамбет – ерлік поэзиясын жасаған өршіл ақын
Мақсаты: Махамбет өмірі, шығармашылығы жайындағы білім көзқарасын жинақтап қорыту.
Білімділік: Тірек сөздер арқылы оқушыларға ой салып, ойын бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: Бірін – бірі тыңдай, тыңдата білу арқылы өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білуге үйрету. Түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру. Өз пікірін қорғай білуге төселдіру.
Тәрбиелік: Туған жерін сақтау, оны аянбай қорғау сезіміне баулу. Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ұжымшылдық ойлау.
Сабақтың түрі: Интеграцияланған қорытынды сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Махамбеттің суреті, кітаптар көрмесі, слайдтар, т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру сәті
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Тақырыбы: Махамбет – қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі.
1. Әр жүрек Отан деп соқса... (Туған жерін қызғыштай қорғаған ақын)
2. Көбе сөгер қызыл сырлы жебе еді... (Махамбет – ұлы даланың өршіл романтигі)
3. «Жұмыр қылыш» күйін тыңдау
4. Зорларды сөзбен торладым... (Жалтақсыз шындық)
5. Сабақты бекіту кезеңі:

Батыр

Халық Хан

Ақын


Махамбет

Отан Борыш

Ерлік

(Сөздердің мағынасына түсінік беріп, қорытынды түйін жасау)
ІІІ. Жаңа сабақ
Махамбет – ерлік поэзиясын жасаған өршіл ақын.
1. М.Мақатаев «Махамбеттер, Абайлар - ай» өлеңі жатқа оқылады.
2. Жақсыны жарқырата көрсететін кез туды. (Даңқ пен дақпырт)
Қазақ Махамбетті мойындаған.
Махамбет – тәуелсіздік жаршысы.
3. Махамбет өлеңдерін мәнерлеп оқу.
Ереуіл атқа ер салмай
Төларсақтан саз кешіп
Айныман
4. Бүгінде Махамбеттер бар ма? (Пікірталас)
ІV. Жаңа сабақты бекіту:
1. Махамбеттің ақындығы мен батырлығының қайнар көзі неде?
2. Исатай екеуінің халықты көтеріліске бастауының мақсаты не?
3. Ер деп қандай адамды айтады?
4. Ерлік деп қандай іс – әрекетті айтады?
5. Махамбеттің Исатай туралы өлеңдерінен көз алдыңа қандай адамның бейнесі елестейді?
V.Үйге тапсырма:
1. Біз білетін ақиқат...(Махамбеттің балалары мен ұрпақтары жайлы мағлұмат жинау)
2. Шығарма жазуға дайындалып келу. «Аттанып едім көп үшін»
VІ. Бағалау. Тәрбие.орг сайтынан Махамбет – ерлік поэзиясын жасаған өршіл ақын Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Мединаева Гулнар Максотовна

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құрман орта мектебі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар
Көрсетілім: 691 | Жүктеулер: 3
Барлық пікірлер: 0
avatar