Қ.МЫЗЗАЛИ "ДОМБЫРА" ӨЛЕҢі

  • Жүктеулер: 163
  • Көрсетілім: 911
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 10/Окт/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 19630


Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі: «Домбыра» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның халық жазушысы, ақын, аудармашы - Қадыр Мырза Әлі туралы мағлұмат беру.Жаңа тақырыпты меңгеруге бағыт беру, іздену қабілетін, мәнерлеп айту дағдысын, сөйлеу мәдениетін,
Тәрбиелік: Салт – дәстүрді құрметтеуге, ұлттық құндылықтырымызды қастерлеуге, өнерді сүюге, адамгершілікке, рухани имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, топта белсенділік көрсетуге бағыттау, оқығанын талдап, мағынасын аша білуге үйрету, өзіндік пікір қалыптастыру, шығармашылыққа қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Ой дамыту, іздену.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлау, пікірталас,сатылай кешенді талдау, топтық жұмыс, проблемалық сұрақтар.
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың көрнекілігі: слайд, кітаптар, флипчарт, бейнелі суреттер, скотч, түрлі-түсті қағаздар, түрлі түсті қаламдар, магнит
Күтілетін нәтиже: Ақын туралы мағлұмат алады, өлеңді жан – жақты талдайды, бір-бірін тыңдайды, топ ережесін ұстанады, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады.
Жұмыс түрлері Мұғалімнің іс-әрекеті
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, түгендеу.
2. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
3. Топқа бөлу: Қоржындағы асықтар Оқушыларды түгендеп, құрал-жабдықтарын қарап шығамын.
«Тілектер бұрқасыны» тілек айтқызамын
Номерленген асықтар арқылы топқа бөлемін.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Қойылатын сұрақтар.

ІIІ. Жаңа сабақ:
Қызығушылығын ояту:

IY. Сабақты бекіту:
1)топтық жұмыстар:
1 – топ:Қ. Мырза Әлі туралы жан – жақты мағлұмат беру.
2 – топ: Домбыраны сипаттау.
3 – топ: Домбыра туралы аңыздарға, тарихына тоқталу.
4 – топ: «Домбыра» СКТ талдау жасау.
2)Проблемалық сұрақтар:

Сергіту сәті:
Интерактивті тақта арқылы
IY.Сабақты қорыту
«Қазақ барда сен де барсың, Қадыр ата» тақырыбына ойтолғау, өлең жазу
Y.Кері байланыс:

V. Үйге тапсырма:

VII. Оқушылар білімін бағалау: 1.М. Мақатаевтың өмірі (отбасы жайлы деректер)
2.Ақынның шығармашылығы
3.Мұқағали ақынның өлеңдерін жатқа сұрау.
- «Домбыраны» көрсетіп, не ойлаймыз?
- Домбыра атауы дом+бұра деген қосарланған сөзден тұрады. «Дом»сөзі ұлғаю, ісіну деген мағынаны білдіреді «бұра» күйге келтір дегенді білдіреді.
- Домбыра туралы қандай қанатты сөздер білесіңдер?
- Домбыра шерте аламыз ба?
- «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деген кімнің сөзі?
- иә, ол - Қ.Мырза Әлінің сөзі, яғни бүгінгі өтетін тақырыбымыз – Қ. Мырза Әлінің «Домбыра» өлеңі
Ақынның өлеңін өз дауысында тыңдату, видеослайд

Әр топтың топбасшысын шақырып, жұмыстар бөліп беремін.

Жұмыстың жүруін қадағалаймын
Уақыт беремін

- Қандай күйшілерді білесіңдер?
- Қазіргі жастар күйді, дәстүрлі әндерді тыңдай ма?
- неге тыңдағылары келмейді?

Ақынның сөзіне жазылған «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін орындаймыз.

- Сабақ ұнады ма?
- Не білдік? Не үйрендік
- Не білгіміз келеді?
Қ. Мырза Әлінің «Домбыра» өлеңін жаттау.
Фишкамен бағалаймын. Топ басшысы өз тобын бағалайды Тәрбие.орг сайтынан Қ.МЫЗЗАЛИ "ДОМБЫРА" ӨЛЕҢі Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Қалмахан Жанар Есмаханқызы

Алматы қаласы Қ.А.Яссауи атындағы№123 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar