Меню
Артқа » » » » Материал жариялау
Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі.
  • 26.10.2016
  • 402 Көрсетілім
  • Талқылау
  • Жарияланған материалдың жеке номері: 19806

Сабақтың мерзімі: 29.10.2014ж.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
а)білімділік: оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру, «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі туралы толық мәлімет беру.
ә)дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын дамыту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б)тәрбиелік: туған елін, жерін,Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Сабақтың әдісі:Топтық жұмыс, « БББ» кестесі, «Сұрақтар шеңбері»,АКТ, поэзия минуты, «Жалғасын тап» әдісі, рефлексия, мәнерлеп оқу әдісі.
Күтілетін нәтиже: ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет біледі, өлеңді мәнерлеп оқи алады, өлеңнің құрылысына талдау жасай алады.
Кіріктірілген модульдер: СТО, АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Сабақтың барысы:
а)Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Кезекші мәлімдемесі.
3.Топқа бөліну. Әр топ өз топбасшысын белгілейді,олар сабақ барысында оқушылардың еңбегін топтық бағалау парағына белгілеп отырады.
1-топ. « Астана» тобы.
2-топ: «Алматы» тобы.
3-топ: «Шымкент» тобы.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ә)Үй тапсырмасын сұрау. «Сұрақтар шеңбері» әдісі бойынша әрбір топқа бірнеше сұрақтар беріледі.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бірнеше сұрақтар жазылған.
1-сұрақ: Шәкәрім ақын қайсы жылдары жасады?
2-сұрақ: Борыш деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?
3-сұрақ: Ақын өз өлеңінде адамдардың бойында қандай қасиеттердің болғанын қалады?
4-сұрақ: Ақын жастарға қандай мұра қалдырған?
5-сұрақ: Шәкәрім ақынның тағы қандай өлеңдерін білесің?
6-сұрақ: Ақ жолдан айныма, ар сақта, - деген жолдарды сен қалай түсінесің?
7-сұрақ: Ақынның туылған жері қалай аталады?
8-сұрақ. Ақынның ұстазы кім?
9-сұрақ: Шәкәрәмнің аудармаларын білесің бе?
10-сұрақ: Ақын Абайдың неше қара сөзі бар?
5. Оқушылар ақын Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін жатқа айтады.
Үй жұмысын бекіту: Оқушылар « БББ»кестесін толтырады.
Білемін. Білгім келеді. Білдім.





Тұлғаны тану.(Бейнеролик)
Тірек-сызба.
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. (мағынасын ашу).
Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқыту. (мағынасын ашу).
«Шығамын тірі болсам адам болып».
Шығамын тірі болсам адам болып,
Жүрмеймін бұл жиһанда надан болып.
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң – жарық күнде сәуле қуған,
Алуға күнді барып белді буған.
Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес,
Тебем деп тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өзіме-өзім еткен егес!

Топтық жұмыс.
1-топ: «Астана» тобы. Ақын адам бойындағы қандай қасиеттерді жақсы деп есептеді?
2-топ: «Алматы» тобы. Адами қасиеттерге кері әсерін тигізетін жаман әдеттерді топтастыру.
3-топ: «Шымкент» тобы. Өлеңнің идеясы қандай?
Әрбір топтың жасаған ұжымдық жұмысын өздері «от шашу» қол белгілерімен білдіріп, баға беріп отырады. Арнайы мадақтау жасалады.
Жаңа сабақты пысықтау.
Поэзия минуты. Үш топ оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқиды.
1-топ: «Шәкірт ойы»,
2-топ. «Туған еліме»,
3-топ. «Асыл сөз» өлеңдері.
6.Сергіту сәті. «Жалғасын тап» әдісі арқылы оқушылар екі-үш минут сергіп алады.
Құлақтан кіріп ------------ ------------,
Жақсы ән мен ------------ ------------.
Көңілге түрлі ---------- ------------,
Әнді сүйсең ----------- ------------.
Дүние ойдан -----------------------,
Өзімді өзім -----------------------.
Көңілім әнді ----------------------.
Жүрегім бойды --------------------
*****************************************************************************
7.Сабақты қорытындылау. Рефлексия.
Оқушылар сабақ соңында өздерін адам бейнесіндегі стикерлерді«Даналық ағашының» бұтақтарына ілу арқылы бағалайды. Стикерлер жоғары бұтақта болса, 4-5, төменгі бұтақта болса, 3 деген бағалар болады.

Топтық бағалауды және өзін-өзі бағалауды ескере отырып, жиынтық бағалау жасаймын.
8.Үйге тапсырма беру:
С.Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңін жаттау, өлең мазмұнына сүйене отырып, «Ақынның арманы – білімді ұрпақ» тақырыбында ой толғау жазу. Тәрбие.орг сайтынан Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі. Әдебиеттен ашық сабақтар материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.org сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Бекжанова Айсулу Ермахановна

Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені "Ынтымақ" жалпы орта мектебі қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Ұнады ма? Достарыңмен бөліс. Қалаған әлеуметтік желінің үстін бас

Бөлімі: Әдебиеттен ашық сабақтар | Логин: жони
Көрсетілім: 402 | Жүктеулер: 1
Барлық пікірлер: 0
avatar