Осы күнгі айтыстар

  • Жүктеулер: 0
  • Көрсетілім: 1089
  • Әдебиеттен ашық сабақтар
  • 27/Апр/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 18848


Тараз қаласы №57 орта мектебі КММ
Жоғары санатты қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Ералиева Қалдыгүл Абдімомынқызы

АШЫҚ САБАҚ
9-сынып қазақ әдебиеті

I.Сабақтың тақырыбы: Осы күнгі айтыстар
II.Сабақтың мақсаты:Осы күнгі айтыс өнерінің өзіне тән ерекшеліктері мен мәнін ашу. Оның халық өміріндегі алатын орны мен тәрбиелік мәнінің зор екендігін ұғу.
2.Сабақтың тәрбиелік мәні: Суырыпсалма ақындар айтысының тақырыбы мен айтпақ ойларын анықтау арқылы имандылық, адамгершілік, әділдік, адалдық туралы ойлану.
3.Сабақтың дамытушылық міндеті:Өз ойын айта және жаза алатын жеке тұлға болу.
III.Қажетті материалдар: домбыра, киіз үй макеті, ұлттық бұйымдар, түрлі-түсті қағаздар, смайликтер, маркерлер, даналық сөздер жазылған плакаттар, Айтыс I. II том, «Ақын Сара» кітабы. Алматы «Жазушы» 1985 ж құрастырған С.Қайнарбаев. Буклет.
IV.Сабақ үш фазадан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны ажырату.
3.Ой-толғаныс.
V.Үш кезеңде қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1.Топтастыру
2.Бізге мәлім деректер.
3.Сауаттылық хат үлгісі.
4.Автор орындығы.
5.Концептуалдық кесте.
6.Бес жолды өлең.
7.Пікір сайыс.
VI.Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу.
/Қызығушылықты ояту/
1-топ. «Бірлік»
2-топ. «Байлық»
3-топ. «Жеңіс». Әр топпен сұхбат жүргізіледі. Топпен әңгімелесе отырып, бар ынтаны бір мақсатқа бұрамын.
Үлгі:
–Жеңіс сөзін қалай түсінесің?
–Сөз жеңісі, Ұлы Отан соғысындағы жеңіс. Сынып аралық жарыстағы жеңіс, өмірдегі жетістіктің өзі –жеңіс.т.б.
VII.Үш топқа үш конверт беріледі. Оның ішіндегі сұрақтарға бірінші жауап берген топ «Айтыстың түрлері» тақырыбына байланысты түзілген сұрақтар мен тапсырмаларға бірінші болып жауап береді. Осылай ретімен сұрақтарға жауап аламын.
Бірінші топ жұмбақ шешеді.
Жұмбақ
Бір сандықтың ішінде– Жұрт еріксіз бұрылар.
Дүниенің сыры бар, Азды-көпті білуге, Әркімдер де ұрынар. (Кітап)
2.Мақал-мәтелдің сыңарын тап.
Ұлың өссе –ұяттымен ауылдас бол.
... ... – ... ... ... . (Қызың өссе –қылықтымен ауылдас бол.)
3.Тұрақты тіркестің мағынасын аш.
Сөздің майын тамызу – (әдемі сөйлеу)
Сабақ төмендегі жоспар бойынша өтіледі.
Жоспар:
1. Бізге мәлім деректер.
2. Көргендінің сөзін ал.
3. Сауаттылық хат үлгісі.
4. Концептуалдық кесте.
5. Бес жолды өлең.
6. Пікір сайыс.
1.Бізге мәлім деректер.
Үш топқа екі сұрақтан беріледі. Сұрақтар мен тапсырмалар төмендегідей:
1. Айтыс туралы не білесің? Оның түрлерін ата.
2. Бәдік айтысы.
3. Жар-жар айтысы.
4. Жануарлар мен адам айтысы.
5. Жұмбақ айтысының ерекшелігі неде?
6. Салт айтысы. Біржан мен Сараға сипаттама.
2.Көргендінің сөзін ал.
Үш топқа ақындар айтысындағы көтерілетін мәселенің бірі өнеге жайлы нақыл сөздердің мәнін ашу тапсырылады.
Даналық сөзден дән ізде
1. Ақ көкірек, ақылды адамдармен кеңес құр.
2. Адамның қадірін бағалай біл.
3. Сөзді дәлелдеп айт.
4. Жақсылықты ардақтай біл.
5. Біреуге ақыл айтпақшы болсаң, оны өзің орындаған бол.
6. Барлық уақытта да қарапайым бол.

3.Сауаттылық хат үлгісі. /Кейіпкерге хат/
Оқушылар өздеріне ұнаған айтыскер ақынға хат жазып, сынып ортасына қойылған «автор» орындығына отырып, хаттарын оқиды. (Әр топтан бір хаттан оқылып, қалған хаттарды жинап аламын.)

4.Концептуалдық кесте. Үлгі:
Кейіпкер Өмірге көзқарасы Адамгершілік қасиеті Кейіпкер әрекетіне баға
Сара Қазақ қыздарына тән ұяңдық, үлкенді сыйлау, құрметтеу ақын Сараның ең басты адамгершілік қасиеттерінің бірі болып табылады. Бүкіл қазақ әйелінің басына бостандық тілеп, жырға қосты. Ол алдағы өмірден үміт күтті. Басына бостандық алуды ең басты мақсат етіп қоя білді және сол мақсатына жетті. Жоғары. Өйткені, айтысты оқи отырып, ақын Сараның бойынан тек жақсы қасиеттерді ғана көре білдім.
5.Бес жолды өлең. Үлгі:
Тақырып/зат есім/ Ақындар
Суреттеу /сын есім/ суырыпсалма, шешен
Қимыл /етістік/ айтады, жырлайды
Сезіну /сөз тіркесі немесе сөйлем / Ақындар бір-бірінің өнерін жоғары бағалайды.
Мәнін қайта айту. Ақындар –үздік өнер иесі.
VIII.Сабақты қорытындылау.
6./Ой-толғаныс/ Пікір сайыс.
1. Айтыстың болашағы жайында не ойлайсыңдар?
2.Айтыстағы жеңу мен жеңілу деген не?
IX.Бағалау. 1. Оқушы білімін бағалау.
2. Оқыту әрекетін бағалау.
Үйге тапсырма: «Айтыскер қыздардың әсемдік әлемі» тақырыбында шағын эссе жазу.

АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы:Буынның түрлері

Сабақтың мақсаты: Буын түрлері туралы түсінік алу, сөйлем ішінен буын түрлерін тауып, оны ажырата білу.
Міндеттері:
- ережені түсініп оқып, жатқа айту, мысалмен дәлелдеу;
- жаттығу талдау барысында адалдық, адамгершілік, ұқыптылық қасиеттерді бойына сіңіру;
- топпен ынтымақты түрде жұмыс жасау, құнды пікір айтуға үйрену;
- алған білімдерін өмірде қолдану.
Оқып-үйренудің нәтижесі:
- ережені жатқа біледі, мысал арқылы түсінігін дәлелдейді;
- ізгі қасиеттерді бойына жинайды,
- топпен ынтымақты түрде жұмыс жасайды, құнды пікір айтуға үйренеді;
- алған білімдерін өмірде қолданады.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақ типі: Шығармашылық-ізденіс
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, жазбаша, /Ойлан/Жұптас /Талқыла/, «Семантикалық карта», «Бес жолды өлең», «Кім шапшаң?»
Сабаққа қажетті құралдар: кітап, дәптер, бор, түрлі-түсті қағаздар, маркерлер, смайликтер, интерактивті тақта т.б.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен негізгі дереккөздер: Сөйлемдер жазылған плакаттар, ұлттық бұйымдар, электронды оқулық.
Сабақ үш кезеңнен тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны ажырату.
3.Ой-толғаныс.
Сабақ барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабаққа кіріспе:

Жаңа сабақтың мағынасын ашу:

Шығармашылық жұмыс:

Сабақты қорытындылау:

Бағалау:

Үйге тапсырма: Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Өзіңізге тілегенді өзгеге тілеңіз!» Әр оқушы 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
/Қызығушылықты ояту/
1-топ. «Бақыт»
2-топ. «Байлық»
3-топ. «Қуаныш» Әр топпен сұхбат жүргізіледі. Топпен әңгімелесе отырып, бар ынтаны сабаққа аударамын.
/Мағынаны ажырату/
Жоспар:
1.–қызық тапсырма.
2.Жаттығу талдап көрейік.
3.Бес жолды өлең.
4.Семантикалық карта
5. Кім шапшаң?
1.Буын –қызық тапсырма.
2.Жаттығу талдап көрейік.
« Бақыт» тобы:
302-жаттығуды жазбаша орындайды.
303-жаттығуды ауызша орындайды.
«Байлық» тобы:
304-жаттығуды жазбаша орындайды.
305-жаттығуды ауызша орындайды.
«Қуаныш»тобы:
306-жаттығуды жазбаша орындайды.
307-жаттығуды ауызша орындайды.
«Бес жолды өлең». Үш топқа бес жолды өлең құрастыру тапсырылады.

«Семантикалық карта»
Буын түрлеріне қатысты жасалған семантикалық картаны үш топқа таратамын.

/Ой-толғаныс/
Кім шапшаң?
Үш топтың оқушыларына арнап сөздер оқимын. Оқушылар қандай буын екенін шапшаң айта білуі керек.
Оқылатын сөздер: ай, күн, жер, ас, ар, аға, көке, әке, ана, қант, бір, екі, терезе, бөлме т.б.

1.Оқушы білімін бағалау.
2.Оқыту әрекетін бағалау.

/Ішіне/Сыртына/
308, 309-жаттығулар

Оқушылар ішінен бірнеше секунд ішінде өзіне бір немесе бірнеше тілек тілейді. Кейін жұптарға бөлініп,өзіне тілеген тілекті жұптасына тілейді. Балалардың осылай бір-біріне деген бауырмалдық сезімі арта түседі.

Оқушылар өз топтарының атын қорғап шығады. Бірнеше сөзді буынға бөліп айтады.

Үш топтың оқушылары ереже айтып жарысады.
Оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды мұқият орындайды. Жаттығуларды шарты бойынша орындап, өз ойларын жүйелі түрде айтуға дағдыланады.
Үлгі: 306-жаттығуды жазбаша былай орындайды.
а б б а т б а
Бө-бек- тер- ге, үл- кен, кі-
б б б а а а а
тап -тар, көр- ме- сі- не, ә-
б а а
лем- де- гі.

Бес жолды өлең
Тақырып: Адам
Сипаттау: ақылды, білімді
Қимыл: жүреді, сөйлейді.
Сезіну: Адам өз ана тілін сүюі керек.
Мәнін қайта айту: сабырлы адам

сөздер ашық тұйық бітеу
Жол, от, ат, ата, ал, жер, ол, кел

+


+

+

+ +

+

+

Оқушылар оқылатын сөздерді зейін қойып тыңдайды. Жылдам буынға бөліп, буынның қай түрі екенін айтады. Ережені де еске түсіріп, өтілген сабақты пысықтайды.

Сабақ критерийі
Кері байланыс парағы

Оқушылар күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады.

АШЫҚ САБАҚ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік алу
Міндеттері:
- сөйлем ішінен бірыңғай мүшелерді таба білу;
- жаттығу талдау барысында, адамгершілік, адалдық, әділдік қасиетерді қалыптастыру;
- өз ойларын жүйелі айта және жаза білуге үйрену;
- топпен ынтымақты түрде жұмыс жасау, құнды пікір айтуға үйрену;
- алған білімдерін өмірде қолдану.
Оқып-үйренудің нәтижесі:
- ережені жатқа біледі, мысал арқылы түсінігін дәлелдейді;
- ізгі қасиеттерді бойына жинайды,
- топпен ынтымақты түрде жұмыс жасайды, құнды пікір айтуға үйренеді;
- алған білімдерін өмірде қолданады,өз ойларын жүйелі айтуды, жазуды үйренеді.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақ типі: Шығармашылық-ізденіс
Сабақ үш фазадан тұрады:
1.Қызығушылықты ояту.
2.Мағынаны ажырату.
3.Ой-толғаныс.
Үш фазада қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1. Топтастыру.
2. Мен ереже айтайын,
Мысалменен дәлелдеп...
3. Қызықты бірыңғай мүшелер.
4. Сөйлемдер белгі сұрайды.
5. Кім айтып жіберер екен?
6. ББҮ кестесі
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Сөйлемдер жазылған плакаттар, қима қағаздар
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері. «Жүректен-жүрекке» Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін арнап, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Кейін бір, екі, үш деп санап, санға байланысты топқа бөлінеді.
Жаңа сабаққа кіріспе: /Қызығушылықты ояту/
Бірінші топ. «Білім»
Екінші топ. «Денсаулық»
Үшінші топ. «Бақыт» Әр топпен сұхбат жүргізіледі. Топпен әңгімелесе отырып, бар ынтаны сабаққа аударамын.
Жаңа сабақтың мағынасын ашу: /Мағынаны ажырату/
Жоспар:
1. Мен ереже айтайын,
Мысалменен дәлелдеп...
2. Қызықты бірыңғай мүшелер.
3. Үш топқа үш тапсырма.
4. Сөйлемдер белгі сұрайды.
5. Кім айтып жіберер екен?
6. ББҮ кестесі

1. Мен ереже айтайын,
Мысалменен дәлелдеп...
Бұл бөлімде оқушылар өтілген тақырыптарды, ережелерді еске түсіріп, мысалмен дәлелдеп айтып шығады.
1. Бастауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Баяндауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
3. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.Мысал келтір.
4. Толықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Анықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
6. Пысықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір
7. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Мысал келтір

2. Қызықты бірыңғай мүшелер.
Оқушылар кітаптан ережені оқиды. Түсінгендерін постерге сызып, топ ішінде талқылап, кейін әр топтан бір немесе екі оқушыдан тақтаға шығып қорғайды.Тақтаға бірыңғай мүшелерге байланысты жазылған плакат ілінеді. і Оқушылар сөйлемдерді талдайды. Бірыңғай мүшелерді табады. Плакатқа жазылған сөйлемдер төмендегідей:
1. Абай, Біржан, Ербол, Әйгерімдер тысқа шығып, оларды аттандырып жатыр.
2. Жел дүрілдейді, ысқырады.
3. Дала қызыл, сары, көкшіл түстермен құлпырып тұр.
4. Тау мен тасты су бұзады.
5. Ол хатты асықпай, баппен, жақсылап оқып шықты.
3.Үш топқа үш тапсырма.
Үш топқа үш жаттығу беріледі. Мәтіннің ішінен бір-бір сөйлемді тақтаға жазып, сөйлем мүшесіне талдатамын.
4.Сөйлемдер белгі сұрайды.
Оқушылар тақтаға ілініп қойылған сөйлемдерге тыныс белгісін қойып, бірыңғай мүшелерді табады.
Сөйлемдер белгі сұрайды.
1. Адамның үндері дауыстары дүрсілдері естіледі.
2. Әуе тып-тыныш тап-таза жібектей жұмсақ.
3. Орта бойлы ақ құба жігіт алдымыздан шықты.
4. Күрілдеп қырылдап ауыр дем алып біздің ғасырдың алыптары алдымызда тұр.
5. Биылғы қыстың басы адамға да малға да әзір аса жайлы болып тұр.
6. Асылбек Жиренше Ерболдар да Базаралыға қадала қарап хабар күтті.

5.Кім айтып жіберер екен?
Бірыңғай мүшелері қанша? Тиісті тыныс белгісін қойыңдар.

Талап еңбек терең ой Жұмыста да соғыста
Қанағат рақым ойлап қой – Ақылыңды ашу қыспасын.
Бес асыл іс көнсеңіз. Ашушаң болсаң, сол қолың
Абай. Оң қолыңды ұстасын. ( Жамбыл)

Кітапты сүйіңдер. Ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді... ол өзіңді де өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл-ойың мен жүрегіңді бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады.
М. Горкий

6.БҮҮ кестесі
Оқушылар сабақта не үйренді, нені үйренгісі келетінін жазып шығады.
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді


Сабақты қорытындылау: /Ой-толғаныс/
Даналық сөзден дән ізде.
«Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу –сатқындық белгісі.»
Б. Момышұлы
Бағалау:1. Оқушы білімін бағалау.
2.Оқыту әрекетін бағалау.
Үйге тапсырма: Бірыңғай мүшелерді қатыстыра отырып, сөйлем құрау. Тәрбие.орг сайтынан Осы күнгі айтыстар Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ералиева Қалдыгүл Абдімомынқызы

Пікірлер: 0

avatar