Менің өмірім. Ж.Жабаев

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 368
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 03/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20756


Сабақтың тақырыбы: Менің өмірім. Ж.Жабаев
Сабақтың мақсаты: Бала Жамбылдың өнер адамы болып қалыптасуындағы өскен ортасының , ұлттық салт-дәстүрдің әсерін түсінуге жағдай туғызу.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже. Өз бетімен , топта жұмыс жасау тапсырмалары арқылы мәтін мазмұнын игеруге мүмкіндік беру.
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Оқушыны қиялдауға, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге баулу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: «Араласып кеткен оқиғалар», «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиялары.Топтастыру.Бес жолды өлең. Шығарма кестесі:
Сабақтың көрнекілігі: Жамбыл және Сүйінбай ақындардың портреті.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар алақандарын ұстап жақсы сөздер айту.
Оқушыларды топқа бөлу.
1- топ «Шағым»,
Шып-шып етіп молданың
Қолындағы тобылғы,
Қозғалтпайды жон жағым,
Талай дүре соғылды.
2- топ «Шәбденге»
Уа, шаһибаз, хан Шәбден!
Атым арып келді әбден.
Тоным тозып жүдедім,
Орын бермей жан төрден.
3-топ «Сәт сайланарда»
Лашын құстай таранып,
Сыртың сұлу көрінген.
Неңді медеу саналық,
Жел еседі жеріңнен.
4-топ «Өстепкеде»
Еске алсам ертегідей ертеңі өткен,
Талай жан жүрегінің жырын төккен.
Еңіреп ен даладан бақыт іздеп,
Таба алмай Асан қайғы о да өткен.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Бағалау парағын топ басшылары бағалап отырады.
1.«Кезбе тілші» әдісін жүргізу
Кезбе тілші әдісі бойынша әр топ басшылары оқушыларға сұрақтар қояды.
Сұраққа қойып, жауап беру арқылы батырдың ұрпағы туралы мәтіннен түсінгенін айту.
2.Хрестоматиядан «Жасыбай батыр» мәтінін оқып түсінгендерін айту.
3. Таңдандырған ақпараттар жинап келу.

ІҮ.Үй тапсырмасын бекіту.
1.«Ия, жоқ» кестесін толтыр.
Р\с Сұрақтар «Ия» (+) «Жоқ» (-)
1 Әлкейдің бесінші атасы Олжабай батыр
2 Батырдың туған жері Алатаудың баурайында ма?
3 Олжабай жауға аттанғандағы туының түсі көк пе?
4 Батырдың қылышын таспен қайрады ма?
5 Сен өз Отаныңды сүйесің бе?
6 Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл толды ма?
«5» - 6 «4»- 5 «3» - 4
Ү. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:
«Оза оқыту» стратегиясы:
Оқушылардың Жамбыл Жабаев туралы ақпараттар ізденіп келуі.
1.Жамбыл жайында не білесіңдер?
2.Жамбылдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
ҮІ. Жаңа сабақ
Мұғалім сөзі.
Видео ролик көрсету арқылы Жамбыл Жабаевтың өмірімен таныстыру.
Жамбыл Жабаев (28 ақпан 1846-22 маусым 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбыл мен Досмұханбеттің айтысынан үзінді.
ҮІ. Мағынаны тану.
Хатқалтада жаңа мәтін абзац бойынша төрт бөлікке бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқып, мазмұны жүйелі болатындай етіп, әңгімені ретімен қойып орналастырып шығады. Топтағы жұмыс тез, өнімді, сапалы болу үшін балалар бір-біріне көмектеседі, ақылдасады.
1.«Араласып кеткен оқиғалар», әдісі. Мәтін жолдары.





2. Мәтіннің мазмұнын сұрақ қою арқылы ашу, талдау.
Жамбыл ақынның аты туралы не білдік?
Жамбыл балалық шағында қандай үйде өсті?
Жамбыл неге әуес болды?
Жамбылды балалық шағында жақсы сөзімен адамгершілікке тәрбиелеген кім болды?
Жамбылдың атақты ақын болуына әсер еткен қандай оқиға болды?
3. Дәптермен жұмыс
Мәтінді оқыған кезде таныс емес,жаңа сөздерді түртіп алу арқылы сөздік жұмыс жүргізу. Дәптерлеріне жаздыру.
Әуес-бір нәрсеге үйір,құмар,құштар.
Жарапазан-ораза айында үй аралап жүріп айтатын өлең.
4. Топтық жұмыс
1- топ.
5 жолды өлең құрастыру.
1.Жамбыл
2.Ақын,жыршы
3.Үйренді,еңбектенді,жырлады.
4. Жыр алыбы-Жамбыл ата.
5.Ақын.
«Шығарма» кестесі
2 - топ
Шығарманың аты
Авторы
Оқиға орны
Басты кейіпкерлер
Автордың ойы
Шығармадағы түйін сөз
Мазмұнын ашатындай мақал- мәтелдер

3 -топ
«Топтастыру» әдісі:
14 жасында жарапазан айтып үй аралаған
киіз үйде тұрды

Сүйінбайдан
өнер үйренген
Жамбыл тауының
етегінде дүниеге келген
12 жасында домбырада
ойнай білген зерек
4-топ
Мәтін бойынша эссе жазу.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
«Фишбоун» әдісі
Бала Жамбылдың Жабылдың қандай Бүгінгі сабақтан
балалық шағы қасиеттерін үлгі етуге не үйрендің?
қалай өтті? болады?
Жамбылдың
отбасы қандай
болды?

Тапсырма: Балықтың басында мәселе тудыратын сұрақ берілген.
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Р\с Оқушының аты-жөні: Үй жұмысы «Ия» (+)
«Жоқ» (-) 3-тапсырма 4-тапсырма 5-тапсырма Қорытынды
1
2
3
4
5
6
ҮІІІ.Үйге тапсырма 1. Менің өмірім мәтінін түсініп келу.
Жамбылдың туған жерінің табиғатының суретін салу.
2.Интернаттың не екенін түсініп келу. Тәрбие.орг сайтынан Менің өмірім. Ж.Жабаев Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алима Турганбекова

Пікірлер: 0

avatar