"Менің Шоқаным" конференция

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 117
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 21/Ноя/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 23356


Мичурин ЖОББМБ кешенінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Г.Г.Дуйсенгалиева
Конференцияның тақырыбы: «Менің Шоқаным»
Мақсаты: Қазақ халқының ұлы ғалымы Ш Уалихановтың өмірі, өмір сүрген ортасы, ғылымға қосқан үлесі жайлы оқушылардың шығармашылық жұмысы арқылы кең түрде мағұлмат беру.
Шоқанның еңбектерінің құндылығы, ғылымға қосқан үлесі жайлы талдау.
Өлмейтұғын артына сөзі мен ізін қалдырған Шоқан өмірін үлгі ете отырып, адамгершілікке , ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Ш Уалихановтың шығармалар жинағы,нақыл сөздер, презентация Ш Уалихановтың суреттері ,карталар баяндамалар, шығарма, өлеңдер, домыра т.б.
Конференцияның өту барысы
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Г.Г.Дуйсенгалиева биылғы жылы Ш Уалиханов 182 жасқа толып, осы ұлы адамның мерей тойын Қазақстан көлемінде атап өтіліп жатқанын айтып өтіп, «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел » деп конференцияны ашты.

2 Содан кейін Шоқан өмір мен істеген қызыметіне байланысты презентация көрсеттілді.


3 .9 «б» сынып оқушысы Какімжанова Асем «Шоқан – ғалым, тнограф,жазушы,саяхатшы, суретші » атты баяндама оқыды.
4 .9 «б» сынып оқушысы Мақсотова Назерке «Қашқарияға сапары » атты баяндамасын жасады .
5 .9 «а» сынып оқушысы Сабитов Арман «Манас жыры» атты зертеулерін әңгімелеп айтып берді.
6 .9 «б» сынып оқушысы Ғалымжан Ақтоты «Менің Шоқаным» атты өз шығармасын оқыды . 7 .Окушылар әр түрлі сұрақтарға жауап берді, оқылған баяндамаларға талдау жасалынып өз ойларын айтты 8.Тақтаға ілінген Шоқанның суреттерімен әңгіме жүргізілді.
Кадет . 12 жасар Шоқан Досы Потанинмен бірге

9 « Бізде суретші болғымыз келеді » атпен Шоқан суреттерінен сыр шерткен оқушылар өздерінің суреттерін ортаға салды .


10. Оқушылар Шоқанға арнап өлеңдер оқыды,
Аққан жұлдыз атаныпсың,
Жан бабам!
Ғасырлардан ғасырларға самғаған.
Сорғалапсың қараңғыда тұңғиық,
Тамғандай - ақ ғарыштағы таңбадан.
Асыл бабам,
Аққан жұлдыз атанған,
Аққан жұлдыз,
Лапылдағын от - арман,
Аққан жұлдыз,
Ағып өткен найзағай,
Саналардың сағыныш тауын қопарған
Әлемді шолып ой көзбен,
Тереңге сүңгіп бойлаған.
Қайғыны жазып бойды езген,
Толғанған әр кез ойлы адам.
Тарихшы елді зерттеген,
Сапармен барып Қашқарға!
Тауларын кезіп Тянь-Шань,
Манасын жазған қырғыздың.
Жете алмай кеткен сан қыран
Нақ жұлдыз еді бұл біздің.
Жоңғардың батыс сілемін,
Мекендеп қалған мәңгілік.
Туған жер жауып кілемін,
«Алтынемел» тұр жаңғырып 11.Конференция соңында қазақтың қара домбырасымен Мырзағалиев Бауыржан «Сарыарқа » күйін орындады.


Мичурин жалпы орта білім беретін мектеп –балабақшасында 11 «а,б »сыныптар арасында өткен «Менің Шоқаным »атты конференция өз мәресіне жетті. Тәрбие.орг сайтынан "Менің Шоқаным" конференция Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы:

Пікірлер: 0

avatar